Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!

Жыл құсындай болып жеткен көктемнің алғашқы мерекесі саналатын бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қарсы алады.

2016 жылдан бері тойланып келе жатқан Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтарға арналған, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді, еліміздің бірлігі мен тыныштығын айшықтайтын жалпыұлттық мереке.

Бұл күн – тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленген түрлі этнос өкілдерінің қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі.

Сондай-ақ, 1 наурыз – ҚХА-ның келісім және этносаралық өзара ықпалдасу институтының құрылған күні болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында ынтымақтастық пен өзара қамқорлық сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенімін қалыптастырды.

Баршамызды қайырымдылыққа, мейірімділікке, жақсылыққа үндейтін осынау мерекеде әр отбасыға бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!

Егемен еліміздің бірлігін нығайту мен берекесін еселеу жолындағы игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын!

 

Мухабат Турдыева, Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы Ұйғыр этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы

ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК ЫНТЫМАҚ НЕГІЗІ

Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Достық пен бірлік ынтымақ негізі» атты тәрбиелік іс- шарасы өтті.

Балалардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы кеңес беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту іс-шараның басты мақсаты.

Сондай ақ, жиын барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың атап өтетінін айтып, бір-біріне және қуғын-сүрінге ұшыраған халықты бауырындай қабылдаған қазақ халқына ризашылық білдірді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАСА» ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ

2024 жылғы 21 ақпанда ZOOM платформасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкиннің қатысуымен Республикалық әдістемелік кеңестің онлайн-отырысы өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ, өңірлік Достық үйлерінің қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу тәсілдерін жандандыру, ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлерінің қызметін қайта форматтау мәселелері қызу талқыға түсті.

Іс-шараның ең маңызды сәті — ҚХА мақсаты мен міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарының жобасын ұсыну болды. Бұл жоба этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыруға, жүйелі жоспарлауға және неғұрлым тиімді өзара іс-қимылға бағытталды.

Сонымен қатар, аудитория үшін Қоғамдық келісім КММ қызметін бағалау тетігі, жаңа жүйедегі қоғамдық аккредиттеу ережелері, «Алғыс айту» күніне арналған «Арайлы Атамекенім» челленджін орайлы өткізу сөз болды.

Сондай-ақ, алдағы «Алғыс айту» мейрамы тек этнос өкілдеріне ғана емес, жалпы бүкіл қазақстандарғв қатысты екені де баса айтылды. Жалпы, Ғалым Нұрмағамбетұлы ҚХА Баспасөз қызметінің жұмыстарына да жаңашылдық ендіруді тілге тиек ете келе өңірлік КММ жұмыстарының жаңа жүйелерін таныстыру барысында түсінікті де, көңілге қонымды бағыт-бағдар берді.

Оңтайлы отырыс барысында мәдениетаралық өзара іс-қимылды, этносаралық коммуникацияларды кеңейту, этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық отбасына біріктіру, мемлекеттік тіл, іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы да нақты тапсырмалар қатары талқыланды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

2024 жылдың 16 ақпанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ өңірлік

2024 жылдың 16 ақпанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ  өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ және Ш.Мұртаза атындағы  Халықаралық Тараз инновациялық институты студенттерімен бірлесіп,  Алғыс айту күніне орай бірқатар игілікті іс-шараларды  өткізді.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Давришев

Облыстық «Ахыска» Түріктер этномәдени орталығы  қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Давришев Махмуджон Мираддинович Алғыс айту күні мерекесімен құттықтайды!
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен құттықтаулар акциясы басталды

Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен  құттықтаулар акциясы  басталды.
Соның бірегейі — 2019 жылдан бері аталмыш мекемемен қолға алынып, ілгерілетіліп келе жатқан  облыстық  «Ассамблея бөбектері» жобасы.
Аталмыш жоба аясында  Тараз қалалық  №33  «Айсәуле»  бөбекжай-балабақшасындағы өзге этнос өкілдерінің бүлдіршіндері өз туған еліне, жеріне мемлекеттік тілде алғыс айтты.
Жалпы, “Ассамблея бөбектері” жобасы мен бұл құттықтау акциясының мақсаты — жас ұрпаққа «Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру, «Ассамблея бөбектері» жобасы бойынша «достық үйі»,  «ассамблея», «этнос», «алғыс айту» деген ұғымдар жөнінде бүлдіршіндердің түсініктерін бекіту, бейбітшілік, достық, бірегейліктің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, оның әлеуметтік мәнділігін ұғындыру.
Сондай-ақ, балабақша бөбектерінің түрлі іс-шараларда өз өнерін, қабілетін көрсетуі арқылы белсенділіктерін арттыру, таланты мен талабын зерделеу, балаларды өзін-өзі тануға, өзін құрметтеуге үйрету, өздерін жеке тұлға ретінде көрсете білуге дағдыландыру.
Бұған қоса, өз туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастырып, сүйіспеншіліктерін арттыру және халық бірлігін нығайту, этносаралық ынтымақты сақтау.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Әжемнің ертегісі

Алғыс айту күні қарсаңында  биылғы жылдың 14 ақпанында “Халықаралық кітап сыйлау” күніне орай “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен республикалық «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында облыстық «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы Аналар кеңесінің өкілдері №33  «Айсәуле»  бөбекжай – балабақшасының бүлдіршіндеріне түркі халықтарының ертегі кітаптарын
сыйлады.
Бұл жобаның мақсаты — балабақша тәрбиеленушілеріне  қазақ халқының халық ауыз әдебиеті және этностар  ертегілері және ондағы кейіпкерлермен таныстыру арқылы  ұлттық рухани біліммен қаруландыру. Тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеруді ілгерілету, әже мен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру, этностар әдебиеті, мәдениетімен таныстыру.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЖАСТАР — ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ БІРЕГЕЙ БЕЙНЕСІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың этносаралық қатынастарды нығайту және ҚХА-ның жоғарғы, орта оқу орындарымен жұмысты күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылғы 16 ақпанда Достық үйінде «Ассамблея жастары» РҚБ, «Қоғамдық келісім» КММ және Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық мемлекеттік университеті бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған бірқатар іс-шараларды өткізді.

Алғашқы іс-шара Достық үйіне экскурсиядан басталды. Оны Көрме залының меңгерушісі Жазира Шелдебаева өткізді.

Қатысушылар мекеменің жұмысы туралы анығырақ біліп, этностардың көрме экспонаттарын тамашалады.

Екінші іс-шара «Бір халық, Бір ел, бір болашақ» деп аталды.

Бұл іс-шара екі алаңда өтті. Бірнші алаңның спикерлері өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейлханов, ректордың кеңесшісі Асқар Абдуалы, ҚХА Ғылыми зерттеу тобының өкілі Парида Мамедова болды.

Екінші алаңның спикерлері — «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Тұрдыева, «Қазақстандық Татар және башқұрт конгресі» РҚБ филиалының жетекшісі Фарида Нақыш.

Спикерлер тарапынан мемлекеттік саясаттың басымдықтары, жаңа, әділ Қазақстанның құрылысы, халық үніне құлақ асатын Мемлекет, этносаралық қатынастар, теңдік пен азаматтық құқықтар, бірлік пен келісімді нығайту, ассамблея тарихы мен жұмысы, медиа сауаттылық, этномедиация және т. б. ҚХА тақырыптары төңірегінде студенттер назарына маңызды ақпараттар берілді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі