Таразда «Мектеп медиациясы» кабинеті ашылды

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Отбасы және мектеп» пилоттық жобасы аясында Тараз қаласының ювеналды сотымен  бірлесіп,  Тараз қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінде “Мектеп медиациясы”кабинетін ашты.

Іс-шараға сот өкілдері, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, АХАЖ, ювеналды заң консультациясының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, “Жастар ресурстық орталығы” КММ,  ішкі саясат бөлімінің,  ақсақалдар, аналар мен медиаторлар кеңесінің өкілдері қатысты.

Ювеналды соттың төрағасы Ербол Дүйсенбаевтың пікірінше: «Мектеп медиациясы – бұл тек білім беру әдісі ғана емес, сонымен қатар басқа адамды түсіну, қабылдау және тыңдау қабілетіне негізделген тұтас дүниетаным. Оны тәрбиелеу және білім беру саласындағы кездейсоқ жағдайларды шешу барысында пайдалану қажет».

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков медиация кабинетінде мұғалімдер мен оқушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек және психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол қақтығысты, оның тікелей қатысушылары шешуі тиіс екенін де және сонда ғана  проблеманың үздік шешімі табылатындығын түсіндірді.

Тараз қаласының әкімі Кенжебай Олжабай да бала мүддесі –  мемлекеттік саясат пен мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылатынын айрықша атап өтті.

Осы қатарда Медиация кабинетінің меңгерушісі  Валентина  Досыбиева  ҚХА Аналар, ақсақалдар  кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі мен медиаторлары өкілдерінің бірлескен жұмысы жүргізіліп жатқанын түсіндіре келе, облыстың орта мектептерінде мұғалімдер мен оқушылар арасында медиацияны қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айта кетті.

Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында  «Мектеп медиациясы» бағдарламасы бойынша  семинар-тренингтері жоспарланған, онда мұғалімдер,  психологтар, әлеуметтік педагогтар, оқушылар мен белсенді ата-аналар арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Семинар-тренинг оқушылардың медиативтік құзыреттілік деңгейін арттыру мектеп қабырғасынан басталуына,  медиация институтын дамыту  жұмыстарын  жүргізуде жол көрсетіп, болашақ ұрпақтың  кездейсоқ болатын дау-дамай мен қақтығыстар шиеленістеріне  медиативтік көзқараспен қарауға  үйрететін болады.

Медиация кабинеті мектеп медиаторларының жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жиһазбен жабдықталған.

Сонымен қатар, медиацияны қолдану саласы, медиацияны жүргізу қағидаттары туралы оқушыларға арналған ақпарат пен буклеттер, сондай-ақ мектеп медиаторларының тізімі орналастырылған арнайы стенд орнатылды.

Кабинеттің ашылу салтанатынан кейін облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің орынбасары Абдрахман Зайнутдинов «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Миражапова «ҚХА –бірлік пен толеранттылық үлгісі» тақырыбында, облыстық ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі В.Н.Досыбиева «Мектептегі Медиация» тақырыбында баяндама жасап, оқушылармен дәріс-әңгіме жүргізді.

Іс-шара соңында, отырысқа қатысушылар «Мектеп медиациясы» кабинетінің жоспарын  құру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді, өйткені олар мектеп қабырғасындағы қақтығыстардың төмендеуіне ықпал етеді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Балаларға сыйлықтар беріліп, қайырымдылық асымен қамтамасыз етілді

Балаларға  ұдайы  назар керек.  Ата-аналар балаларға жеткілікті уақыт бөлмеген жағдайда, әрбір отбасында және қоғамда оларды мінез-құлықтың өзгерісіне ұшырататын және құқық бұзушылыққа  жиі  әкеп соқтыратын түрлі өкінішті жағдайлар орын алады.

«Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әрбір баланың  өмірі мен жеке бас еркіндігі құқықтары бар. Мемлекет баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оны қорғайды. Заң бойынша баланы ата-анасынан немесе ата-ананың орнына тағайындалған  заңды өкілдерінен  өзінің қалауынсыз бөлуге тыйым салынады. Ата-анадан, туысынан  айыру  туралы шешім тек қажетті жағдайларда және баланы қорғау мақсатында ғана жасалады.

Осы ережені ескере отырып,  қиын жағдайға ұшыраған балаларды арнайы оқу орындарына жіберу арнайы соттың шешімімен ғана қабылданады.

Қазір республикада девианттық мінез-құлықтары бар балаларға арналған оннан астам арнайы мектеп бар. Осы мектептердің бірі Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасқан. «Тараз қалалық арнайы білім беру жағдайына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп-интернатында»  30-ға жуық оқушы бар.

Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы Аналар кеңесінің мүшелері  облыстық арнайы мектептің оқушыларымен кездесті.  Қайырымдылық тақырыбы үнемі маңызын жойған емес. Осыған байланысты аталған мектептің балаларын  әртүрлі кеңсе керек-жарақтарымен  қамтамасыз етіп, балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту және өз шығармашылық қабілеттерін көрсету негізінде  Аналар кеңесі өкілдері оларға  әр тақырыптағы кітаптар, сурет салуға арналған  бояулар,  қылқалам және  альбомдар, ойыншықтар сыйлады. Сонымен бірге, балаларға арналған қайырымдылық түскі ас берілді.

Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы отбасының беделін және ролін нығайтуға, балалардың қараусыздығы мен кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылықтарының алдын алу,  балалар  мен  жасөспірімдерді патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуге ықпал ету.

Жиын  «Қайырымдылық керуені» ұлттық компаниясының  «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы аясында өткізілді.

Іс-шараға Аналар кеңесі мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында арнайы мектептің балалары қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды. Ұл балалардан ұйымдастырылған домбырашылар тобы халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының «Ерке сылқым» күйін орындады. Қыздар тобынан құрылған трио «Қазақтың жері», «Анашым – асыл әнім» атты т.б. әндерді  және  өздері  шығарған өлеңдерін жұртшылық назарына ұсынды.

Кездесу соңында «Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілі, Аналар кеңесі мүшесі – Лобара Гаюпова мен оның дәмхана аспаздары  аталмыш мектептің  барлық оқушыларын түскі ас – дәмді өзбек палауымен тамақтандырды.

Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің  мәліметі бойынша Тараздағы ювеналды істер инспекциясында бір мыңнан астам жасөспірім тіркелген. Арнайы мектептердің басшылары мен  топ тәрбиешілерінің шыдамдылығы мен  жүйелі тәрбиелерінің,  сондай-ақ аналық  қамқорлықтарымен бөлісіп жүрген Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі мүшелерінің арқасында  кәмелетке толмаған  құқық бұзушылар саны азая түсуде.  Осындай игі істер –  қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың  қайта тәрбиеленіп,  жақсы қасиеттерге ие болып,  өз Отанының  лайықты азаматы  болып қалыптасуына  жақсы көмек.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жамбыл облысында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында өтетін «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанының бағдарламасы бойынша еліміздің барлық өңірінде «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтуде. Акциянын мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, олардың ішінде балалардың, көп балалы отбастарының, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту.

Осыған орай, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың сәуірінде Жамбыл облысының Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында өтетін «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті.

Аталған шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарының ішкі саясат бөлімінің өкілдері, облыстық Аналар кеңесінің жетекшілері мен мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері, ауданның жұмыссыз жастары, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының мамандары, аудандық, ауылдық округтері Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, аудандық сот өкілдері, медиаторлар, халық шығармашылығы шеберлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Акция Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылының агротехникалық колледжінде және де Меркі ауданы, Меркі ауылының №9-колледжінде Қоғамдық келісім кеңестері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерін «Жаңғырған ауыл» жобасымен  таныстырудан  басталды. Әрмен қарай еліміздің ауылдарын жаңғыртуда, жаңартуда жастарды талаптандыру, қызықтыру ретінде және адамгершілік-рухани тәрбие беру мақсатында колледж жастары арасында тренингтер өткізілді. Тренингтен соң Құлан ауылы мен Меркі ауылының колледж ғимараттары мен тарихи орындарына саяхат жасалып, акцияға қатысушылар жергілікті мұражайлармен  таныстырылды.

Сонымен бірге, «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары: отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында  Аналар кеңесінің  және  «Медиация – ел бірлігінің негізі» тақырыбында медиаторлардың, осыған қоса облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің де аймақтық кеңейтілген отырыстары өткізілді.

Аналар кеңесінің осы отырысында Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова  әр қазақстандық отбасындағы аналардың ролі мен міндеттерін тілге тиек етті. «Берік отбасы-тұрақтылығымыздың кепілі» қағидасын ұстана отырып, ананың қаншалықты перзентін моральдық, рухани құндылықтарға баулуынан еліміздің болашағы айқындалады,  осы тұрғыда өз ойымен бөлісті.

Қалалық және Меркі, Т.Рысқұлов аудандық медиаторлары өз отырыстарында аталған аудандар бойынша жастар арасында қауіпсіз ортаны қалыптастыру, қақтығыс және дағдарыстық жағдайларда жастардың медиативтік көзқарас дағдыларын дамыту қажеттігін, еліміздің болашағы жастардың белсенділігіне, мәдениетіне және қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты екендігіне, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олар үшін медиативтік құзыреттілік негіздерінің тренингтерін жиі өткізу мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бас маманы Сарыбаева Балхаш көп балалы аналарды тегін медициналық тексерістен өткізді.

Жиналған жұрт, колледж жастары JASTAR JYLY-DANGYL ZHOL» Қазақстан халқы Ассамблеясының  жобасымен таныстырылып, ауданның жұмыссыз, бос жүрген жастарымен кездесулер өткізілді. Олардың тізімі алынып, қанша пайызы жұмыс іздеуде қиыншылыққа ұрынады, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмаушылық,, «дипломды жұмыссыздық» мәселелерінің өзектілігі негізінде  жастар арасында анкеталық сауалнама жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары көзделді.

Шара барысында «Қазіргі заманғы дәстүрлі өнердің ролі» тақырыбында халықтық шығармашылығы шеберлеріне арналған дәрістер өткізіліп, «Туған жер» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті этномәдени бірлестіктер  қолөнер, қылқалам шеберлерінің шығармалары бағаланатын болады.

Осыған қоса, ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары өтті. Жиынға қатысушы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер,  дін істері, тілдерді дамыьу басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері – этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша сөз өрбітті. Семинар барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Рысты Керімбаева «Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтардың мәдени коды мен толеранттылық» тақырыбында жасаған баяндамасында ҚХА «Қазақтану» жобасы негізінде этносаралық жағдайлар қарастырылып, осы орайда күнделікті жұмыс жүргізілу қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге, аталған жоба барысында орындалатын жұмыстарды жүзеге асырудағы  өз тәжірибесімен бөлісті.

Қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық ассамблея этномәдени бірлестіктерінің мүшелері  бұл жолы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының және Меркі ауданы, Меркі ауылының  жағдайы төмен көп балалы 10 этностық отбасына  азық-түліктер таратып қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, «Жамбыл облыстық» «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Руслан Исмазов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев, Қазақстан республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латиф Айдаров, «Жамбыл облыстық» «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Зайнуддин Махусеевтердің басшылығымен аталған аудандардың аз қамтылған отбастарына азық-түліктің түр-түрі таратылып, қамығып отырған көп балалы аналарға қайырымдылықтар жасалып, бірнеше жанұялар қуанышқа бөленді.

«Бейбітшілік және келісім» керуені қайырымдылық іс-шарасының соңы ұлттар бірлігін ұлықтайтын және әркез қайырымдылықтарын аямайтын акцияға қатысушылардың қалаға қайтуымен аяқталды.

Іс-шараға 1000-ға жуық адам қатысты.


Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Таразда «Қазақтану» бағдарламасы аясында ашылған «МӘМІЛЕ» клубының екі отырысы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілген.

Бұл жобанын басты міндеті – қазақстандық этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа беру мен сабақтастық тетігін құру.

Жобаға байланысты облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мен «Қоғамдық келісім» арасында «Мәміле» жобасының (бұдан әрі – Мәміле клубы) тұжырымдамасы әзірленген еді.           Осыған орай  ағымдағы жылдың сәуірінде  Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығымен»  бірлескен «Мәміле» клубының екі отырысы қатар өтті.

Бұл клуб – тілді үйренгісі  келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады.

Отырыстардың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын дәріптеу. Мемлекеттік тіл саналатын қазақ тілінің бағасын түсініп, қазақ елінің дінін, ділін құрметтеу. Болашақ жастарды ұлттық патриотизмге, еліне, жеріне  деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шараға қатысушылар диалог алаңында «Ерлі-зайыпты, ұл-қыз» және «Туған-туысқан» (өз жұрты, қайын жұрт, нағашы жұрт) тақырыптары аясында  әңгіме өрбітті.

Отырыстың спикерлері – өңірлік «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Айгүл Кабиева, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев, «Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің» төрайымы Мухаббат Тұрдиева, «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тіл жанашыры Мәскеу Ноқрабеков этнос жастарына өз ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, отырыста белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің сценарийі бойынша  отандық «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  «Қыз Жібек» фильмінен үзінділер көрсетіліп, әр ұлт өкілдерінің жастары қазақтың салт-дәстүрлері, ырымдарын  фильмді арқау етіп ұғыну, көру арқылы өз жеке көзқарастары мен ой-толғамдарын ортаға салды және тіл үйренді.

Отырыс соңы өткізілген дәрістерді сараптау және қорытындылаумен аяқталды.

 

Жамбыл облыстық әкім аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ  Баспасөз қызметі

АҚПАРАТ Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинар өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айында Жамбыл облыстық әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық бөлімінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарының мемлекеттік қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында  «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді арттыру. Корсетілген тақырып бойынша тыңдаушылардың заманауи білімі мен дағдыларын меңгеру болды.

Іс-шараға этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Белгіленген бағдарламаға сәйкес семинар модераторы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты  Парида Мамедова  «Жамбыл облысындағы этноконфессионалды жағдайды талдау және шолу: этномәдени, діни бірлестіктердің мемлекеттік құрылымдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша ұсынымдар» атты  баяндамасында Жамбыл облысындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды, қоғамдық келісімді нығайту, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту бойынша ұсынымдарын атап көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Әлімбекова Гүлхан «Жана әліпби және емле ереженің жаңалықтары» тақырыбында жазылған  баяндамасында жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері мен жаңа әліпбиге көшу жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинарда Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» «Жаңа әліпби мен емле ережелерінің жаңалықтары» тақырыбында тренинг өткізді.

Аз ғана үзілістен соң, Жамбыл облысы әкімдігінің  «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ақпараттық түсіндіру және жоспарлау бөлімінің инспекторы Бахтияр Алпысбаев өңірдегі діни жағдайға баға бере отыра, Қазақстанның бүгінгі өмірінде ислам факторы үлкен мәнге ие екендігін,  бұл бір жағынан қуантарлық жағдай болса,  екінші жағынан ислам дінін өз мүдделерін жүзеге асыру жолында қолданғысы келетін діни радикалды топтардың белсенділігі де алаңдатпай қоймайтындығын өзекті мәселе ретінде қарастырды.

Сондай-ақ,  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі Раушан Сейдрахманова жаһандану үрдісінде  әлемді шарпыған рухани дағдарыс жағдайында тұлғалардың адами құндылықтарға бүгінгі таңда мән бермеуі туралы практикалық тренинг жүргізді. «Менің құндылықтарым» тренингі арқылы әрбір адамның жеке «мені» «сананы тазалауы», сананы кеңейтуді қамтамасыз ететін рухани байлыққа жетілдіруі керектігі туралы ой қозғады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керимбаева «Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» тақырыбында баяндама жасады. Еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық кодын қалыптастыру жолында жасаған ғылыми-педагогикалық жобасымен таныстырды. Автордың жобасы  2018 жылдың 19 қарашасында Астана қаласының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық  бірліктің қазақстандық моделіне» арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауда  1-орын иеленгенімен хабардар етіп, жобаның практикалық маңызымен таныстырды.

Ғылыми-сараптамалық топтың бұл отырысында Жамбыл облысындағы эносаралық жағдайлар қарастырылып, әлеуметтік зерттеу нәтижелері қорытындыланып, атқарылған жұмыстарға  толықтырулар енгізілді.

Жиын соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталып, өткізілген іс-шараның қорытындысы жарияланды.

 

Жамбыл облыстық әкім аппаратының                          «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Таразда Тарас Шевченконы еске алуға арналған фестиваль өтті

Тарихта таңбасын қалдырған есімдер көп. Оларға украиндық Кобзар, ұлттық мүдделер үшін күрескен ақын және суретші Тарас Шевченконың аты да кіреді. Оның поэзиясы советтік одақтық мемлекеттердің барлық мектептері мен жоғарғы оқу орындарының – институт, университеттерінің оқу бағдарламаларында кеңінен көрсетіліп отырады. Ақынның поэтикалық мұрасының ең жақсы мысалдары әлемнің барлық тілдеріне аударылды. Т.Г.Шевченко Қазақстанның жүрегінен құтты орын алған ақын. Шевченконың жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің он бір жылы Қазақстанда өтті. Шығармаларында еркіндікке деген сүйіспеншілігін білдіргені үшін өз жеріндегі патша үкіметіне жақпай жер аударылған.

Ағымдағы жылдың наурызында Жамбыл облысы «Днипро» украин этномәдени орталығы белгілі ақын Тарас Шевченконың 205 жылдығына арналған облыстық фестивалі өтті.

Украин ақыны Тарас Шевченконың тағдыры мен шығармашылығы үш елді – Украина, Ресей және Қазақстанды байланыстырды. Наурыздың 9-ы күні туған, қысқа ғұмырының жеті жылы қазақ жерінде өткен. Кирилл-Мефодий мәдени-ағарту қоғамының мүшесі болғаны үшін және әсіресе орыс патшайымы туралы пародия-өлең жазғаны үшін айыпталып, қатардағы солдат болып қызмет ету жазасына кесілген оны Қазақстанға жер аударған. Мұнда Тарас Шевченко он жыл бойы, 1847 жылдан бастап 1857 жылдар аралығында саяси жер аударылды. Ол қазақ халқының өмірі мен тұрмысын шындық тұрғысынан, терең түсінікпен және шын ниетімен көрсеткен бірінші украин суретшісі болды. Ұлы қазақ халқы туралы орыс тілінде жазғандардың алғашқысы, өзінің көптеген суреттерінде шексіз қазақ даласының табиғаты мен көшпелі халықтардың өмірін бейнеледі. Мұнда ол үлкен көлемде поэтикалық шығармалар мен повестерді жазды.

Мұхтар Әуезов белгілі ақын туралы «Тарас Шевченко ең бірінші реалист-суретші, реалистік тұрғыда қазақ халқын, қазақ даласын, қазақ қырын бірінші болып Еуропаға танытқан» деген еді.

Ақынның құрметіне арнап «Днипро» украин этномәдени орталығы Тарас Шевченконың 205 жылдығына орай облыстық көлемде әдеби кеш түрінде фестиваль өткізді.

Фестиваль барысында концерттік бағдарлама ұсынылып онда аталған ақынның өлеңдері оқылып, әндер айтылып, би биленді. Тарас Шевченко туралы бейне ролик көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ, кешке «Маричка», Асыл ана» вокалдық ансамблдері, «Үкілім-ай», «Жас дәурен» би топтары, этномәдени бірлестік өнерпаздары және мектептен тыс жұмыс орталығының балалары қатысты. Фестивальдің ең жас әншісі Мухрабек Балтабек патриоттық «Мен қазақпын!» әні мен «Он алты қыз» көңілді-сықақ әнін ерекше талантпен орындап, жұртшылықты таң қалдырса, сонымен бірге украин этномәдени бірлестігінің белсенді жас әншісі, «Днипро» этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар кеңесі төрағасы Сергей Зуенканың немересі – Виктория да «Я бажаю Вам добра» атты украин әнін асқан шеберлікпен орындап, жиналғандардың ілтипатына бөленді.

Кеш барысында бүгінгі күнгі мерекемен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы «Днипро» украин этномәдени орталығының төрағасын, өкілдерін және кешке қатысушы қонақтарды құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді: – Қазақстанның көрнекті украин ақын, суретшісі және этнографы Тарас Шевченко Қазақстанның кең байтақ далаларында өмірінің 10 жылдан астам уақытын өткізіп, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне құнды көркем, әдеби, және ғылыми үлесін қосты. – Қазақстандағы Кобзар- ақын Тарас Шевченконың шығармашылығынан, ой-толғауларынан оның ерекше сезімін, гуманизмін және адамгершілігін, қарапайым қазақ халқына деген қайырымдылығын, шын ақ ниетін көреміз. Бұл – бауырлас Украинадағы ұлы генийдің бейнесі. Бүгінде біз Қазақ елі бұл ақынның есіміне үлкен құрметпен, ерекше мейірімділікпен қараймыз. Және де, бүгінгі күні украин этомәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара бауырластық махаббат пен өзара сыйластықтың көрінісі іспеттес.

«Днипро» украин этномәдени орталығының төрағасы Федор Леонтьевич Клименко да жиналған жұртшылықты құттықтап, іс-шараға белсене қатысушыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің

тілшісі Н.Оңғар

Қош келдің, әз – Наурыз!

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі – Қазақ Елі-Жамбыл жері әз-Наурызды 9 күн тойлайтыны белгілі. Осыған орай 18 наурыз «Ынтымақ» күні деп бекітілген болатын. Аталған күні «Көне Тараз» тарихи – мәдени орталығында Жамбыл облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты меркелік іс-шаралар легі ұйымдастырылды.

Ынтымақ ұялап, бірлік қонған Қазақ Елінде көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні қатарынан бесінші күн тойлануда Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып келеді. Әрі жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

Мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, ҚХА Аналар, Ақсақалдар мен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, көп балалы аналар,                              аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, суретшілер және  қолөнер шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы,               «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Айбын» әскери патриоттық клубының мүшелері, қала қонақтары мен тұрғындары, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Дулати жастары» жастар театры,                     Тараз қаласы білім және спорт бөлімдері, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы, қала қонақтары мен тұрғындары, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Наурыз – бірлікке, ынтымаққа шақыратын мереке, қайырымдылық айы болғандықтан, қоғамды мейірімді болуға үгіттейді. Бұл күні аймақтағы этномәдени бірлестіктер мен этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерттер, салт – дәстүрлерді насихаттау көрсетілімдері ұйымдастырылады. Осынау мереке арқылы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, қоғамды мейірімді болуға үгіттейді.

Мерекелік шара Достық үйі ғимаратының ауласында туған жер, ел, достық сынды тақырыпта әр түрлі тілдегі радиоконцертпен басталды.

Ғимараттың алдына киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды, сондай-ақ  тоғызқұмалақ, асық, ләңгі және тағы басқа ұлттық ойындар ойнатылды. Көне Тараз тарихи-мәдени орталығының ашық алаңында этномәдени бірлестіктердің суретшілер мен қолөнер шеберлердің көрмесі және мастер класс ұйымдастырылды. Облыстағы этномәдени бірлестік басшылары мен жастары Достық үйінің алдына ынтымақ пен бірліктің нышаны іспеттес мәңгі жасыл қалпын сақтайтын шырша талы отырғызылды.

Сонымен қатар, шара барысында мерекелік концерт көрсетілді. Концерт «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Дулати жастары» театрының қойылымынан басталды. Меркелік концерттік бағдарламада «Мектеп және мектептен тыс шығармашылық дамыту орталығының» бүлдіршендері, «Үкілім», «Infiniti», «Тохуар» би ансамблдері және  неміс этномәдени бірлестігінің «Эремурус» вокалдық ансамблінің өнерпаздары, сонымен қатар, Қосақбаева Ақбота, Замир Әуелбеков, Аркадий Овчинников пен Мұхамеджан Дамир сынды өнерпаздар әсем әндерімен көпшілікке көреңікі көңіл күй сыйлады. Концерт соңы әр этнос өкілдері ақсақалдарының бата беріп, аналардың шашу шашу үрдісімен аяқталды.

Мерекелік концерттік бағдарламадан кейін, Достық үйі ғимаратының алдында көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, қарттар, жалғызбасты аналар және қала тұрғындары мен қонақтарға арналған киіз үй тігіліп, дастархан жайылады. Қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған күнтізбесі бойынша наурыз айына арналған «Шашу» акциясы өткізіліп, қазақ халқының ұлттық әрі ерекше дайындалатын тағамдарының бірі наурыз көже, бауырсақ, құймақ және палау дайындалып, көпшілікке таратылды.

Жамбылда бесінші күні тойланып отырған «Ынтымақ» күніне арналған «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты Достық үйінен бастау алған мерекелік шара қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағындағы өңірлік этномәдени бірлестік өкілдерінің шығармашылық топтарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен жалғасты.

Мұндағы концерттік бағдарламаға «Үкілім», «Юлдузча», «Асылай», «Дейвмакх Стайл», «Эремурус» би ансамблдері, Қосақбаева Ақбота, Замир Әуелбеков, Нұрай Ғаниқызы, Болатбек Мухраб, Аббасов Мамедали, әскери штабтан құралған  «Жалын» тобы, «Асыл Ана», «Калинка», «Маричка» вокалдық ансамблдері, орыс халқының халық аспаптарынан құралған оркестр, «Самульнори» барабаншылары қатысты. Сондай-ақ,  «Ордабасы» командасы  спорттық қимылдар көрсетті.

Мерекелек іс-шара аясында облыстық ассамблея құрылымдарының қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді.  Жалпы, мереке күні 3500 адам

Сондай-ақ, дәл осы күні яғни18 наурыз күні Талас аудандық орталықтандырылған кітапханада 22 – наурыз Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған , «Ынтымақ» күніне арналған  «Наурыз айы туғанда» атты салт-дәстүр кеші өткізілді. Кеште тұсаукесер рәсімі өтіп, наурыз көже таратылған.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

АҚПАРАТ Таразда 8-наурыз халықарлық әйелдер күніне орай Аналар кеңесінің кеңейтілген салтанатты отырысы өтті

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларын ілгерілету шеңберінде А.Ағымдағы жылдың 27 ақпанында “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 6 наурызында аймақтық Достық үйлері базасында түрлі этностардың көп балалы аналарының қатысуымен әртүрлі форматта іс-шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай өңірдегі Достық үйінде «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесінің салтанатты кеңейтілген отырысы өткізілді.     Салтанатты кеңейтілген отырысты ұйымдастырушылар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдык мемлекеттік мекемесі.

Шараның мақсаты – көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шараларын түсіндіру, әрбір нақты аймақта отбасылық негізде шағын және орта бизнесті жүргізу үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жеткізу. Көп балалы және жас отбасыларды қолдау бойынша әрбір өңірде қолданылатын шаралармен таныстыру. Сондай-ақ табысты отбасылардың нақты мысалдарында осы шараларды қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіру.  Жұмысты, бизнестің түрлі саласындағы жетістіктерді және балаларды тәрбиелеуді табысты ұштастыра білген аналардың өмір-тарихынан мағлұмат беру. Сонымен бірге, аналарға өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақыру.

Салтанатты кеңейтілген отырысқа облыстық этномәдени бірлестіктің аналары, көпбалалы аналар, меценаттар, өз кәсібі саласында жетістікке жеткен қыз-келіншектер, отбасы мен қоғамдық жұмыстарды тең алып жүрген азаматшар қатысты.

Аталмыш іс-шараның жүргізіліуі барысында жиналған жұртқа мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеште барша нәзік жандылардың құрметіне ән де айтылды, би де биленді. Үй мен түзге теңдей үлгеріп жүрген азаматшалардың, қоғамда белсенді аналардың, қайырымдылық жасаудан үлгі болып жүрген қыз-келіншектердің өмірлерінен басқаларға ұлағат болсын деген ниетпен LED экраннан бейнероликтер  ұсынылды.

Салтанатты кеш басында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абдикешова Күләш Амедиқызы жиылған жұршылықты көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі саналатын  8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, еңбек жолдарына шығармашылық табыстар мен  сәттілік тіледі.

Концерт барысында «Riverdance», «Жасдәурен», «Грация Кавказ» үлгілі би ансамбльдері және Фирсов Андрей, «Болашақ» тобы, Власов Андрей, «Камег-тон» сынды әншілер, вокалдық топтар, скрипкашылар тобы және «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері  өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы кеште мерейлі мерекеге жиналған барша қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады. Олардың арасында облыстық ассамблея жұмыстарына ерекше атсалысып жүрген өзге этнос өкілдері азаматшаларына ерекше алғыс білдірді. Сондай-ақ, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева ханым Апаева Таня Мудалифовна, Корнилина   Людмила  Григорьевна, Турдыева  Мухаббат Абдрахмановна,  Аббасова  Рабохан Юлдашовна, Темірәлиева  Камшат  Амангелдіқызы,   Усенбаева  Зухра Алтынбекқызы, Мороз Галина Ивановна, Асылбекова Эльмира Жақсыбайқызы, Малибекова  Нурила Эдихановна, Аденова  Сәуле  Өнгенбайқызы,  Айтбекова Ұржан Ізтілеуқызы, Карманова Тамара Викторовна,  Алтаева Сәния Мақсұтқызы, Металимова Гүлшан Исмаиловна,  Гаюпова Лобар Төлегенқызы, Цой Екатерина Алексеевна, Ким Ульяна Романовна сияқты облыс көлемінде қоғамда ерекше белсенділік танытып жүрген нәзік жандылар қауымына арнайы сый-сияпат көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелелік салтанатты кеңейтілген отырыстың соңы қонақтарды фуршеттік дастарханнан  дәм татқызып, естелік суреттерге түсумен тәмамдалды.

 

        

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Таразда ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті

Тараздаға  іргелі оқу орындарының бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстан жастары-табысты болашақтың кепілі» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының  кеңейтілген  отырысы өтті.

Отырысқа Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Аналар, Ақсақал кеңестері, этномәдени бірлестіктерінің жастары, оқытушылар, магистранттар мен білімгерлер, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ мен ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен өткен отырыс университет ректоры, ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызының құттықтау сөздерімен басталды. Жиылған жұртшылықты бірнеше күн бұрын ғана өткен Алғыс айту күнімен құттықтап, биылғы жастар жылында жастарға көбірек көңіл бөліну, алдағы уақытта атқаруға тиіс жұмыстар жүйелері туралы сөз қозғалды.

Жиын барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы «Жастар Тәуелсіз Қазақстанның болашақ негізі және Ұлы даланың тірегі!» атты өз баяндамасымен таныстырды.

Жанғазы Нұржанұлы өз сөзінде «Болашақтың негізі бүгіннен қаланады. Ал, жастар-болашақтың мәңгілік қозғаушы күші. Сондықтан, Қазақстанның болашағы жастардың, экономикалық, саяси, рухани және қоғамдағы даму деңгейімен тығыз байланысты.  Бүгінде ең маңыздысы жуық арадағы 5-10 жылдың ішінде дамудың жаңа сатысына көтерілу үшін бірінші кезекте назар аударуға тиісті мәселеллер бар.Олар: ғылым мен ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту, тұрғын үй мәселесін шешу: жас отбасылар үшін тұрғын үйді қолжетімді ету, халықтың мәдениет және білім деңгейін арттыру, бюджет бөлінетін жалақының ұлғайту»- деді.

Жиылған жұртшылық алдында екінші болып Миражапова Мухабатхон Сайдуллаевна «Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен дамуына аналардың қосқан үлесі» атты өз баяндамасын жасады. Мухабатхон Сайдуллаевна Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі.  Аналар кеңесінің төрағасы еліміздің барлық өңірінде Аналар кеңесі  жылына бірнешге мәрте бас қосып тәжірибе алмасып отыратындарын, түрлі іс-шаралар өткізу арқылы кейінгі жас ұрпақ бойындағы  тәрбие-талғамды түзеп отыратындарын жеткізді. Сонымен қатар, Мухабатхон Сайдуллаевна төрелік етіп отырған Аналар кеңесі облыс көлемі бойынша көмекке мұқтаж аналар мен балалар, жас отбасыларға көмек қолын созып келеді. Одан бөлек биылғы жылы түрлі жан –жалдар мен даулардан шайқалған 35 шаңырақтың 32 ажырасу секілді бүгінгі қоғамның дертінен аман алып қалған. Қалған 3 отбасының арасы еш дау, жан-жалсыз ажыратылған. Аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары ел игіігі мен халық қажеттілігіне жарап жатыр. Жиын баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тақырыптар талқыланып, кеңейтілген отырыстың қатысушылары жиын барысында белсенділік танытып отырды.

Сонымен бірге Кеңейтілген отырыста М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Мамедова Парида Иманжанқызы өз баяндамасын жасады. Баяндама тақырыбы «Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырыс аясында «Жамбыл облысындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары» деп аталады. Аталған баяндамада Парида Иманжанқызы «”Жастар-зерттеу” жастар қоғамдық бірлестігі 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін бірнеше ай бойы Жамбыл облысындағы этноконфессиялық жағдайды бойынша стандартталған зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, жеке кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының қызметкерлері мен иелері, кәсіпкерлер мен жұмыссыздар бар. Барлығы 18 жастан асқан 1200 адамнан сауалнама алынған. Саулнамаларды өңдеу барысында 1093 сауалнама өңдеуден өтті. Оның 41,8 әейел азаматтар болса қалған 58,2 пайызы ер азаматтар. Сонымен зерттеу жұмысы нәтежиесінде этникалық құрамда қазақтар үлесі басымрақ. Олар – 63,9%. Орыс ұлтының үлесі – 6,7% респонденттер, ал дүнген – 6,9%, түріктер – 5,6%, өзбек – 3,1%, күрдтер – 2,0%, әзірбайжандар – 3,4%, кәрістер – 1,3%, татарлар – 2,7%, немістер – 1,8%, басқа ұлттар-4,6% құрады» -деді.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының  кеңейтілген  отырысының соңында топ құрамы жаңартылып, естелік суреттерге түсумен аяқталды.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Қазақ халқына мың алғыс!

Көктемнің алғашқы күні, Алғыс күні Тараз қаласындағы Достық үйінде кең көлемде аталып өтті.

Алғыс айту күні – біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі,                әр алуан этнос өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың                         2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн этносаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, жалпыхалықтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні болып табылады.

Бүгінгі таңда бұл мереке – барлық қазақстандықтар үшін қайырымдылықтың, достық пен бірліктің жарқын үлгісі, ел азаматтарының ынтымағын арттыруға ықпал ететін мереке. Алғыс айту күні – Қазақстанда бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құруының айғағы. Сындарлы саясаттың арқасында елімізде жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.

Биылғы жылы «Қазақ халқына мың алғыс!» атауымен өткізілген мерекелік іс-шараның мақсаты Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға ықпал ету, этникалық топтардың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау, этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және ұлттық құндылықтарды құрметтеу.

Мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың және Қазақстанға жер аударылғандардың ұрпақтары, облыстық соттың төрағалары, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының оқытушылары,  Би, Аналар, Ақсақалдар мен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, облыстық медиаторлар, қылқалам және  қолөнер шеберлері,               «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен «Айбын» әскери патриоттық клубының мүшелері, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Мереке қарсаңында өңірлік Достық үйіне бет алған жұртшылықты мұндағы қызметкерлер туған жер, туған ел, достық, татулық сынды тақырыпта әр этностың тілдерінде жүргізілген радиоконцертпен қарсы алды.

Достық үйінің бірінші қабатындағы фойеде «Өмір ағашы» орналастырылып, оған тілек жазылған қағаз алмалар ілінген.  Сонымен қатар, қайырымды жандар үшін мұнда «Жүрек» инсталляциясы да қойылып, онда денсаулық жағдайынан қаражатқа мұқтаж жандардың фотосуреттері жабыстырылған.

Достық үйінің екінші қабатында қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйі орналастырылып, дастарханға қазақтың ұлттық тағамдары қымыз, құрт, ірімшік, бауырсақ т.б. ұсынылған. Мұнда қонаққа келгендер дәмнен ауыз тиіп, оларға тағамның құрамы мен пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген киіз үй  ішінде қамшы, домбыра сияқты бұйымдар ілінген.

Елбасымыз 2018 жылы қараша айының 21 жұлдызында жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айтылған жылқы түлігі ежелден Ұлы Даланы мекендеген қазақ халқының жеті қазынасының бірі саналатын киелі жануар. Дастарханға қымыз сусының қойылып, оны кеңінен түсіндіру әрі ерекше назар аударуының басты ссебебі осында.

Сонымен бірге, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының оқытушылары дайындаған этникалық стильдегі заманауи қазақы киімдерден дефиле ұйымдастырылды. Сән көрсетілімімен бірге қалалық, облыстық  қолөнер және қылқалам шеберлерінің тундыларынан көрме көрсетілді.

Мерекелік іс-шара барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық соттың төрағалары, әділет органдарының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және Билер, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің мүшелерінің қатысуымен «Медиаторлардың ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Ашық есік күнінің басты мақсаты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша медиация институтын дамыту, қабылданған шаралар туралы азаматтарды хабардар ету болып табылады.

Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековтың алғы сөзімен басталды. Б.Орынбеков өз сөзінде «Сіздерді «1наурыз – Алғыс айту» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚХА ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні – 1 наурыздыалғыс айту күні» атап өтуді ұсынды. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл елдің бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. Құрметті жерлестер! Халқымыз алғыс, бата алуға үлкен мән берген. Ендеше, осындай күнді пайдалана отырып, айналамыздағы мұқтаж жандарға қол ұшын созсақ, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға аз да болса көмек көрсетсек жақсы болар еді. Қоғамның ең басты құндылығы – тұрақтылық пен бірлікті сақтау үшін осы атаулы күнді барынша жоғары деңгейде өткізу қажет. Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, сәттілік және жанұяларыңызға бақыт тілеймін!»-деп, жиылған жұршылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Ары қарай мерекелік кеште «Қазақ халқына  мың алғыс!» тақырыбындағы «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұсынған театрландырылған қойылымы көрсетілді.

Меркелік концертте  «Нұр-Шашу»,«Үкілім», «Тохуар» , «Юлдузча» және «Дэймакх Stayle» би ансамблдері, «Асыл ана», «Калинка», «Маричка» вокалдық ансамбльдері және Нұрай Ғаниқызы, Болатбек Мухраб, Қосақбаева Ақбота, Замир Әуелбеков, Әсетова Элдана және «Самульнори» барабаншылары мен мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының дарынды  балалары өнер көрсетті.

Сонымен қатар кеш барысында «Өмір сыйла!» қайырымдылық акциясы мен «Рахмет» флешмобы, облыстық ассамблея мүшесінің Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы ана Г.Мырзахметоваға пәтер сыйлануы, «Мейірімділікпен бірлікке!» қайырымдылық науқаны аясында «Сарқыт» акциясы, Алғыс айту күні және «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» құрылғанына 30жыл толуына орай «Біз-Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты ашық есік күні, Қордай ауданы Масаншы ауылында «Қазақ халқына алғыс» ескерткішіне және Сортобе ауылындағы «Ноғайбай би» стелласына гүл шоқтарын қою рәсімдері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Мерекелік іс-шара соңы әр этномәдени бірлестік мүшелерінен құралған ансамбльдік топтың «Өз елім!» әнін орындалуымен және естелік суреттерге түсуімен аяқталды.

Сондай-ақ, Алғыс күні қарсаңында, яғни екінші наурыз күні «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі Тараз қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінде меркелік кеш өткізді. Іс – шара «Алғыс күні», «Жастар жылы»  және Қазақстанда тұрып  жатқан «Ахыска» түрік халқының 75-жылдығына арналған.

Кеш барысында Интерактивті кабинетте ауызша толеранттылық сабақтар жүргізіліді, Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің дайындаған бейнеролик көрсетілді, концерттік бағдарлама ұсынылды және мектеп мұғалімдеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жиылған жұршылықты Жамбыл облысы әкімі аппаратының«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова және «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев Алғыс айту күнімен құттықтап, қазақ халқына рахметтерін айтты.   

Кеш соңы, аспанға шар ұшырып, шақырылған қонақтарға бауырсақ таратумен және естелік суреттерге түсумен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі