МЕМЛЕКЕТ ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ АРАСЫНДА СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ

Қоғамда билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет. Бұл ел дамуының өзегі болмақ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының түйіні осы: «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» деп аталған құжатта Президент заман талабына сай мемлекет құру үшін алдымен азаматтардың барлық өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігін алға тартты.

Бұл — «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» құрудың алғышарты. Саяси жүйенің бұл формуласын Қ.Тоқаев қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет құрудың және оның тұрақтылығының негізі деп атады. Ал заман талабына сай тиімді мемлекет құру үшін қоғамға бірнеше талап қойылды. Оның біріншісі — партия құрылысы үдерісін жалғастыру болса, екіншісі — халықпен тиімді кері байланыс орнату.

Ал қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, ең алдымен, мемлекеттік органдардың міндеті екендігі айқын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік органдар алдына маңызды міндеттер қойды. Соның бірі — тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, тұрғындармен кері байланыс орнату. Яғни, халықтың қажеттілігіне уақытында шұғыл көңіл бөлу, ашықтық, диалогқа дайын болу мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығы болуы керектігін баса айтты. Бүгінде Президент Әкімшілігінде азаматтардың өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын арнайы бөлім ашылды, бөлім арқылы кері байланыстың өңірлерде қалай жүріп жатқаны, қай бағытта жұмысты күшейту керектігі жөнінде үнемі ұсыныс беріліп отырылады.

Бұл –еліміз үшін өте үлкен бастама. Кеңестің мемлекет дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз. Диалог алаңы қазіргі қоғамға қажет. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру – үлкен шаруа. Бұл мемлекетке емес, халыққа қажет деп есептеймін. Кеңес арқылы билік пен халық арасында байланыс орнайды. Кеңес мүшелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсінеді деп сенемін.

Ең бастысы, кеңесті Президент өзі басқарады, демек атқарылатын шаруалар 100 пайыз нәтижелі болмақ.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ,

облыстық «Ақжол» газетінің тілшісі,

ҚХА Журналистер клубының мүшесі,

ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының өкілі

ОБЛЫСТЫҚ «БІРЛІК» ЖАСТАР ЛАГЕРІНІҢ ҮШ КҮНДІГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2023 жылдың 23 шілдесінде өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Меркі ауданы «Тұран» демалыс орталығына облыстық «Бірлік» жастар лагеріне аттанған болатын.

Бүгін, аталмыш лагерьдің үш күндігі аяқталып, жабылу салтанаты өтті.

Үш тәулік бойы жастар әртүрлі іс-шаралар мен тренингтерге, сергіту ойындарына белсене қатысты.

Жастарға рухани азық беріп, шабыттандырып қанаттандырған жазғы демалыс жоғарғы деңгейде бағаланды.

Жабылу салтанатында өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сертификат табыстады.

Сонымен қатар, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тұрдыева Хамида Қаһаржанқызы да сөз сөйлеп, лагерьді қорытындылады.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, естелікке суретке түсіп, көңілді күйде тарқасты.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ОБЛЫСТЫҚ ЛАГЕРЬ ЕКІНШІ КҮНГЕ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін «Бірлік» облыстық жастар лагерінің екінші күні де сәтті өтті.

Бүгінгі күн таңғы сергітерлік жаттығудан бастау алды.

Таңғы астан соң жастар қауымы «Тіл-бірлік құралы» атты коучингке қатысты.

Алдымен үш топқа бөлініп берілген тақырыпқа сай(қазақ ертегіле) шағын көрініс көрсетті. Сондай-ақ қазақ тіліндегі сөздердің аударма

Күннің екінші жартысында бөлінілген топтар арасында «Этноквест» ойындары өтті.

Сонымен бірге, лагерь қатысушылары түрлі спорттық ойындарм мен жүзу жарысына да белсене атсалысты.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ТҮРЛІ КӨЗҚАРАС, БІРАҚ БІРТҰТАС ҰЛТ

Ұлан ғайыр атырапты алып жатқан қазақ жері қандай кең байтақ болса, оны мекен еткен халқының да пейілі сондай кең-дархан.

Дана халқымыз «бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», — деп бекер айтпағанын байқаймыз. Оған себеп Қазақстан әртүрлі этностың бейбітшілікте өмір сүретін ел болып әлемге танылуы. Олар бір атаның баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті күн кешуде.

Қаншама жылдан бері ынтымақта, бірлікте өмір сүріп келуі қазақ халқының қонақжай екендігін көрсетеді.

«Түрі басқа болса да, тілегі бір. Жүзі басқа болса да жүрегі бір», — дей отыра ұлты, діні, тілі, ділі, салт-дәстүрі қандай болмасын түсіністік танытып, теңдей қарап, құрмет көрсетуде. Біздің әрқайсысымыздың көзқарасымыз әр алуан болса да біртұтас ұлт болуда тыңбай еңбек етіп келеміз. Мен Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғырлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған игі істер мен шаралардың барлығына атсалысып келемін. Өзімнің өмір жолымда байқағаным, біздің елімізде өмір сүретін қаншама этнос өкілдері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруда қажырлы еңбек етіп келеді.

Этномәдени бірлестіктің басқаруда ҚХА-ның қоғамдық жұмысына белсене атсалысуға үндеп отырамын. Себебі бір ғана Отанымыз бар, оның әр тасы, суы да, құмы да қымбат. Оның салтын,дәстүрін сыйлау-баршамыздың парызымыз. Өңіріміздегі Достық үйінде өтетін барлық шараларда белсенділік танытып келеміз. Біртұтас ұлт екеніміздің тағы бір дәлелі- баршаға ортақ «Алғыс айту күні» , «Наурыз», «Қазақстан халқы бірлігі күні» мерекелерінде өңірдегі барлық этнос өкілдерімен жұмылып, өзімізге берілген міндетті татулықта атқарып шығамыз. Бұл деп отырғанымыз, түріміз,пікіріміз, ойымыз басқа болса да біртұтас ұлт болуда мұның барлығы бір арнаға тоғысады.

Көпэтносты ел болу – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.

Ұлтаралық татулық пен келісім – ұлттық идеяның негізгі өзегі болып табылады. .

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ.

 

Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғырлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЛАГЕРЬДІҢ ҮШ КҮНДІГІ БАСТАУ АЛДЫ

2023 жылдың 23 шілдесінде Меркі ауданы «Тұран» демалыс орталығына өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері үш күндік облыстық “Бірлік” жастар лагеріне жол тартты.

Іс-шараны аймақтық ҚХА-ның жыл бойы қарқынды еңбек пен танымды таланттарымен танылған жастары үшін «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Жастар форумының ашылу салтанаты аталмыш бірлестіктің мүшелері мен жетекшісінің қатысуымен, және жастар шығармашылық ұжымының өнер көрсетуімен жоғары деңгейде өтті.

Жастардың көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін ұйымдастырушылар тарапынан арнайы жоспар құрылды.

Жоспар бойынша лагерьдің бірінші күнінде бірлестіктің жастары үш топқа бөлініп, топтық ойындарға белсене қатысты.

Күннің екінші жартысында жастарға бүгінгі күнгі жас буындар арасындағы және қоғамдағы басты мәселелер мен тақырыптарға байланысты әлеуметтік ролик көрсетілді. Көрермен назарына ұсынылған роликтер талқыға түсіп, бірлестік мүшелері өзара талқылады.

Алдағы күндерге де қойылған жоспар бойынша қызықты іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Шекара әскерлері күзететін және қорғайтын ең қиын және жауапты бөлім- мемлекеттік шекара болып табылады. Шекарашылар өз елінің азаматтарының қауіпсіздігі мен өмірі үшін үлкен жауапкершілікке ие. Олар шекараны бұзу әрекеттерін тоқтатып, шұғыл қажет болған жағдайда бірінші болып жекпе-жекті қабылдайды және ең маңызды сәтте олардың кәсібилігі, батылдығы, үйлесімді әрекеттері бәрін шешеді.

ҚХА Аналар кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметшілермен, мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 19 шілдесінде Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Аракси Плетнева, облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, Ауғанстандағы соғыс ардагері Дүкенбай Ермекбаев үш заставада қызмет ететін шекара сарбаздарымен кездесті.

Кездесулер ашық диалог түрінде еркін форматта өтті.Қатысушылар отансүйгіштік, Отанды қорғау туралы әңгімелесті әңгіме қозғап,қызметтері туралы да өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Шекарашыларға қонаққа келгендер Отан шекарасының қорғаушылары қалай өмір сүріп қызмет ететінін өз көздерімен көрді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Шекара әскерлері күзететін және қорғайтын ең қиын және жауапты бөлім- мемлекеттік шекара болып табылады. Шекарашылар өз елінің азаматтарының қауіпсіздігі мен өмірі үшін үлкен жауапкершілікке ие. Олар шекараны бұзу әрекеттерін тоқтатып, шұғыл қажет болған жағдайда бірінші болып жекпе-жекті қабылдайды және ең маңызды сәтте олардың кәсібилігі, батылдығы, үйлесімді әрекеттері бәрін шешеді.

ҚХА Аналар кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметшілермен, мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 19 шілдесінде Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Аракси Плетнева, облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, Ауғанстандағы соғыс ардагері Ермекбай Дүкенбаев үш заставада қызмет ететін шекара сарбаздарымен кездесті.

Кездесулер ашық диалог түрінде еркін форматта өтті.Қатысушылар отансүйгіштік, Отанды қорғау туралы әңгімелесті әңгіме қозғап,қызметтері туралы да өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Шекарашыларға қонаққа келгендер Отан шекарасының қорғаушылары қалай өмір сүріп қызмет ететінін өз көздерімен көрді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА

Ағымдағы жылдың 19-20 шілде аралығында Талас ауданына “Бейбітшілік пен келісім” жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері жұмыс сапарымен жол тартты.

Жұмыс топ құрамында облыс әкімдігінің ІСБ қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева мен аталмыш мекеменің бірқатар қызметкерлері мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали бар.

Олар бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында түрлі іс-шараларға қатысты. Мәселен, Қаратау қаласында орналасқан Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Мұнда қатысушыларға өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің жұмысы таныстырылып, кеңінен ақпарат берілді.

Бұдан соң, Талас аудандық этномәдени бірлестік өкілдерімен де кездесу жалғасты.

Қатысушылар қатарында- Неміс мәдени орталығының төрағасы Валерий Рихтер, Славян этномәдени орталығының төрайымы Надежда Некрасова, Корей этномәдени орталығының төрайымы Людмила Тен, Күрді мәдени орталығының төрағасы Хамза Мустафаев болды.

Кездесу барысында түйткілді мәселелер қарастырылды. Бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында әңгімелер де қозғалды. Жиынға қатысушылар көкейтесті сұрақтарын да қойып тыңғылықты жауаптарын алды.

Ал, Қасқабұлақ ауылдық округінде ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің сарапшылары Жазира Шілдебаева мен Рианна Жалпанова этнос өкілдері арасында әлецуметтік сауалнама жүргізіп, фокус-топтық зерттеулер жасады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2023 жылдың 18 шілдесінде «Қоғамдық келісім» КММ-де Облыс әкімі аппаратының басшысы, өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Мәди Мейірбекұлы Мәтен аймақтық ҚХА кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Жиынның модераторы- ​ өңірлік ҚХА мүшесі және ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары – Ғұлам Умаров болды.

Ең алдымен қатысушылар М. Мәтеннің өмірбаянымен таныстырылды.

Бұдан соң, Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева этномәдени бірлестік жетекшілерінің ақпараттық-түсіндіру және қоғамдық келісім жұмыстарындағы белсенділік туралы және Достық үйінің түйткілді мәселелері жайлы кеңінен айтып берді.

Іс-шара бейресми, еркін форматта өткізілді.

Кездесу барысында өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарлары – Ғұлам Умаров пен Асқарбек Сейлханов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы Абдрахман Зайнутдинов, Жамбыл облыстық «Шиват-цион» Еврейлер мәдени орталығының төрайымы Людмила Корнилина және «Қазақстан Татарлары мен Башқұрттары конгресі»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Фарида Нақыш сөз сөйледі.

Сонымен бірге, өңірлік «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Айгүл Кәбиқызы, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекші Хамида Тұрдыева бірлестіктердің жұмысы жайлы ақпарат беріп, пікір, ұсыныстарын білдірді.

Қатысушылар ҚХА мен этномәдени бірлестіктер жұмысының өзекті және перспективалы бағыттарын, жастармен жұмыс, мемлекеттік тілді үйрену, еріктілік туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ЭТНОМЕДИАТОРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2023 жылдың 14 шілдесінде Тараз қаласында этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел анықтауға, уақытылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қабілетті этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша 5 күндік семинар-тренинг аяқталды.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығы өткізді.Сабақтың соңғы күнін ресейлік саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы Андрей Манойло өткізді. Жаттықтырушы тыңдаушыларға этномедиатор жұмысының әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін ашып айтты.Спикер өз сөзінде этносаралық қақтығыстарды шешудің, әдістері мен практикасына, келіссөздер жүргізу тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының 50-ден астам қатысушысы сертификат алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі