ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

 

Құрметті Отандастар, жерлестер!

Сіздерді, өңірлік ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылымдары, облыс әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ атынан ел егемендігі заңды қабылданған айтулы датамен шын жүректен құттықтаймыз.

16 желтоқсан — ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тарихқа көз жіберетін болсақ, 1986 жылдың желтоқсаны алаңға шыққан жастардың ерік-жігерінің арқасында егемендік алған елдің бейбітшілігі салтанат құрған сәулелі уақыты.

Тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың қолы жетпеген сайын асылға айналған, орындалмаған арманы еді. Біз, ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған, халқы қайғы-қасіретке қарамастан уақыт сынына қасқайып тұра білген қайратты мемлекетпіз.

Азап пен төзімнің өтеуі, халықты сан ғасырлар бойы зарықтырған заманның жауабы, қанына сіңген еркіндікті аңсаған ата-бабаның орындалған орны бөлек арманы. Бүгінде егеменді ел ретінде танылғанымызға отыз жылдан асып отыр.

Біз үшін қастерлі де қадірлі саналатын Тәуелсіздіктің тұрақты болуының бір көрінісі 140-тан астам ұлт пен ұлыстың бүгінгідей алмағайып уақытта тонның ішкі бауындай ымыралы өмір сүруінде. Себебі, бірліктің берекеге бастайтыны баршамызға мәлім.

Ендігісі Егемен еліміздің басына қонған бағы баянды болса екен деген ыстық тілек. Бұл жолда еліміздің әрбір азаматы мен азаматшаларына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев айтқандай ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек тілейміз.

Ел мерейі үстем боп, азаттықтың ақ туы көгімізде мәңгі желбіресін!

 

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева

бастаған ұжым

«Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Ел Тәуелсіздігіне 32 жыл толды. Атаулы мерекеге орай Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Тараз қаласындағы «Тәуелсіздік» моніментіне гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырды. Салтанатты рәсімге облыстық этнос төрағалары мен өкілдері қатысып, гүл шоқтарын қойды.

 

«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі ‎

Құрметті жерлестер, қазақстандықтар! Атаулы мерекеміз құтты болсын!

Құрметті жерлестер, қазақстандықтар! Атаулы мерекеміз құтты болсын!

Тәуелсіздік күні – бұл жетістіктер мен сын-қатерлерге терең талдау жасау мүмкіндігі. Бұл жаңа дәстүр аясында, пафоссыз және формализмсіз жылдың саяси, экономикалық және әлеуметтік қорытындыларын шығаруға себеп болады.

Бұл әрбір азаматтың еліміздің дамуындағы жауапкершілігін, оның рухани құндылықтары мен материалдық әл-ауқатын нығайтудағы қызметін тағы да атап өту үшін маңызды сәт.

Ел бірлігі мен тірлігі бекем болсын!

 

Динара Хатамовна Нуралиева, Республикалық Дүнгендер қауымдастығының белсенді мүшесі, Тараз қалалық 34-мектептің директоры

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, қымбатты жерлестер, қадірлі Отандастар!

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, қымбатты жерлестер, қадірлі Отандастар!

Тәуелсіз мемлекет – жауапты ұлт және халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппарат.

Сондықтан біздің саяси жүйемізде әлеуметтік сұраныстар мен қоғамдық пікір шешім қабылдау процесіне енгізілген.

Тәуелсіздік күні – бұл өз өмірін халқымыздың бостандығы мен егемендігі үшін күреске арнаған ұлттық тұлғаларды – батырлар, алашордашылар, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, желтоқсаншыларды еске алатын күн. Олардың барлығы туған жерді сыртқы агрессиядан қорғады, мемлекеттілігімізді нығайтты, ұлттың басты арманы – егемен мемлекетті жүзеге асыруға жол ашты.

Ендеше, еліміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын!

 

Танзиля Апаева, республикалық «Бірлік» Қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің Жамбыл облысындағы «Архыз» филиалының беделді мүшесі, облысқа танымал жоғарғы санаттағы білікті дәрігер.

Егеменді еліміздің әбден бұғанасы қатып, түпқазығы бекіген Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын, Отандастар, жерлестер!

Егеменді еліміздің әбден бұғанасы қатып, түпқазығы бекіген Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын, Отандастар, жерлестер!

Біздің қазіргі заманғы құндылықтарымыз отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білім мен ғылымға деген құштарлыққа, жоғары моральдық қасиеттерге және Қазақстанның ұлттық тарихи тұлғалары – батырлардың, жауынгерлердің, ойшылдардың, мемлекет қайраткерлерінің жанқиярлығына негізделген.

Бұл жоғары басымдықтар тәуелсіздіктің жаңа буыны үшін мінез-құлық үлгісін қалыптастыратын «Адал азамат» президенттік тұжырымдамасының негізін қалады.

Бұл халық мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті және нағыз құрметке лайық патриоттарды қалыптастырады.

Бірлігі бекем, тірлігі көркем еліміздің азаттығы мәңгілік болсын!

 

Айваз Магадиевич Османов, Меркі аудандық «Ахыска» этномәдени бірлестігінің төрағасы

Мен, Жамбыл облыстық «АХЫСКА» Түріктер этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Аббосов, барша қазақстандықтар мен өз жерлестерімді бүгінгі маңызды мереке — ТӘУЕЛСІЗДІК күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мен, Жамбыл облыстық «АХЫСКА» Түріктер этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Аббосов, барша қазақстандықтар мен өз жерлестерімді бүгінгі маңызды мереке — ТӘУЕЛСІЗДІК күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – бұл көпвекторлы стратегияны іске асыру арқылы сыртқы саясаттағы ұлттық мүдделерді қорғау.

Екінші жағынан, тұрақсыз геосаяси ахуал жағдайында Тәуелсіздіктің қасиетті идеясы басты құндылыққа айналады, оны Қазақстан халқының бірлігі қағидаты бойынша нығайту қажет.

Қазіргі уақытта қоғамды әртүрлі деструктивті күштер арқылы бөлу әрекеттері ерекше өткір мәселе боп тұр. Қазақстандық мемлекеттіліктің болашағы біздің қоғамымыздың тұтастығы мен бірлігіне тікелей байланысты болмақ.

Сондықтан да, бірлігіміз бен ынтымағымыз, ауызбіршілігіміз берік болсын, достар!

 

Облыстық «Ахыска» Түріктер мәдени орталығы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов

Құрметті қазақстандықтар! Қадірменді жерлестер! Отандастар!

Құрметті қазақстандықтар! Қадірменді жерлестер! Отандастар!

Бүгінгі мерейлі сәт — баршамызға аса маңызды Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні – бұл ұлтты ұйыстырудың, азаматтарды жекелеген оқиғалардың немесе салтанатты іс-шаралардың айналасында шоғырландыру мүмкіндігі.

Бұл біздің егемендігіміздің басты тірегі – Қазақстан мемлекеттілігінің төңірегінде бірігу сәті.

Біздің мемлекеттілігіміз тұрақты және қорғалған болса, біз ертеңгі күнге сеніммен қараймыз.

Мемлекеттілікке жасалған кез-келген қауіпті әрекет біздің болашағымызға төнген қауіп саналады.

Сондықтан да, қазақстандық біртұтастығымыз бекем болсын! Егеменді еліміздің іргесі бүтін, шаңырағы биік болсын!

 

Махкам Жұманазарұлы Орифов, республикалық Тәжіктер мәдени орталығының Жамбыл өңіріндегі филиалы төрағасы

Қадірлі жерлестерім — жамбылдықтар! Құрметті отандастарым — қазақстандықтар!! Қазақ елінің маңызды мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!!

Қадірлі жерлестерім — жамбылдықтар! Құрметті отандастарым — қазақстандықтар!! Қазақ елінің маңызды мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!!

Тәуелсіздік өздігінен нығая түспейді. Бұған, ұлтына, нәсіліне қарамастан Қазақстанның әрбір азаматы жауапты.

Елдікке қосқан нақты үлес – бұл тек еліне ғана емес, өзін-өзі дамыту, өзінің, отбасының және бүкіл қоғамның игілігі үшін өз саласында адал және қажырлы еңбек ету.

Тәуелсіздік күні өткен тарихымызға көз салып, қайта бағамдау маңызды. Біз жіберілген қателіктерді ескереміз.

Біздің басты міндетіміз – сыртқы факторлардың әсеріне, ақпараттық прокси-шабуылдарға және ішкі деструктивті күштердің әртүрлі көріністеріне қарамастан, біртұтас халық болып қалу.

Ол үшін біз заңды сақтауға, мемлекеттік тәртіпті құрметтеуге, ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын ұстануға, адам құқықтарын сақтауға және қоғамның поляризациясына жол бермеуге міндеттіміз.

Ел іші тыныш, сырты қорғаулы болсын! Жастарымызды үнемі патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп жүрейік, достарым!

 

Мухаббат Сайдуллақызы Миражапова, Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің беделді мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің сыйлы ардагері

16-желтоқсан еліміздің сан ғасыр армандаған егемендігіне жеткен ерекше күні

16-желтоқсан еліміздің сан ғасыр армандаған егемендігіне жеткен ерекше күні. Міне бүгін жерінің асты зор байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 32 жыл толғанына куә болып отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жемісті еңбек, толайым табыстар тілейміз

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.

Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі мәңгілікке ұлассын!

 

Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Асқарбек Ақылшаұлы

Биыл ел Тәуелсіздігіне 32 жыл!

Мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен асыл тілегі орындалып, жарқын болашақ пен үкілі үміті үстем болған күн. Егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашылған айтулы күн. Сондықтан бұл мереке Қазақстанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті де қастерлі.

Осынау айтулы күнде егемен еліміздің дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделінің биік болуын тілейінмін. Мерейлі мерекеміз құтты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Жамбыл облыстық «Манас Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев