Өнердің сиқырлы күші

11

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-дегі этномәдени бірлестіктер жастарымен жұмыс жасау бойынша әдіскер Дарья Бурмакина мен «Ақ желкен» жастар лигасы, облыстық орыс драма театрында алғаш рет көрсетілген «Клетка» атты спектакльды бірге тамашалап, одан кейін оның қоюшы-режиссері Ольга Избасарова мен театрдың жас труппасын кездесуге шақырды.  Осы кездесу барысында скайп байланыс арқылы Москва қаласында тұратын, аталған пьесаның авторы, зиянды әдеттерден арылту маманы, Халықаралық психоаналитика академиясының  белді мүшесі, Халықаралық салауатты өмір салты академиясының доценті Владимир Коняевпен жүздесуге мүмкіндік алынды.

Кездесудің жүргізушісі Д.Бурмакина спектакльды қоюдағы ойымен бөлісу үшін  қоюшы–режиссер Ольга Избасароваға сөз берді. Ол: «Бұл тақырыптың қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Себебі қазіргі уақытта жастардың физикалық және адамгершілік тәрбиесі туралы айтып қана қоймай, олардың отбасындағы ата-ана мен баланың тәрбиесі мен қарым-қатынасы туралы да айтылады. Ата-ананың балаларына көңіл бөлмеуінен олардың арасы алшақтай түседі. Кейін осындай олқылықтардың орнын нашақорлық пен ішімдік толтырады. Пьесаны оқи бастағаннан-ақ бірден тартады, бар ойыңмен оқиға ішіне кіріп кеткендей боласың.

Аталған қойылымға қатысушылардың көбісі – театрымыздың жастары. Екі ай ұйқысыз, күлкісіз дайындықпен өткіздік десек те болады. Осы үшін автордың идеясы мен маған, өздерінің күшіне сенген жастарымызға алғысым шексіз. Сондықтан да біз осындай жеңіске жеттік. Оны  біз көрермендердің ыстық ілтипатынан байқадық. Ішімдік, нашақаорлық, темекіге әуестік, онымен қоймай ата-ананың ықыласы мен мейіріміне бөленбеу қандай да бір жаман нәрсеге әкеліп соқтыратынын көрдік.

Әңгімеге театр актерлары Анастасия Скрепкова (қойылымда өзіне өзі қол салған нашақор Игла есімді қызды орындаушы),  Виктор Майнашев (мас болып тасүккішке түсіп кеткен Бекас рөлін сомдаушы), Тимур Романюк (кейіпкерлерді сахнаға шығарушы Дауыс) және тағы басқалары араласып, өз ойларымен бөлісе отырды.

Кездесу соңында пьеса авторы Владимир Коняев: «Осы қойылымның жақсы өткеніне және резонанстың әлі көп жылдар бойы сақталатынына менің сенімім зор. Бұл үшін де театр ұжымына алғысым шексіз. «Клетка» атауын тура мағынада түсінбеу керек. Себебі қандай да болмасын жаман әдет бізді осындай торға («Клеткаға»)  қамағандай болады. Оған біз өзіміз айдап саламыз. Бірақ осы тордан шығуға болады және одан шығудың жолы өзіміздің қолымызда. Бұл тұрғыда жамбылдық театр үлкен жетістікке ие болды. Осындай қойылымды мүмкіндігінше көпшілікке көрсете берген жөн. Себебі ол біздің нашақорлық пен ішімдіктің зияны туралы түкке тұрғысыз мылжың жиналыстарымыздан әлдеқайда тиімдірек», – деп қатысушыларға алғысын білдірді.

11-2

11-3

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Тараздың он екі жұлдызы

10

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қала тұрғындары мен қонақтарын жан-жақты, мазмұнды және әсерлі іс-шаралармен қуантып келеді. Бүгінгі болып өткен үлкен айтулы іс-шара, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ассамблея аруы-2016» байқауы да көптің көңілінен шықты.

Байқаудың ұйымдастырушылары: ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім»  КММ байқаудың әрбір сәтіне, сахнаның көркемделуіне, әділ қазылар алқасының құрамына аса зор жауапкершілікпен қарады. Ережеге сәйкес байқауға қатысуға облысымыздың этномәдени бірлестіктерінен әртүрлі мамандық иесі, отбасын құрған 20 және 55 жас аралығындағы 12 өкіл өтініш білдірді.     Бас демеуші «Бейсенбекова А.Ж.» баспасханасы қатысушылардың суреттері бейнелеген көркем буклеттерді дайындады.

Тараз қалалық мәдениет үйінде өтіп жатқан сұлулық пен таланттардың шоғырланған мерекесіне көптеген көрермен жиналды, олардың ішінде жанкүйерлер мен байқауға қатысушылардың отбасы мүшелері де бар. Сахнада байқаудың эмблемасы бейнеленген үлкен панноға жарық түсіріліп, салтанатты фанфарлардың үніне, көрермендердің ду қол шапалақтауына іле сахнаға шыққан байқаудың жүргізушілері қобалжығандарын көрсеткісі келмей, әдемі ұлттық киімдерді киген қатысушыларды төрге шақырды.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева жиналғандар мен байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың бас демеушісі, «Батэль Қазақстан» компаниясының директоры Андрей Ли: «Біз «Мисс Батэль» байқауын еліміздің түкпір түкпірінде өткізіп келеміз. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында бұл – бірінші рет өткізіліп жатқан байқау. Бұл облысымыздың ассамблеясы мен аналар кеңесінің қаншалықты жан-жақты жұмыс атқарып жатқандығын көрсетеді. Сондықтан да осындай байқауға бас демеуші болуға біз қуана-қуана келісе кеттік».

Бірінші «Өзін өзі таныстыру» турында байқауға қатысушыларымыз прозада немесе өзі жазған өлең түрінде өзі, мамандығы, отбасы мен этносы туралы айтып қана қоймай, киген ұлттық киімін де сипаттап берді. Ендігі кезекте байқаудың жүргізушілері «Мен – эрудитпін!» атты турды жүргізу үшін сұрақтар жазылған конверттерді алып шықты. Жиналған көрермен қатысушылардың ҚХА тарихы туралы жауаптарын бар ықыласпен тыңдады, ал «егер сен көрінбейтін адам болып кетсең не істер едің?» деген қалжың сұрақтарға қатысушылардың әзіл-оспақпен жауап бергендеріне күліп отырды. «Мен – талантпын!» атты үшінші тур көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірі өлең оқыса, екіншісі биледі, немесе ән айтты.

Өз ісінің майталмандары – бас демеуші басқарып отырған тәуелсіз әділ-қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарды. Әділ қойылған бағаларға ешкімнің де дауы болмады. Марапаттау рәсімі «Батэль Қазақстан» компаниясының директоры, бас демеуші Андрей Ли мен облыс ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Сара Даузоваға жүктелді. Байқауға қатысушы Любовь Клименко (украин ЭМБ), Розахон Казыкенова (тәжік ЭМБ), Хамида Турдыева (М. Қашқари атындағы ұйғұр ЭМБ), Эмина Мамедова («Азери» әзербайжан ЭМБ ), Сабина Магомадова («Архыз» қарашай-балқар ЭМБ), Надежда Волкова («Радонеж» орыс ЭМБ), Виктория Майковичтарға («Полонез» поляк ЭМБ) дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.  Үшінші орынды «Вице –ҚХА аруы – 2016» қытай этномәдени бірлестігінің төрайымы Галина Воробьева, екінші орынды «Вице – ҚХА аруы-2016»  неміс қоғамдастығының өкіл Дарья Барсукова, бірінші орынды «Вице – ҚХА аруы -2016» «Әулие ата» қазақ этномәдени бірлестігінің өкілі Азиза Жүсіпова  иеленді. Ал диадема мен  жеңімпаздың гран – приіне  облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Лобара Аширова ие болды.

10-2

10-3

10-4

10-5

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз – қызметі.

Ана тілім – айбыным!

Ана тілім – айбыным!

         «21 ақпан – Халықаралық ана тілі» күніне орай 2016 жылғы 18 ақпан күні Тараз қалалық Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»КММ және облыстағы этнос өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – айбыным!» атты фестиваль болып өтті.

Фестивальдің мақсаты өңірдегі түрлі этностардың ана тілдерін дамытуына қолдау көрсету. Сондай-ақ еліміздегі татулық пен азаматтық келісімді нығайту, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге және ана тілдерін білуге деген қызығушылығы мен құрметін арттыруға ықпал ету.

       Ана тілі фестиваліне М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен әзірбайжан, Жамбыл политехникалық колледжінен қазақ , Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан украин, Жамбыл медициналық колледжінен өзбек, Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінен түрік, Мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушыларынан құрылған кәріс және дүнген ұлттары белсене қатысты. Тіл фестиваліне қатысқан 8 топ (3 адамнан құралған), «Таныстыру», «Әр елдің салты басқа», «Шығармашылық өнер» тақырыптары бойынша мемлекеттік және өз ана тілдерінде өнер көрсетті.

        Қатысушылар ұлттық киімдерін киініп, ұлттық ән-күй аспаптарын ұстанып, мемлекеттік және өз ана тілдерінде: ортақ Отаны – Қазақстанға, оның мемлекеттік тілі – қазақ тіліне деген жылы лебіз, ыстық ықыластарын көркемсөзбен мәнерлеп, Абай мен Мұқағали, Қадыр және өзге де бауырлас ұлттар ақындарының жырларын төгілтті, әсем ән шырқап, мың бұралта би биледі.

         Халықаралық ана тілі мерекесін тамашалауға облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңірдегі мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт азаматтары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл жанашырлары және облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.

«Қайырымдылық керуені» жолда

«Қайырымдылық керуені» жолда

Қазақстан халқы ассамблеясы 2025 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында қайырымдылық бағытында жұмыстарды дамытудың жаңа бағыттары көрсетілген, республикада барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру орталығы міндеттерін Қазақстан халқы ассамблеясы атқарды.Осы жұмыс өткен жылғы «ҚХА-20 ізгі іс» эстафетасымен басталды, оның аясында Жамбыл облысында 2860 адамға 1.34 миллиард теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді.Бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі.Осы жылы «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциясы көмек қажет ететін адамдарға қаражат жинауда күш ала бастады.

Аймақта қоғамдық ұйымдарда қайырымдылық қызметті үйлестірудің жолдары мен міндеттері жайлы мәселе «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық «Қызыл ай» қоғамы, этномәдени бірлестік өкілдері, «Ақ желкен» жастар лигасының қатысуымен облыс ҚХА жанындағы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралып талқыланды.Отырыста облыс ҚХА хатшылығының бас инспекторы З.Сембина, аналар кеңесінің төрағасы М. Миражапова, аймақтық «Қызыл ай» қоғамының төрағасы О.Тастемірова, «Ақ желкен» жастар лигасының көшбасшысы З.Махусеев шығып сөйлеп, кең көлемді және мақсатты акцияларды өткізуде бір-бірлерімен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға шақырды.Шараға қатысушылар барлық қоғамдық ұйымдарды, Жамбыл облысының қайырымды азаматтары мен жебеушілерін аса мұқтаж қайырымдылық қажет ететін адамдар мен отбасыларына нақты көмек көрсету үшін бірігуге шақыру мақсатында үндеу қабылдады.

 

Жамбыл облысы әкімі аппартының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Анна Германның сыңғырлаған жанғырығы

Анна Германның сыңғырлаған жанғырығы.

14 ақпанда миллиондаған адамдардың сүйіктісі Анна Герман 80-жасқа толар еді.Ол әнді айта – айта, тыңдаушылармен бірге өмір сүрді. Оның өмірден өткеніне 30-жыл болсада, сыңғырлаған таңғажайып дауысы әлі күнге дейін эфирлерден үзбей беріліп, Ресей, Германия, Польша, Украина, Беларуссия, Қазақстан басқада Республика халықтарының үйлерінде орындалып, халықтың көңілінен орын алған.
.Өткен аптаның жексенбісі күні қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы «Радонеж», орыс қауымдастығының, неміс қоғамы және «Полонез» поляк этномәдени бірлестіктері бастамаларымен ұлы әнші Анна Германды еске алу мақсатында үлкен концерт болып өтті. Орыс қауымдастығының төрайымы С.Чаутина коңцерт басталар алдында бұл концертті не үшін біздер өткізіп отырмыз деген сұраққа жауап берді. Әнші Анна Герман орыс халқының және эстрада әндерінің әуесқой тыңдаушысы бола білді, және оны сүйсіне орындады.Оның жазбаларындағы 400-әннің 100-орыс тілінде орындалды. Анна Герман гастролдік сапарларының көбісін Ресейде өткізді, Москвада тұрды, орта Азия Республикаларына гастрөлдік сапарларға шығып отырды. Польша мемлекетіне өтуге рұқсат бергенге дейін 1943-1946 жылдары көптеген жерлестерін тапты, Жамбыл қаласында анасымен тұрды, 1-сыныпта оқыды.1979-жылы біздің қалаға келген сапарында Жамбыл қонақ үйінде аялдап, осы ғимаратта керемет концерттік бағдарламасын берді, осы жерге мемориалдық тақтасы орнатылды.Осы жылдан бастап неміс қоғамы және поляк этномәдени орталығымен бірлесіп Анна Германды еске алу мақсатында ақпан айында концерт беруді дәстүрге айналдырдық деді.
Сахнадан әншінің «Біз бір-бірімізбен жаңғырған әлемде біргеміз» тақырыбында қайталанбас дауыстары естілді.Жергілікті орындаушылар Л.Навичкова, О.Дьяченко, В.Шапиро, Анна Германның «Когда цветут сады», «Ты спеши», «Письмо солдату», «Надежда», «Город любви», «Сумерки» атты белгілі әндерін орындады.№40 гимназия хореографиялық ұжымы және «Парус» қосымша білім беру мекемесі, белгілі композиторлар А.Бабаджанян, А.Пахмутова, В.Шайнский, Е.Птичкин, Анна Германға арнап жазған өлеңдер ырғағына нәзіктілік пен билерін орындады. «Анна Герман. Ұлы әншінің 100-естеліктері» жайлы жақын арада кітап етіп шығарған әншінің арнайы өмір баянын зерттеуші Иван Ильичев Москвадан қала тұрғындарына бейнехатпен шықты. Тумасынан неміс ұлты,Өзбекстанда дүниеге келіп, Қырғызстанда және біздің қаламызда тұрып, саналы ғұмырын Польша елінде өткізген Анна Герман совет эстрадасының жұлдызы болды.Әр түрлі ұлттардың мәдениетін бойына сіңірген мәңгілік Анна Герман өзінің әндерімен адамдарды бір-бірін қалай сүйу керектігін орындаған әндерімен жеткізе білді деп, терең ой толғанысымен Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі №40 гимназия мектеп директоры А.Гиббнер сөз сөйледі, көрермендер ұзақ қол шапалақтап, ризашылықтарын білдірді.

Жамбыл облысы әкімі

аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз -қызметі

Үлкен ел – Үлкен отбасы

Үлкен ел- Үлкен отбасы

Уақыт барда, жақсылық жаса.  

Аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының өткен жылғы жасалған қайырымдылық акциясының қорытындысы Жамбылдықтарға жақсы таныс.Алыс елді мекенде тұратын мыңнан аса жерлестерімізге олардың жағдайларын жақсарту мақсатында қайырымдылық шаралар жасалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қайырымдылық керуенінің» бастауы жыл басынан күннен – күнге күш ала бастады.

Өткен аптаның жексенбісі күні Жамбыл қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде орналасқан облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі мен «Ақ желкен» жастар лигасының шақыру бойынша «Түрксиб»- кешеніне жиналды. Осы жерде тағдырдың жазуымен ауыр жағдайға душар болған отбасыларына қолдау көрсету мақсатында этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен үлкен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрағасы М.Миражапова өз сөзінде: қыстың суығына қарамастан ауыр тағдырға душар болған отбасыларына қолдау көрсетуге шын ықыластарыңызбен келіп, концертке қатысқандарыңыз үшін сіздерге мыңда бір рахмет!-деп ризашылығын білдірді.

«Түрксиб» кешенінің залында үш сағат бойы «Explose» және «Колорит» топтарының және әншілер А.Беляева, Л.Аширова, А.Мингарова, М.Баяритова, Ролль және Тахминаның әндері орындалып, «Фабрика звезд» хореографиялық би тобы шығыс билерін нақышына келтіріп орындап, көрермендерде биге қатысты.Қайырымдылық шарасына арналып қойылған жәшіктерге біртіндеп қаражаттар түсе бастады.Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар жиналған қаражатқа көп балалы отбасы балаларына киімдер, тағамдар сатып алып береді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңғыру жолында

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңғыру жолында

Бұл тақырып 11 ақпанда Жамбыл облысы орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында брифингте журналистер назарында болды. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Лысова Лариса Анатольевна өткен жылдың қазан айында Астана қаласында бастау алған ҚХА-ның «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобасының алты негізгі бағытының мәні мен мазмұнын БАҚ өкілдеріне айқын түрде баяндап берді. «Бұл жоба қазақстандық азаматтық бірегейлікті, қазақстандықтардың бірлігін нығайту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл бойы жүргізген жемісті жұмысының қисынды жалғасы болып табылады, деп айрықша баса айтты. – Жоба Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел, бір тағдыр» ХХІІ сессиясында тапсырған және Ұлт жоспары мен «Біртектілік пен бірлік» 4 институционалдық реформасында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға негізделген және біртұтас азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді».

Әсіресе, брифинг қатысушыларын Л.А.Лысованың «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жүзеге асырылуының барысы мен болашағы, оның Жамбыл облысында іске асырылуының ерекшеліктері туралы хабарламасы үлкен қызығушылық туғызды. «Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы» аймақтық мәдени-туристтік кластері құрылуда. Облыс орталығында ашық аспан астында «Көне Тараз» мұражайы, тарихи-археологиялық кешені ашылды, ескі туристтік бағыттар жетілдірілуде және жаңалары дамытылуда. Жоба аясында жыл бойы балалар мен жастарға арнап «Өз өлкеңді танып біл» және «ЭКСПО – 2017 еріктілері» облыстың тарихи орындарына саяхаттарды ұйымдастыру және өткізуге қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген еріктілерді дайындау бойынша екі жоба жүзеге асырылатын болады. «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешен аумағында облыстық бейбітшілік пен келісім сарайының құрылысы жүргізіліп жатқан жерде аймақтық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен этноауылдарды құру қарастырылған. Облыстық және Меркі аудандық тарихи-өлкетану мұражайларындағы экпозициялардан бөлек, ҚХА тарихы туралы залдарды барлық облыстық мұражайларда ашу ұсынылған. Бұл жұмыс жүргізілуде.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіруді қарастырады, -деп хабардар етті Л.А.Лысова. – Біздің қоғамды біріктіруге бағытталған жаңа құрылымдар, соның ішінде қоғамдық келісім кеңестері барлық елді мекендерде және ірі кәсіпорындарда құрылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикадағы барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру және қайырымдылық орталығы қызметін атқарады. Осы бағыттағы жұмыс өткен жылы «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасымен басталды, оның аясында тек біздің облыс бойынша 2860 адамға 1,34 миллиард тенге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Бүгінгі таңда қайырымдылық іс-шаралары «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциясы шеңберінде жалғасын табуда.

Сөз соңында Л.А.Лысова «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналғандығын атап өтіп, журналистер сұрақтарына жауап берді және журналистерді бұл жоба бойынша іс-шараларды айқындауға белсене ат салысуға шақырды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңертеңгілік-жаттығу» жастар флэш-мобы

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңертеңгілік-жаттығу» жастар флэш-мобы туралы

АҚПАРАТ

2016-жылдың 5-ақпанында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты алдында Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңертеңгілік жаттығу» жастар флэш-мобы өтті. Іс-шараға жиналған бір топ жастардың іс-қимылдарына жұмысқа асығып бара жатқан адамдар қызығушылықпен қарап, бір уақыт аялдап өтті. Бір қалыпты орындалған әннің мәтініне орай спорт нұсқаушысының орындаған «Таңертеңгілік жаттығу» іс-қимылдарын, жастар қайталап орындады.Өтіп жатқан шара жайлы «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Нарбатыров: «Еліміздің бас мерекесі тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерей тойын атап өтуге дайындалып жатқан тұста біздің жастарымыз қала тұрғындарының назарына «Дені саудың- жаны сау» деген ұғымды түсіндірді. М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ, мемлекеттік педагогика институтының студенттері және аймақтық ассамблея жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы, этномәдени бірлестік белсенділері «Таңертеңгілік жаттығуға» сүйіспеншілік тұрғыда қарап, осы флэш-мобты өткізіп отырмыз»- деді. Жиналған жастар алдында брэйк-данс орындаушысы сөз сөйледі, тілек білдірушілердің барлығы жаттығуға кірісті. Ойларымыз жүзеге асты. Акция өту барысында жаңадан келіп қосылғандардың саны көбейіп, олар жаттығуға шын көңіл-күймен қатысты. Осы тартымды іс-әрекеті бар шараға қатысушылар жастардың жасаған жаттығуларына қарап, үлкен сергектік көңіл-күй алды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ 2015 жылы атқарған жұмысы жайлы қорытынды есебі

Жамбыл облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ 2015 жылы атқарған жұмысы жайлы қортынды есебі туралы

АҚПАРАТ

«Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында мекеме қызметкерлерінің, аймақтық әкімшіліктің басқарма өкілдері, этномәдени бірлестік басшыларының алдында мекеме  басшысы Р.Убайдуллаева 2015 жылы   есепті мерзімде атқарған жұмысы жайлы баяндады. Ол өз сөзінде2014 жылдың қорытындысы бойынша  жасаған баяндамада айтылған сын ескертпелер толығымен орындалғанын,этномәдени бірлестік басшыларына жұмыстарын жандандыру мақсатында  кең көлемде әдістемелік көмек көрсетілгенін, атап айтқанда 6 семинар-тренинг, 20 аса жеке және топтамалық кеңестер берілгендігіне тоқталды.  Ғылыми- сараптамалық  қолдау бөлімінің терең әлеуметтік зерттеу негізінде, оны тұрақты өңделіп  дәлелді қортындылармен  ұсыныстар  мемлекеттік органдарға орындау үшін жіберілді. «Бейбітшілік және жол картасы» мега жобасы шеңберінде аймақтық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары  және шығармашылық топтары облыстың алыс аймақтарына шықты,  елді мекен тұрғындарымен аймақта тұратын халықтардың жан-жақты мәдениетін көрсету мақсатында  кездесулер ұйымдастырды, семинарлар өткізді, концерттік бағдарламаларын ұсынды. «Қоғамдық келісім» КММ өзінің жұмыс барысында тұрақты түрде мемлекеттік ұйымдармен, үкіметтік емес мекемелермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыста жұмыс атқарды.«Қоғамдық келісім» КММ негізінде облыстық  аймақтық ассамблеясы жанынан  бүгінгі таңда ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, шеберлер клубы, «Ақ желкен» жастар лигасы құрылған.2015 жылы олардың қатысуымен 120 дан аса қоғамдық мәні бар іс-шаралар өткізілді.Аймақтағы халықтық сәндік қолданбалы өнердің дамуына әдістемелік қолдау бөлімі үлкен көңіл бөлді.Тұрақты негізде «шеберлер мектебі» жұмыс істейді, оның құрамына 12 этномәдени бірлестіктерден 50  әр-түрлі шығармашылық бағыттағы қолөнершілер кіреді.Оқу бағдарламалары жасалған, халықтық қол өнер шеберлері үшін шеберлік сыныбы өткізіліп тұрады.Мақсаты этномәдени бірлестіктердің қол өнер дәстүрін көрмелер, жәрмеңкелер, және байқаулар арқылы дамыту болып табылады. «Ақ желкен» жастар лигасы мен  бірлесіп жұмыс істеу мақсатында жастармен жұмыс істеудің әр-түрлі әдістері қолданылады.Облыста тұратын халықтардың ұлттық мемлекеттік біртектілікті қалыптастыру және ұлттық мемлекеттік саясатты насихаттау жұмыстарын жүргізуде есепті мерзім аралығында ғылыми сараптама қолдау бөлімі мәні бар  жоспарлы жұмыстар жүргізді. «Қоғамдық  келісім» КММ  қызметкерлерінің ұйымдастырушылық жұмысы және әдістемелік көмегінің арқасында Жамбыл облысының әр-түрлі жастағы ұлт өкілдері «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған 14 Республикалық байқаулар , конурстер және жобаларға белсенді қатыса отырып,  12 жүлделі орындарды жеңіп алды. Есеп беруде талқылаулар  белсенді және жемісті түрде  өтті. «Днипро» этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА  мүшесі Ф.Клименко өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ-нен тұрақты түрде  іс-шаралар өткізуде әдістемелік және практикалық көмекті алатынын айтты.Аймақтық ассамблея және этномәдени бірлестік мүшелерінің елді мекендерге шығып үгіт жоспары негізінде өткізілетін іс-шаралары жоғарғы деңгейде өткенін атап өтіп, сөзінің соңында жаңадан соғылып жатқан Достық үйінен бірнеше  этномәдени бірлестіктердің сұрауы бойынша жұмыс жүргізу үшін бөлмелер бөлуін және көркемөнер ұжымының дайындаған концерттік бағдарламалары сапалы шығу үшін, мекеменің штатына мамандандырылған концертмейстрдің болуын ұсынды.Облыс ассамблеясы жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы М.Миражапова өсіп келе жатқан ұрпақтарға жан-жақты қамқорлық керек екен жайлы ашық әнгімесінен кейін, жиналыс модераторы Л.Лысова осы ұйымның жұмысына этномәдени бірлестіктерде  жастарды, оқушыларды,қыз балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика және халықтық дәстүрлер негізінде  тәрбиелеуді енгізуді сұрады.  Аймақтық әкімшіліктің білім бөлімі басшысының орынбасары Д.Өскенбаева айтылған пікірлерге қолдау көрсете отырып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.Аймақтық ҚХА ның қоғамдық негіздегі төрайымы М.Тұрдыева мемлекеттік тілді оқып үйренуде арнайы топтар құруды,осы бағытта этномәдени бірлестік өкілдері жұмыстарын жандандыру керек екендігін және мекеме тарапынан тұрақты қолдау көрсетуін атап өтті.Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» этномәдени бірлестігінің төрағасы Д.Низен жастар мен балалардың бойындағы жоғарғы адамгершіліке қасиеттерді қалыптастыруда «Қоғамдық келісім» КММ бөлімдерінің тәжірибелерін пайдалана отырып бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиев қазақ хандығының 550-жылдығына, ҚХА мерекелік жылында ауқымды жұмыстар атқарғаны үшін мекеме ұжымына ризашылығын білдірді.Біздер бүгін мекеменің жыл қортындысы бойынша атқарылған  есебі үшін жиналдық, алдағы бірігіп атқаратын жұмыстарды атқару үшін кеңесуді жөн көріп отырмын.Ол «Қоғамдық келісім» КММ басшысына 2015-жылда кадрлар жасақтаудың себебтеріне қортынды жасап, шара қолдануды тапсырды.Алдымызда «ҚХА ның 2025 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын» жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар тұрғанын оған белсенді қатысып, жаңа ойлар мен пікірлер керектігін айтты.Аймақтық ассамблеяның үгіт-ғылыми әдістемелік іс-қимылы жұмыс бағытын облыс орталығынан аудандарға бағыттау керектігін,этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг бөлімі өздерінің қызметінде екінші бөліміне көбірек көңіл аударуына тоқталды.Есеп беру жиналысының  аяқталуына орай Р.Рахманбердиев «Қоғамдық келісім» КММ үздік қызметкерлеріне облыс ҚХА төрағасы, Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаевтың атынан Алғыс хаттар тапсырды.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»КММ

Баспасөз қызметі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанынан құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының ашылу салтанаты

ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Жамбыл облысы «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанынан құрылған  Қазақстан  халқы ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының ашылу салтанаты  туралы АҚПАРАТ

2016-жылдың 27-қаңтарында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  бас ғимаратында «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанынан Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысы ҚХА бас маманы Ұ.Бабакулова,Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Убайдуллаева, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, М.Х.Дулати атныдағы ТарМу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының төрағасы М.Сарыбеков, «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары А.Кабиева, Жамбыл облысы этномәдени бірлестігінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара қатысушыларына «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының жастар қанаты ұлттық киімде салтанатты шеруі ұсынылды.Университет алаңында Жамбыл өңірін мекендеген ұлттардың қазіргі заман флэш-моб билері көрермендер назарына ұсынылды. Жамбыл облысы ҚХА жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының ашылу рәсімі осы істің бастамашысы ТарМУ ректоры М.Сарыбековты қарсы алумен басталды және ол дәстүрлі түрде ашылу лентасын қиды.ТарМУ-дың бас ғимаратында орналасқан ұлттық нақышта безендірілген, үлкен дәрісхана түрлі іс-шаралар өткізуге арналған. Осы жерде Елбасы, ҚХА төрағасы  Н.Назарбаевтың шығармашылығының кітап көрмесі орналасқан.

«ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық жоғары оқу орындарындаҚХА кафедралары ашылады – осы жаңашылдықтың мақсаттары мен міндеттері жайлы, мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева хабарлама жасады,  «Әулие ата» қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары А.Кабиева өз сөзінде -бұл тамаша, дегенмен кафедраның қызметі шектеулі болғандықтан, университет ректоры М.Сарыбеков  Республикада алғашқы болып Жамбыл облысы ҚХА жастарының ғылыми-шығармашылық орталығын ашуды ұсынды.Ол Жамбыл облысындағы барлық этномәдени бірлестігі жастарының жастар арасында ұлттық мемлекеттік біртектілік негізінде,Ұлт болашағын қалыптастыруда  әр-түрлі этнос өкілдері жастарының бойында Қазақстандық патриотизмді, ұлттық рухани, мәдени сана сезімді қалыптастыруды үйлестіру. Осы мақсатта, орталықтың негізгі дәрісханасынан бөлек,  университеттің дәрісханалары мен зертханаларын, мәжіліс залы мен акт залын,  жоғары ғылыми профессорлық-оқытушылық құрамыұсынылады. Жастар өз қалауымен таңдауы бойынша, таңдап алған бағытта ғылымменде, саясатпен де, шығармашылықпен де айналыса алады, өнердің ұлттық-қолданбалы түрлері мен жанрларын қоса алғанда. Орталықтың негізгі мақсаты-басқа ұлт өкілдері жастарына ұлттық құндылықтарымызды, халқымыздың тілін, мәдениетімен салт-дәстүрін таныту және бойына сіңіруге, дамытуға септігін тигізу.Сондай-ақ біздің аймақта тұрып жатқан барлық ұлттардың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері бойынша дәрістер беріліп отырады.

Салтанатты шараға қатысушылардың барлығы орталықтың қызметіне табыс тіледі  және бірігіп белсенді жұмыс жасауға ниет білдірді.