Қазақстан сыртқы саясатта еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұлттық экономиканың дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды жалғастырады. Ұлу жылында мемлекетіміз үшін аса маңызды халықаралық шаралар өтеді. 2024 жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етпек. Жыл барысында Астанада осы халықаралық ұйымдардың жиыны өтеді. Оның ішінде, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының басқосуы мен Астана халықаралық форумын өткізу жоспарланған. Бұдан да өзге мәселелер көтерілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берілген сұқбаты үміт пен болашаққа деген нық сезімді оятып отыр. Махкам Орифов, Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі 2024 жылдың 3- қаңтарында Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында мемлекеттік қызметшілер – білімді, білікті, бастамашыл, тиянақты, тәртіпті, арлы және Әділетті Қазақстан идеясына адал азаматтар болуы шарт. Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатты берік ұстануы тиіс деді.

Бұл орайда, Президент қазақ елінің жастарына сенетінін баса айтты. Сондықтан билік құрылымындарына аға буыннның тәжірибесі де, жас ұрпақтың жаңа идеялары да керек.

 

Хамида Турдыева, Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары»

Қоғамдық бірлестігінің төрайымы

МЕМЛЕКЕТТІ ҚОЛДАУ-ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Қазақстан сыртқы саясатта еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұлттық экономиканың дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды жалғастырады.

Ұлу жылында мемлекетіміз үшін аса маңызды халықаралық шаралар өтеді. 2024 жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етпек. Жыл барысында Астанада осы халықаралық ұйымдардың жиыны өтеді. Оның ішінде, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының басқосуы мен Астана халықаралық форумын өткізу жоспарланған.

Бұдан да өзге мәселелер көтерілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берілген сұқбаты үміт пен болашаққа деген нық сезімді оятып отыр.

 

Махкам Орифов, Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы

ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ БІР КҮНІНДЕ

Еврей қауымының балалары үшін қызықты және тәрбиелік мәні бар іс-шара 2023 жылдың сенбісі —30 желтоқсан күні өткізілді.

Тараз қаласының «Хэсэд Полина» Еврейлер ұйымы оларға Облыстық драма театрына барып, «Қыс мезгілінің бір күнінде» ертегісін тамашалауға тамаша мүмкіндік жасады.

Сонымен қоса, спектакльді тамашалау арқылы балалар сиқырлы орманның өміріне еніп қана қоймай, балалар Ақшақар және орман жануарларымен бірге Аяз Атаны құтқару жұмыстарына қатысты.

Зұлым жалмауыз кемпір оны сиқырлап тастаған еді. Тек жалпы көпшіліктің күш-жігерімен ғана сиқырларды жоқ қылған балалар қауымы шыршаны киіндіруге және мерекені қарсы алуға көшеді.

Бұл ғажайып сенбідегі есте қалғаны — ертегілер елі мен сиқырлы орманға саяхат, жарқын жарық әсерлер ғана емес, бастысы, еврей балақайлары бұл күнді ата-аналарымен қызықты өткізді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БАЛАЛАРҒА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ТОСЫНСЫЙ

Жаңа жыл қарсаңында 30 желтоқсанда төрағасы Махкам Орифов бастаған Жамбыл облысының республикалық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барып тосынсый ұйымдастырды.

Кездесу барысында орталықтың тәрбиеленушілері де өз кезегінде қонақтарға жаңажылдық костюмдерін киіп, дайын тұрған мерекелік концертімен кері байланысқа шығып, әдемі ән-бимен өнерлерін көрсетті.

М.Ж.Орифов барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, зор денсаулық, амандық және оқуларына мол табыс тіледі.

Сондай-ақ, мерекелік торт, жаңажылдық сыйлықтар —түрлі ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.

Аталмыш орталықтың тәрбиеленушілері мерекелік концерттен кейін Тәжіктер этномәдени орталығына зор алғыстарын білдірді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БАЛАЛАР БАР БАҚЫТҚА ЛАЙЫҚ

Жаңа жылда қайырымдылық іс-шараларын өткізу Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері үшін игілікті дәстүрге айналған.

2023 жылғы 30-желтоқсанда Тараз қаласында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналып, «Grand Royal» мейрамханасында дәстүрлі жаңа жылдық қайырымдылық мерекесі өтті.

Оны Жамбыл облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы ҚБ ұйымдастырды.

Қайырымдылық акциясына қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығының (бұрынғы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі) 96 тәрбиеленушісі және 50 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты.

Аталған мейрамханада жас қонақтар үшін Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен жарқын және қызықты ойындарға толы бағдарлама дайындалды.

Сонымен қатар, мерекеге келгендер би билеп, ән айтып, тақпақ айтты. Мерекелік іс-шара мол дастарханға ұласты.

Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Жаңа жыл мерекесінде қайырымдылық шараларын өткізу арқылы балаларға қуаныш сыйлап жүргендердің қатарында Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де бар.

Мереке қарсаңында «Вынхуа» Жамбыл облысы Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының және Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығының өкілдері балаларға мерекелік жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.

Қордай ауданы, Сортөбе ауылында Жамбыл облысының «Вынхуа» Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының өкілдері мен жастар қайырымдылық шарасына атсалысты. Шара барысында жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ көп балалы отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтар табыс етілді, атап айтсақ, қысқы күртешелер, сөмкелер және т.б.

Сондай ақ, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында да балалар шыршасы өтті. Балаларға арналған жаңа жылдық шыршаны өткізуге Республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев, Полатқосшы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдухалил Маюфи және басқалар белсене қатысты.

Ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен қызықты жаңа жылдық қойылым балаларға ерекше әсер қалдырды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ПОЛИЭТНОСТЫ КОМАНДАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЖАРЫС

Бүгін, желтоқсан айының 28-күні Жамбыл облыстық Қан орталығында өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры Ғұлам Умаровтың ұйымдастыруы және жетекшілік етуімен «Махаббаттың 99 рецепті» атты үздік кулинарлық тағамдар тақырыбында жаңажылдық байқау өтті. Қазылар алқасының құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева да болды.

Қан орталығында жаңа жылдық жарыстар жылдан жылға түрленіп отырады.

Атап өтейік, аталмыш жарыс көпэтносты командалар ортасында өтті.

Ерекше тақырыпта өткен аспаздық сайыста 6 команда жеңіске таласты. Сайыс нәтижесінде І,ІІ,ІІІ-орын иегерлері анықталды. Бұл жолғы сайыста ең дәмді тағамдар ұсынған топтар жеңімпаз атанды және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жүлдегерлерге «Қоғамдық келісім» мекемесінің атынан облыстық ҚХА туралы кітап-жинақтар сыйға тартылды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін, 28-желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары, педагогтер мен қоғамдық бірлестік өкілдері бар.

Аймақ басшысы түрлі сала өкілдеріне елеулі, әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік марапат иегерлерінің ішінде «Жамбыл облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айша Идыбо Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалін және Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ “Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Утепова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасын алды.

Еңбектері жанып, мерейлері үстем болған әріптестерімізді бүгінгі бағындырған белестерімен шын жүректен құттықттай отырып, әрқашан сәттілік серіктеріңізге айналсын, шығар шыңдарыңыз биік болсын деп

«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы атынан тілек білдіреміз!

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын!

Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Жаңа жыл жақындаған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер жылға дайындық жасаймыз. Ұлу жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр жылдың өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін!

Зуфаров Ибрагим Хуршудович, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Жұмыстарыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болсын.

Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-берекенің болуын тілеймін! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын!

Жаңа жыл амандық, арманның орындалуы және табысты болашаққа үміт әкелсін. Сәттілік бәріне адал серік болсын!

Отбасыларыңызға бейбітшілік, келісім, жақсылық, бақыт тілейміз!

Айгүл Қабиева, Жамбыл облысы ҚХА мүшесі,«Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары