Көне Тараз – достық аумағы

-7

Жамбыл жерінің тарихы терең және бай. Өзіндік ерекшелігі бар жұмбақ өлке. Тауы мен суы, құмы мен шөлейті бар өлке. Кімде кім Жамбыл жерінде болса жүрегінде осы өлке туралы керемет бір естелігін сақтап қалады.

Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көне Тараз – достық аумағы» атты облыстық фестивалі өтті. Көрермендерге толы зал облыстағы әртүрлі этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін жинады. Фестивальды «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров ашты. «Тараз – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Қаламыз арнасынан аспай, толқымай жәй ғана ағып жатқан өзенге ұқсайды. Тарихы мол бейбіт қала. Бүгінде аймақтық ассамблея этносаралық келісімді нығайту мен сақтау барысында мыңдаған іс-шаралар өткізілуде, олар халықты өз елінің патриоты болуға, этносаралық қарым-қатынас пен мәдениетті нығайтуға тәрбиелейді. Құрметті қонақтар және көне Тараз жерінің тұрғындары, біз сіздерге фестивалімізге қош келдіңіздер дейміз», – деді өз сөзінде ол.

Фестивальды «Ақ кербез» биімен «Бозторғай» ансамблі ашса, «Арт-Мэн» тобы «Құс қанат ғұмыр» әнімен жалғастырып жиналғандардың көзайымына айналды. Сондай-ақ көрермендер Осман Делихасан-оглының орындауындағы күрді әнін, Арипова Эльмираның орындауындағы дүнген халық әнін, Ахметшина Рузаляның орындауындағы «Гармун алыйк» татар әнін, Вятчина Тамараның орындауындағы еврей халқының «Хава нагива» әндерін тыңдады. Ал Меркі ауданынан келген Серова Александра и Шидокова Зухра  «Кавказ» әнін қарашай тілінде орындаса, Жуалы ауданынанан келген әзірбайжан қызы Саядова Милана қазақтың ұлттық аспабы домбырамен «Салкүрең» күйін орындап шықты.

«Арт-Мэн» тобының орындауындағы «Ұлы дала» әнін жиналған көрермендер қосыла шырқады. Фестиваль соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі. 

«Менің отбасымның дәстүрі» байқауы

-6

Жамбыл облысында «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында «Менің отбасымның дәстүрлері» атты облыстық байқау басталды.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.

Байқау қонағы, облыстық Қазақстан  халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева құттықтау сөзінде «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған байқау отбасы құндылықтары мен отбасы-демографиялық саясатты насихаттау аясында өткізілуде. Біздің басты мақсатымыз отбасы институтын насихаттай отырып нығайту,  әрбір отбасындағы дәстүрлерді  сыйлауға  тәрбиелеу»,- деді.

Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамында  «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арын Асқарбеков, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова , ардагер ұстаз, «Ел анасы» кеңесінің мүшесі Кәмиләш Ахметжанова болды.

Байқауға облысымыздағы этномәдени бірлестіктерден бірнеше отбасы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олардың қатарында Талас ауданынан Малыхиндер отбасы, Т.Рысқұлов ауданынан Байрамуковтар, Жуалы ауданынан Металимовтар, Байзақ ауданынан Қасымовтар және Тараз қаласынан Ашировтар отбасылары. Байқау: «Өзін таныстыру» (бұл кезеңде әр отбасы өздері және дәстүрлері жайлы баяндайды), «Халық даналығы» (әр отбасының мүшесі өздеріне қойылған логикалық және ситуациялық сұрақтарға жауап береді) және «Өнерлі отбасы» (әрбір отбасы музыкалық көрініс дайындайды) кезеңдерінен тұрды. Қатысушылар әр кезеңге жоғары деңгейде дайындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз –қызметі. 

«Балалар игілігі үшін мейірімділік сыйла»

05

Осы жолғы «Үміт Үзбеу» ҚҚ басты міндеті  – әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 80 балаға материалдық және моралльдық көмек көрсету болды.

Біз 80 балаға мектепке дайындалуға қолдау көрсеттік, Павлодар қаласынан көп балалы ата-аналар мен қамқоршылар көмек сұрап келді, соның ішінде Ленинский ауылы Май ауданы мен Железинка ауданы. «Павлодар облысы бойынша еңбектеніп жүрген әйелдер ісі жөніндегі комиссияның» Кәсіподақтың аймақтық бірлестігінің жетекшісі Даумова Р.Ж. қолдауымен барлық балаларға мүмкіндік болғанша киім-кешекпен, кеңсе тауарлармен және портфельдермен қамтамасыз етілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 35 жетім балалар үшін «Бурбон» дәмханасында мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды. Біздің мақсатымыз – аз қамтылған отбасыдан және көп балалы отбасылардың балаларына қандай да бір себеппен мектепке бармауға жол бермеу (біз осы мәселені шешуге көмектестік). «Үміт Үзбеу» ҚҚ директоры – Гаухар Омарова.

Сонымен қатар, мұқтаж балалар үшін күнделікті қолданылатын заттардан  кәдесыйлар жасау бойынша «Өз қолынмен сұлулықты жаса» шеберлік классын өткіздік. Білім күні қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Үміт Үзбеу» ҚҚ Анна Шихованың  авторлық студиясымен бірлесіп аса қажеттілікті ететін балалар үшін іс шаралар ұйымдастырдық. Балалар үлкен қызығушылықпен бұл шараға қатысты. Біздің басты міндетіміз саусақтар жұмысын жақсылап дамыту болатын, өйткені кейбір балалардың моторикмен мәселелері бар. Балалардың шығармашылыққа, қоршаған ортаны тануға мүмкіндіктері болды. Шеберлік классы аяқталған соң, ыстық құмның үстінде батуттарда серуендеу үшін балаларды қалалық жағажайға апардық. Оларға қатты ұнады, олар сондай бақытты көрінді. Барлық іс шаралардан кейін «Крендель»  дәмханасында түскі ас ұйымдастырылды. «Біз балалардың барлығы сыйлықтармен қайтуды жоспарладық» – деп  «Үміт Үзбеу» ҚҚ  жетекшісі  Гаухар Омарова атап өтті. – осындай шеберлік класстарды әрі қарай өткіземіз, бірақ ол үшін материалдарды сатып алу керек, бәріне белгілі ондай қаражат бізде жоқ.

Кезекті біздің шарамыз, Абышева Тахминаның емделуіне арналған  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық концерті.

Біздің жоспарлағанымыз ойымыздан шықанымызға өте қуаныштымыз. Меніңше, осындай жағдайда Алланың құдіреті біздің жанымызда. Осы күні жанымызда болған жандарға жылы сөздер айтқым келеді. Мейірімді жандардың қатары  жылдан жылға ұлғайып келетініне сондай қуанамын Қосылындар «Балалар игілігі үшін мейірімділік жасаңыздар».

«Үміт Үзбеу» ҚҚ  директоры  Гаухар Омарова