ӘЙЕЛ- ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ

Бүгін, Достық үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел- әлемнің тірегі» тақырыбында ҚХА жанындағы Аналар кеңесі отырысы өтті.

Мерекелік шараға ҚХА Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік өкілдері, серіктес мекемелер, қоғам белсенділері т.б қатысты.

Аналар кеңесі отырысы Мубарак Касымқызы Жинақбаеваның алғы сөзімен ашылды. Ары қарай қонаққа келген аналарды облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Гулам Мухтарович Умаров құттықтап, сыйлықтар тапсырды.

Жиын барысында облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, модератор Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жаңа жобалары жайында таныстырды. Сондай-ақ, Аналар бас қосқан отырыста аға буынның жастармен өзара іс-қимылының өзекті тәсілдері, Аналар кеңесінің білім беру ұйымдарымен бірлескен іс-қимылдары жайында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Аналар кеңесінің жобаларын бірге жүзеге асырып жатқан серіктес мекемелер-білім,тіл,полиция басқармаларынан өкілдер,мектеп директорлары, этномәдени бірлестіктің жетекші әйелдері жұмыс жасау тәжірибелерін талқылады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДАҒЫ ТАТАР ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ФЕСТИВАЛІ

Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тараздағы татар ұлттық тағамдары» фестивалі өтті.

Татар этносы өкілдері өздерінің озық дәстүрлері мен тағамдарын, ата тарихтарынан жеткен асыл мұраларын жас ұрпақтарына дәріптеп, насихаттады. Мұндай шаралар елімізді мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайтады.

Заманауи гуманитарлық-техникалық колледж базасында өткен шараны «Қазақстан Татарлар мен башқұрттардың конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалының жетекшісі, осы оқу орнының директоры Фарида Нақыш жүргізді.

Гастрономиялық фестиваль этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті. Көрермендер алдында жас таланттар татар, өзбек, қазақ билерін биледі. Вокалдық нөмірлер де болды.

Іс-шара этникалық асхананың аспаздық шеберлігімен дәм татумен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ТУРАЛЫ

Жыл сайын, 1 наурыз – Алғыс күні қарсанында облысымыздағы білім ошақтары, кітапханалар әртүрлі тақырыптарға сай, дөңгелек үстелдер мен түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру жақсы бір дәстүрге айналған.

Биыл да осы дәстүр өз жалғасын табуда, бүгін «Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандары Медиация кабинетінің меңгерушісі Досыбиева Валентина мен Көрме залының меңгерушісі Шілдебаева Жазира қаламызда орналасқан қалалық кітапхананың № 5 филиалының ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызым» атты тақырыпта дөңгелек үстелдің қонағы болып қайтты.

Іс-шараға «Тараз Болашақ» жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері қатысып Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің атқаратын қоғамдық жұмыстары жайлы, алғыс айту күнінің маңыздылығы жайлы ақпарат алып, қойылған көптеген сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара еркін форматта өтіп, студенттерді түрлі ойындар мен музыкалық бағдарламалар қызықтырды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: студенттерді қайырымдылық дәстүрлерге баулу, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні екендігі насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында кітап көрмесі ұсынылып, студенттер жақын жандарына алғыстарын білдірді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

АЛҒЫС КҮНІ ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ АЛАҢШАЛАРЫ СӨЙЛЕДІ

Мерекеге орай Достық үйіне келген қонақтарды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров бастап келді. Құрметті қонақтар қатырында облысы әкімдігінің ІСБ басшысы Ұлана Сламбекова, ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының басшылары, қоғам белсенділері бар.

Қонақтар жетігеншілермен Ложкари «Веснушки» орыс халық аспаптық ансамблдерінің сүйемелдеуімен орындалған әсем әннің жетегінде тайқазандағы бауырсақ және күлше нандардан ауыз тиіп, тілек ағашына жылы лебіздерін қалдырды.

Достық үйінің екінші қабатында қонақтарға мұрағат материалдары, фотосуреттер көрмелері және т.б. көрнекіліктер қойылған «Архив», этностардың тарихы, қазақ жеріне қоныстануы туралы кітаптар орналасқан «Кітапхана» алаңдары таныстырылды.

Өңірдегі этнос өкілдерінің жастары Алғыс айту күніне арналған «Тілім менің, қасиетті тірегім!» атауымен мемлекеттік тілде «Атамекен» әнін орындады. Сондай-ақ, еркін форматта мемлекеттік тіл туралы сабаққа қатысты. Ассамблея ардагерлерінің Алғыс айту күніне орай «Қайырымдылық керуені» ҚХА республикалық жобасы аясында осал топтағы азаматтарға «Қоржын» көмек көрсету акциясына бастау

берілді.

Қайымдылық көрсетілетін алаңшадан ары қонақтар «Достық» жастар театрының М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасынан үзінді қойылымын тамашалады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі»

«БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ» ТЕАТРЛАНДЫ

Достық үйінде Алғыс айту күнін мерекелеу кезінде көрермендер Қазақстан Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы желісінде театрландырылған қойылымын тамашалады. Спектакль Қазақстандағы ең ауыр және зұлмат жылдары мәжбүрлі түрде қоныс аударушыларды қазақ халқының қалай қабылдағаны туралы көрсетілді.

Бұл қойылымды көрермендер назарына түрлі этностардың балалары, жастарынан жуырда құрылған – «Достық» жастар театры ұсынды.

Қойылым режиссер-өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының өкілі Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан. Режиссер өзі қойылымда Ахмет атты кейіпкердің рөлін сомдады. Қойылым өте әсерлі, орындаушы кейіпкерлер рөлдерінің шынайылығын толық жеткізе алғандықтан көрермендерге ерекше әсер етті.

МЕРЕКЕНІҢ САЛТАНАТТЫ СӘТІ

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтантты жиындар легі «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты іс-шараға ұласты. Меркелік кеш Ассамблеяның құрылған күніне байланысты мұрағаттан жиналған бейнероликтер көрсетілі және А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің «Халықтың алғысы – Ұлы марапат» атты театрландырылған қойылымымен басталды.

Жиында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және қоғамдық бірлестіктер жұмысына тоқталып, мерекеге орай көрермендерге алғысын арнады.

Нұржан Сәбитұлы өңірдің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен білім саласының ардагері Райкүл Омарова, «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл облыстық филиалының Байзақ желілік жол техникалық шеберханасының 7 санатты электр слесарі Дәулет Молданбаев, «Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының зертхана меңгерушісі Эльмира Сейдалина, Тараз қаласындағы No26 орта мектептің директоры, «Днепро» Украйн мәдени орталығының мүшесі Тарас Леоненко марапатталды.

Ал, «Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік қызметкері Нұрпатша Алданова және Жамбыл облысының «Хазар» әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі Мамед Мамедов – облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Марапаттау рәсімінен кейін К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының, Жамбыл және Абай атындағы жоғары гуманитарлық колледждердің, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы және этномәдени бірлестіктер нерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концерт ұсынылды. Қатысушылар вокалдық және хореографиялық нөмірлерде өнер көрсетті.

Мерекелік кеш соңы «Мен сені сүйемін – Қазақстан!» атты Жамбыл облысы этнос өкілдерінің әнімен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҚОРЖЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

1-наурыз Алғыс күніне орай ел көлемінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы «Қоржын» қайырымдылық акциясына бастау берілді.

Алғыс күніне арналған іс-шаралар шеңберінде ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен өткен онлайн жиын ұйымдастырылған болатын.

Аталған жиында Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Ғұлам Умаров 1-наурызға облыс бойынша халқымыздың қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүріне сай акцияны бастауға 4,5 млн теңгеге 200-ден аса адамға қайырымдылық көмек жасалынатынын айтқан.

Нәтижесінде бүгін, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған мерекелік іс-шаралар легінде «Қоржын» қайырымдылық акциясы өтті. Тараз қаласындағы өзбек, орыс, тәжік, күрді, дүнген және аудандардағы этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен қыстан қысылып шыққан, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Қайырымдылық керуені жобасы аясында шаралар «Мейірімділік керуені», «Қамқор», «Жеңіс үшін, рахмет», «Бар жақсымыз балаларға» сияқты акциялармен жыл бойы жалғасатын болады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

”ОРДАБАСЫМЕН” АЛҒЫС

Бүгін, дәл қазіргі уақытта «Алғыс айту» күніне орай, Тараз қаласының «Тараз-арена» спорттық кешенінде ҚР Спорт қайраткері, ҚХА мүшесі, облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігінің белсендісі Руслан Исмазовтың бастамасымен «Ордабасы» және «Таэквондо-WT» командалық ойындары Қазақстандық федерациясының облыстық ашық турнирі өтіп жатыр.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар арасында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева да қатысып, шараның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Мубарак Қасымқызы сайыста бақ сынасатын жас спортшы қатысушыларды атаулы мейраммен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Таңғы 9.00.-ден басталған ауқымды спорттық шарада түрлі ойын сайыстары, аталмыш командалардың ойын түрлері және өңірлік турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Бұдан соң командалардың жарысу ойындары, финал, жартылай финалдарға жалғасып, сондай-ақ қатысушы спортшыларды марапаттау рәсімі де өткізіледі.

Өңірлік ҚХА өткізетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Руслан Бакирұлы әзірлеген және құрастырған «Ордабасы» командалық ойыны балалар мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған және олардың бойында өз елінің ар-намысын қорғауда батылдық пен жігерлік қвсиеттерін дамытады.

Сайыс кезінде ойыншылар ережелерді бұзбауға тырысып, өз аумақтарын қорғаштауды қатты қадағалауда ұстады. Эмоциялар мен толқулар шамадан тыс болды.

Әр команда өз шекараларын сақтап қана қоймай, қорғанысты бұзып, қарсыластың туын басып алуға және сол арқылы жеңіске жетуге тырысып, шабуылдарға жиі жол берді.

Спорттық сайыстар ертең де жалғасын табады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ӘСЕМ ӘН, МЫҢ БҰРАЛҒАН БИМЕН АЛҒЫС

Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шаралар сериясы жалғасуда.

Бүгін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково ауылында ертеңгі мерекеге арналған іс-шара өтті.

Оған Жамбыл облысындағы ҚР күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы РҚБ филиалының төрағалары Сартиф Алиев пен «Айнұр» Татар-башқұрт мәдени орталығының төрағалары Амир Халиков, ауылдық округ әкімінің орынбасары, ауыл тұрғындары қатысты.

Шарада жарқын бағдарламаға толы концерт өтті. Концертке этномәдени бірлестіктері мен аудан әртістері және балалар ұжымдарының шығармашылық топтары ән шырқап, би билеп, көрермендерге тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Концерт қатысушылары арасында этностильде өз нөмірлерін орындаған «Барбанг»  фольклорлық ансамблі де болды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНДА ЖАЛҒАСҚАН ҰЛЫ ДОСТЫҚ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұрпақтардың ризашылығы – ұлтаралық татулықтың, бірлік пен достықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени

бірлестіктерінің мүшелері және жастар қатысты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, тарих ғ.к., модератор – Сейдахан Бақторазов жиынды алғыс күніне орай құттықтау сөзімен бастады.

Сонымен қатар, жиында «Қарашай-балқарлар – Бірлік» Жамбыл облысы қоғамдық бірлестігінің Архыз филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Леля Узденова достықтың мәңгілік бесігіне айналған этностар бауырластығы туралы сөз қозғады.

Туыстық пен тұтастық мұрасы ұрпақтар сабақтақтастығына ұласқан Ұлы елде жастар жайлы сыр шертілмей қоймасы анық. Жиында жастар арасындағы Алғыс айту күнінің мәні мен құндылықтары туралы сөз қозғаған Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы – Хамида Турдыева ата-бабамызды бауырына басып, барын алдына тосқан қазақ халқына алғашқы алғысты айту керектігін жеткізді. Бұл тұста этнос жастарының пікірі мен көзқарасының дұрыстығын алға тартып, айтулы мерекенің өскелең ұрпақ үшін тарихи мән мен мағынаға толы екенін айтты.

Жиын одан әрі жастар мен ғалымдардың арасындағы пікір алмасуға ұласты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі