«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың  тамызында Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысын Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жасөркен Жақсылық пен  Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Юрий Минаков өткізді.

Күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер  бойынша Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралыТ.Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен облыс әкімдігі білім басқармасының «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Гүлзира Дәрібаева баяндама жасады. Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Леля Узденоважәне сонымен қоса, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағалары және аудан әкімдерінің орынбасарлары пікірлерімен  бөлісті.Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева өзінің баяндамасында жоспарланған іс-шараларға сәйкес «Қазақтану» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясында 15 іс-шара, 2019 жылдың бірінші  жарты жылдығында барлығы 6850 адам қатысқан 11 іс-шараның өткізілгендігі турасында атап өтіп, екінші жарты жылдыққа жоспарланған қалған 11 іс-шара жөнінде қысқаша мәлімет берді: -«2019 жылдың екінші жарты жылдығына 11 іс-шара жоспарланған. «Мәміле» клубы, шеберлердің қолөнер клубы өз жұмысын жалғастыруда. «Қазақтану» – Қазақстанның барлық этностары арасында қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, тілін үйренуге және насихаттауға бағытталған жоба. Осы тұста жобаның жастар үшін ерекше маңыздылығын атап өткім келеді. Аталмыш жоба қазақ мәдениетінің дәстүрге бай тарихына терең үңіле білуге, көшпелі халықтың сан ғасырлық философиясын түсіну мүмкіндігіне жетелейді. Ол қазақ халқының құндылықтарын рухани қабылдау арқылы жас қазақстандықтарды біріктіруге жаңа серпін бере алады».

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің осы отырыстағы шешімі бойынша: Т. Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімі орынбасарларының және облыс әкідігі білім басқармасы басшысының атқарған жұмыстары туралы есебі назарға алынуы; облыс әкімдігінің басқарма басшыларына және  Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

– Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту;

– Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі және кәсіби емес медиаторлардың жұмысын жандандыру. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпарт 2019 жылдың 26-қарашасына дейін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығына берілуі; осы  шешімнің орындалуын қадағалау облыстық ҚХА хатшылығының бас инспекторы Ж. Жасөркенге жүктелуі сынды мәселелерні алға қойылды.

Жиын соңы ҚР 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес, этномәдени бірлестіктер басшыларының есептерінің назарға алынуы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысына – этномәдени бірлестік өкілдері мен жастарына қазақ халқының танымал ғылыми, деректі, көркем фильмдердің көрсетілімдері мен талқылауларын ұйымдастыру, сондай-ақ аға буын мен жастарға аймақтық тарихи орындар мен қорықтарға саяхат жасатып, қазақ халқы тарихының ұмытылмас беттерін зерделеу туралы викторина мен интеллектуалды  турнир ұйымдастыру сияқты ассамблея іс-шараларын іске асыру жөнінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің шешім қабылдауымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Тараз қаласының Достық үйінде Конституция күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 28-тамызында Тараз қаласының Достық үйінде   Жамбыл облысы  ҚХА Аналар мен ақсақалдар кеңесінің этномәдени бірлестік  жастарымен   Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Елімнің еркіндігі – Ата Заңым» атты кездесуі өтті.

Кездесуді ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Салтанатты түрде орындалған Мемлекеттік әнұраннан соң облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық және қалалық БАҚ тілшілері қатысуымен өткен іс-шараның модераторы   Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы күн тәртібінде белгіленген мәселелерге тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі – Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы

«Қазақстан Республикасының Конституциясы – еркіндік, теңдік және бостандық мұраттарын ұстану» тақырыбында сөз сөйлеп, Конституциямыздың ерекше тұстарын атап өтті.  Келесі кезекте «Ахыска»  түрік  этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы» төрағасының  орынбасары – Зуфаров Ибрагим Хуршудұлы  Ата заңымыз – Конституцияның біздің өміріміздегі маңыздылығы жөнінде баяндама жасап, Қазақстан конституциясына сәйкес  қазақстандықтардың ұлтына, тіліне, дініне шектеу қойылмай, құқықтары тең дәрежеде қаралатындығы, кез-келген Қазақстандағы этнос өз салт-дәстүрлерін ұстануға, көпшілік назарына ұсынуға құқылы екенін қуантатыны жайлы ой-пікірін ортаға салды.  «Және әрбір қазақстандық азамат конституцияда көрсетілген заңға сәйкес әрекет етсе, Қазақстанның болашағы жарқын болары анық. «Ахыска» этномәдени бірлестігі еліміздің Ата заңына толық арқа сүйеп, медет тұтамыз» – деп сөзін түйіндеді.

Жиын соңында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсұдқызы іс-шараға қатысқан этномәдени бірлестіктердің аға буыны мен жастарын  Конституция күнімен құттықтады.

Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды

Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды.  Мектепкебарар уақыт  жақындап келеді. Қарбалас кезең: алғашқы қоңырау соғылады, кіршіксіз,  сыңғырлаған балалар күлкісі үздіксіз естілетін кезең. Қамсыз балалық шақтан,жауапты мектеп өміріне көшу. Осы тұста білім күніне орай Тараза қаласының«Достық үйі» ғимаратндаұйғыр этносының бірінші сынып оқушылары “Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және аталған іс-шараның ұйымдастырушысф Турдыева Мухабат ханыммен кездесті. Мухабат Абдрахманқызы балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан мерекемен құттықтады:

–  «Бүлдіршіндер, сіздер үшін “мектеп”атты жаңа жол ашылғалы тұр. Сіз үшін бұл жол қызыққа және тағылымға толы болсын. Сіздертек қана жақсы бағалармен ғана емес, сонымен қатар ұқыптылықтарыңызбен мына біздерді  қуантады деп сенемін! Ақ жол тілеймін сіздерге! »

Одан әрі оқушылар Достық үйі ғимаратының ішінде және Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайы бойынша танымдық экскурсия жүргізілді. Мұхабат Абдрахманқызы балаларға олардың мәдени мұрасы мен ондағы экспонаттары туралы толық айтып берді. Балалар айтылған әңгімелерге үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында балаларға алғыс хат пен мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзак табыс етілді. Айта кету керек, Мухабат Абдрахманқызы үшін бұл дәстүрге енді. Жыл сайын ол бірінші сынып оқушыларын сыйлықтармен мектеп атты кемеге шығарып салады.

«Ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқу»

Ағымдағы жылдың  мамыр айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қолдау тапқан ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқу» эстафетасы бастау алған болатын. Ел назарына іліккен бұл челлендж   әлеуметтік желілерде  кеңінен етек жайды.  Айта кету керек, #Abay175 хэштегімен  танылған челленджі  Қазақстанның түкпір-түкпірінен елге танымал беделді азаматтарымыз, қоғамдық қайраткерлері, өнер адамдарының, БАҚ өкілдерінің т.б.  белсенді қатысуымен  өз жалғасын тауып жатыр. Халық назарына іліккен бұл жобадан Жамбыл облысы да қалыс қалған жоқ. Тарихи өлкеден  Қазақстан халқы ассамблеясы  атынан «Жаңғыру жолы» жастар активінің  және «Радонеж» орыс қауымы қоғамдық бірлестігінің» белсенді мүшесі Трегубова Виктория Вячеславқызы  оқ бойы оза шапты.

Жерлесіміз Виктория  Абайдың «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»  атты өлеңін оқып, республика көлемінде танымалдыққа ие болды. Викторияның оқыған өлеңінің видеосы «Қоғамдық келісім» РММ және облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен  әлеуметтік желілерде жүктелген болатын.  Бейне-ролик  60 мың қаралым жинап, 1500 репост жасалды.  Қазақ тілін жетік меңгерген  Виктория Вячеславқызы 29-тамызда Қазақстан Конституциясы күніне орай ҚР Президенті  Қ.Тоқаевтың қатысуымен  өтетін бүгінгі  республикалық мерекелік концертте ғұлама Абай Құнанбаевтың туындысын  мәнерлеп оқитын болады.

Тілге құрмет – елге құрмет

Тілге құрмет – елге құрмет. Тіл- әр ұлттың жаны, мінезі,пейілі, оның көп ғасырлық тарихы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі–қазақ тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жауапкершілігі орасан зор. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасатын қасиетті ұғым – өз ана тіліміз. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.

Мемлекеттің ұстанған тіл саясаты бүгінде өз жемісін беріп отыр. Көптеген этномәдени бірлестіктер өкілдері, әсіресе жастардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы мен құрметі артып келеді. Мемлекеттік тіл әр адамға өзінің қайраткерлік мүмкіндігін кеңейту үшін қоғам, мемлекет ісінде өзін-өзі көрсете білу үшін ел тағдырында ықпалды тұлғаға айналуы үшін керек. Жаңа әлемдегі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жаңа Қазақстан тұғыры рухани құндылықтарға негізделген, бұл біздің мемлекетіміз ұстанып отырған саясаттың басты қағидасы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «Қазақтану» бойынша Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық бірлестіктері мүшелері мен этномәдени бірлестіктері  өкілдерінің арасында, сонымен бірге облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен «Ақ желкен» жастар лигасы жастарының қатысуымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты интернет-акция өткізілуде.

Қайырымды істерге ұйытқы болған нар тұлға

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыруда Жамбыл облысынан 8 адам жеңімпаз атанған болатын. Соның бірі, әрі бірегейі  Сейдазимов Сембек Әбетайұлы еді. Осыған орай,  ағымдағы жылдың тамызында Тараз қаласының «Достық» үйінде «Ақпарат толқыны» алаңшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктер жастарының «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, меценат,  облыстың қоғам қайраткері – Сембек Әбетайұлымен кездесу өтті.

Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз-хатшысы Бибігүл Утепова кеш қонағымен кездесуді белсенді жастарды жұмылдыра сұхбат түрінде өткізіп отырды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты  ұлттық құндылықтарды сақтау, жас қазақстандықтарды мәдени, қоғами ағарту жақтарын тәрбиелік нысанға алу, қазақстандық  бірегейлік пен қоғамдық келісімді қалыптастыру болып көзделді. Кездесуге қатысқан облыстық ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен «Ақ желкен» жастар лигасы, Аналар мен ақсақалдар кеңесі, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен қоса облыстық, қалалық БАҚ тілшілері де ассамблея ұйымдастырған іс-шарадан қалыс қалмады.

Сембек Сейдазимов ҚХА жастарымен кездесу барысында өзінің өмірде қолы жеткен жетістіктерімен бөлісе отырып, елінің сүйікті азаматына айналуына ненің себеп болғаны жөнінде сыр шертті. Беделді азамат деген атақ-дәрежеге жетіп, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болу үшін бар болғаны – өз Отанының келешекте көркейіп гүлденетініне толық сенімнің болып, және де сол Отанды дамыту жолында аянбай еңбек етуді болашақ ұрпаққа үлгі тұтты. Өзі түлеп ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырымды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлғаның еліміз егемендік алғаннан бастап облыс үшін атқарған игі істері ерен екеніне тағы бір көз жеткіздік.

Еркін сұхбат алаңына айналған кездесу барысында жастар кештің құрметті қонағына өздерін қызықтырған сауалдарын қойып жатты. Әр сұраққа аса мұқияттылықпен жауап берген Сембек Әбетайұлы өмірлік тәжірибесінен түрлі мысалдар келтіре отырып, Жамбыл облысының  қоғамдық және әлеуметтік  даму жолында нендей іс-шараларға атсалысқаны турасында да өз ойын ортаға салды.

С.Сейдазимов сынды ел ағасының бірқатар игі іс-шараларға, соның ішінде –  ауылдарға қатынайтын жол салу, көпбалалы аналарға үй тұрғызып беру, әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлығы жок отбастарына көмектесу, жыл сайын оқуды озат бітірген әр оқушыға стипендия тағайындау сияқты тағы басқа да қомақты игілікті істердің жаршысы  екенін жастар естіп тәнті болды.

Үлгі боларлық қасиеттерімен ерекше боп танылған кеш қонағы жиын соңында облыстық ассамблея жастарына  Отан үшін, ел үшін, жер үшін мойымай еңбек етулеріне, туған ана тілдерімен қоса, мемлекеттік тілді де алға қойып дәріптеп жүруді, туған өлкенің тарихын, мәдениетін, әдебиетін құрметтеуге бағыт-бағдар берді. – Құрметті жастар, ассамблея өкілдері! Сіздерге, тілерім – тек аянбай еңбек ету! Ерінбей тиянақты тәлім-тәрбие, білім алу! «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» дегеннен артық қарғыс сөз жоқ қазақта, білерің көп болсын, жас ұрпақ! Отбасынан ілген тәрбие, білім орадаларынан алған білімдерің биік асуларға жетелесін сендерді, тоқтамаңдар, дами беріңдер!-деп өзінің ақжарма тілегін білдірді.  Осыған қоса, Аналар кеңесінің төрайымы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі – Мухаббат Миражапова, «Ахыска»  түрік  этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы» төрағасының  орынбасары – Ибрагим Зуфаров, «Радонеж» орыс қауымдастығы этномәдени бірлестігінің» мүшесі Антонина Беляева, «Полонез» поляк тілі және мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Араксия Плетнева сынды аға буын және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі  Артур Лигостаев бастаған жастар кешқонағына жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.
      Ел сыйлаған қоғам қайраткерінің жастармен арнайылап алтын уақытын бөліп, кездесуге келіп, «100 жаңа есім» жобасының иегері болу дәрежесіне жету жолында тың дүниелермен бөліскені үшін облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева алғыс айтып, ассамблея атынан естелік сыйлық пен алғыс хат табыстады. Кеш фотосессиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

ҚХА жастары аймақтық «Жастар шақырады» форумына қатысып, белсенділік танытты

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының активтері ағымдағы жылдың 23-25 тамыз аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен табиғатымен баурайтын  Меркі ауданындағы тау бөктерінде орналасқан «Turan» демалыс орталығындағы аймақтық «Жастар шақырады» форумына қатысты. Аталмыш форумға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері іріктеліп алынды. Дарынды жастардың шығармашылығын анықтауға, қолдауға және көтермелеуге, қазақстандықтардың жас буынын мәдени-рухани тәрбиелеуе, қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыруға және мемлекеттік тілді оқыту арқылы халықтың бірлігін нығайтуға бағытталып үш күнге созылған «Жастар шақырады» форумы ойдағыдай аяқталды. Үш күн ішінде жастарға түрлі ойын сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылып, қатысушылар арасында таныстық, достық қатынасы орнады. Аймақтық форум аяқталып өз мәресіне жеткенде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Убайдуллаева Рано Махсудқызы жастарға жүрекжарды тілегін білдірді.

– Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Меркі ауданындағы “Тұран” мәдени-демалыс кешенінің аумағында “Жастар шақырады” этномәдени бірлестігі жастарының облыстық форумын өткізіп келдік. Бұл жыл сайын өткізілетін іс-шара. Форумға қатысушылар этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен көшбасшылары. Ұйымдастырушылары Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясы. Меркі өңірінде жастар жиынын алғаш рет өткізіп отырмыз. Менің ойымша, бұл форум табысты өтті деп ойлаймын, себебі бұл іс-шара түрлі бағдарламаларға қанық. Аймақтық форумның қатысушы жастар бір-біріне ұмытылмас естеліктер, ерекше көңіл-күй сыйлау үшін бар күш жігерлерін салып тырысты. Форум барысында ойын-сауықтық сипаттағы мәдени іс-шаралар ғана емес, сондай-ақ семинар-тренингтер өткізілді. Барлық қатысушылар уақыттарын жақсы өткізді деп ойлаймын.

Шынында да жастардың демалысы қызықты сәттерге толы болды. Алғашқы күннен-ақ жоспар бойынша белгіленген бағдарламалар жалындаған жастардың ерекше қызығушылықтарын оятты. Әрбір берілген тапсырманы бар ынта-жігерлерімен орындап форумға қатысушылардың әрқайсысы жеке қырларынын танылды. Шілденің аптап ыстығы болмаса да қолайлы ауа райына байланысты форум жастарына арнайы жүзуден  «Лови волну-2019» сайысы өткізіліп, жүзгіш жүйріктер де анықталды.

Күннің екінші жартысында қатысушылар Хасанова Дильноза Бахадүрқызының жүргізуімен «Поколение Z» тақырыбында семинар-тренингке қатысып, нәтижесінде бұл буын туралы қызықты ақпарат алды. Сонымен қатар тренингте лектор жастарға бағыт-бағдар ретінде алдағы он жылдықта жоғары сұранысқа ие болатын және сол уақыт аралығында қоғамға пайдасы бәсеңдейтін  мамандық түрлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Қазақтану» бағдарламасы аясында әр этнос қыздары арасында қазақтың ұлттық тағамы «Қуырдақ» пісіруден шеберлік сыныбы өткізілді. Ал, ер балаларға жоғары санатты аспаз кәуап пісірудің және мүшелеп ет бөлшектеудің қыр-сырларын көрсетті. Жоғарыда атап өткеніміздей форум жастардың интеллектуалдық, мәдени деңгейін арттыруды басты нысанға алынды. Осы орайда көшбасшы жастарға «Ораторское искусство и леторское мастерство» тақырыбында «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ким  Полина Александровна семинар-тренинг өткізді. Семинар тренингте «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері төрт топқа бөлініп, әр топ көңіл-күй түрлерін (меланхолиялы, сангвиндік, ашуланшақ, қызба, т.б.) таныстыру арқылы сөздік қорларының кеңдігін көрсетті. Бұл тренинг жастарға шешендік өнерді игерудің маңыздылығын аңғартты.  Күндізгі уақыт жастардың білімдерін арттыруға жұмсалса, кешкі мезгілде ой сергіту мақсатында жастарға караоке сайысы, би сайыстары және викториналық ойындар ойнатылды. Форум барысында жастар бос уақыттарын да тиімді пайдаланып, демалыс орталығының тамаша табиғатымен танысып, демалыс орталығын қоршаған алып тауларға көтеріліп, аймақтың көз тоймас табиғаты аясында фотосесия жүргізді. Сонымен қатар форумға қатысушыларға демалыс барысында төрт мезгіл дастархан жайылып, тәтті тағамдар беріліп, демалысты жақсы өткізуілеріне қолайлы жағдайлар жасалды.

«Жастар шақырады» аймақтық форумының жабылу салтанатында концерттік бағдарламамен қоса Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы форумға қатысушы көшбасшы жастарға сертификат пен Қазақстан халқы ассамблеясының логотипі бар ыдыстарды сыйға тартты.

Аталмыш форум жастарға ерекше әсер сыйлап, білімдерін кеңейтуге, жаңа достар табуға, тамаша табиғаттың куәгері болуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге зор үлесін қосқан игі іс-шараларымыздың бірі болып қатарға енді.

Тараз қаласының Достық үйінде «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті

Қазақстан 140 этнос пен 19 конфессия өкілдерінің туған шаңырағына айналды. Азаматтық  татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз.

Тараз қаласының Достық үйінде ағымдағы жылдың  22 тамызында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігі –   «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы облыстық «Бірлік» қарашай-балкарлар Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігі ұйымдастырған  басқосуда  Жамбыл  облысы әкімі аппараты  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы  Рано Махсудқызы  жиылған қауымды атаулы күнмен құттықтай келе,  «Бірлік» қарашай-балкарлар бірлестігінің аға буын өкілдері мен жастарына өзінің: – Қазақстан – барлық этнос өкілдеріне кең құшағын жая білген қасиетті ел. Өңірлік «Бірлік» қарашай-балқарлар этномәдени бірлестігін бүгінгі этнос күндерімен құттықтай отырып, өткені мен болашағына зор құрметпен қарайтындығымызды білдіреміз. Қарашай-балқарлар қауымдастығына деген ықыласымыз шексіз. Ұйымның талапты, өнерлі жастарына өсіп-өркендеу тілейміз,- деп, жылы лебізін білдірді.  Іс-шара барысында жастарды тәрбиелеу  және үлкенге құрмет көрсету, ата-бабалар рухына тағзым ету,  басқа да этникалық ерекшеліктерге қатысты дәстүрлерді сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінді.  – Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қарашайлардың жанына батқан қиындығын тереңінен түсініп, ыстық ықыласын көрсеткен қазақ  халқы бізге өте жылы көрінеді. Біздің ұрпақтарымыз қазақ топырағында өсіп-өніп, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп келеді, – деді қарашай-балқарлар бірлестігінің басшысы Леля Ахмадқызы. – Саны аз болғанымен, қарашай-балқар жұрты ұлттық болмысын сақтап, мәдени орталықтары арқылы, өзіндік салт-дәстүр мен мәдениеті барда  ұлт ретіндегі ерекшеліктерін қастерлей білетін халық. Бүгінде осы Ассамблея, тағдыры тоғысқан этностық ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін бір шаңырақ астында ұйытып, бірлігін нығайту бағытында толайым тірліктер атқарып келеді.

Жиын соңында Жамбыл облысы ҚХА игі іс-шараларына аянбай өз үлестерін қосып, қайырымдылық танытып жүрген «Бірлік» қарашай-балқарлар бірлестігінің Аналар кеңесінің беделді мүшелері мен шығармашылық жастарына алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

Облысқа танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  облысқа танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы – Михаил Тё, республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, суретші, фотограф  және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға өз үлесін қосып жүрген танымал тұлға.

Басылым облыстың мәдениет, тарих және археологияның ең танымал ескерткіштері туралы ғылыми-көпшілік мақалалар жинағы болып табылады. Кітап 13 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы облыс аумағында орналасқан қасиетті жерлерге арналған. Олардың ішінде баршамызға белгілі, қазір Жамбыл жеріндегі туристік тартымдылығы жоғарғы нысандардың бүкіләлемдік тізіміне енген Айша-бибі, Бабаджи-хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, ежелгі ислам мешіті, Төрткүл керуен-сарайы және т.б. бар.

Кітапта тек Михаил Теның ғана емес, аймақтағы өз ісінің танымал шеберлері Юрий Ким, Ағәділ Рысмахан, Алтынбек Картабай және Виктор Барбаш жасаған көптеген фотосуреттерді (шамамен 100 сурет) көруге болады. Автордың кітапқа дайындаған иллюстрациялары да керемет. Жинақтың мұқабасы Айша бибі кесенесі  және Ақыртас қалашықтарының фотосуреттерімен көркемделген.

Ерекше форматта, шығармашылық кеш түрінде өткен тұсаукесер қонақтардың қызығушылығын тудырмай қоймады.  Облыстық мәдениет басқармасының өкілі Михаил Платов шығармашылық кештің жүргізушісі ретінде ғана емес, сонымен қатар жазушының мектеп кезіндегі қызықты оқиғаларымен мән-мағыналы сұхбат жүзінде де бөлісті. Сондай-ақ, төл туындының авторы осы кітапты жазу барысындағы алуан түрлі сезімін көзі қарақты көрерменге кеңінен әңгімеледі: – «Мен бұл кітабымды жазам деп ойламап едім. Әріптестерім және дос-жарандарым республикалық «Қазахстанская правда» газетінде жарияланған өңірлік киелі жерлер турасындағы мақалаларымды көріп, «сен неге осының бәрін жинақтап, кітап жазбайсың?» деп қолқалағаны бар емес пе?! Өзім де зерделесем, тарихи өлке тақырыбында жазған материалдарым мен түсірген суреттерімнің саны  шынымен де 3 жылдан бері біразға жеткен екен. Осы себепті де ойланып-толғана келе қолжазбаларымды жинақтап кітап етіп шығаруды ұйғардым. Міне, сөйтіп осы аталмыш төлтуындым жарық көрді. » -дей келе,  автор күні кеше ғана жарық көрген төл туындысын оқушылар мен студенттер үшін де, тарих, археология және өлкетану тақырыбына қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін де пайдалы болады деп сенеді. Михаил Борисұлының төл туындысы жергілікті тұрғындардың туған өлкесін аралап  саяхаттауға деген  қызығушылығын оятады және шетелдік туристер үшін де тамаша естелік болатынына сенімі мол екендігін жеткізді.

Сонымен қоса, Михаил Те жаңа қырынан танылып, өз шығармашылығының ән қоржынынан гитара сүйемелдеуімен  жиылған жұртшылыққа тамаша әнін тарту етті.

Кеш соңы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерқанат Манжуов  пен  облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлованың  аталған кітап лентасын ресми түрде қиюымен және автордың  кеш қонақтарына өз қолтаңбасы қойылған  кітаптарын үлестірумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісм» КММ

Баспасөз қызметі

Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды

Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды. Экскурсия маршруттық жоспарға сәйкес екі бағыт бойынша өткізілген болатын: біріншісі Тараз-Байзақ-Рысқұлов-Шу-Қордай-Меркі аудандарын, екіншісі Тараз-Жамбыл-Жуалы-Талас-Байзақ-Меркі аудандарын қамтыды. Қатысушылар алдында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім «Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева сөз сөйледі. Сонымен бірге, Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова экспедиция қатысушыларына сәт сапар тіледі. «Жаңғыру жолы» өкілдеріне осы іс-шара бойынша техника қауіпсіздігі шаралары жүргізілді.

Экспедиция қатысушылары Таразда археологиялық саябақ пен «Көне Тараз» кешеніне барды. Экскурсиядан кейін белгіленген нысан бойынша қатысушылар арасында логикалық тапсырмалары бар квест-ойындары өткізілді. Бірлескен экскурсиядан кейін қатысушылар екі бағыт бойынша бөлініп, жолға шықты.

Бірінші топ Ақыртас кешеніне, Құлан ауылындағы, Шу және Қордай қаласындағы мұражайларға барса, бағдарламаның зияткерлік және экскурсиялық нысаны бойынша , “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының жастары  #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын қолдады . Балалар сапар барысында аталған аудандарда экоакция өткізді.       Акцияның маңыздылығы – Қазақстан жастарын өз аймақтарының тазалығын сақтауға шақыру. Кордайда қатысушылар коворкинг-орталығына барып, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» атты Стивен Р. Ковидің екі кітабымен танысты. Кордай тарихи-өлкетану мұражайында балалар экспозициялары арқылы бейне-челленджін түсірді. Одан әрі белгіленген бағытқа сәйкес белсенділер “Қарақоңыз” мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумалына сапар шегіп, ҚХА жастары Іле Алатауы жотасының батыс бөлігінің бірегей өсімдіктерімен танысты.
Екінші топ бірінші күні «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына, Қарахан мен Айша бибі кесенелеріне жол тартып, осы тарихи орындардың тарихы туралы мағлұмат алды. Күннің екінші бөлігінде экспедицияға қатысушылар Бауыржан Момышұлы мұражайында орналасқан экспонаттармен танысып, “Шақпақ ата әулие” үңгіріне бағыттады. Экспедицияның екінші күнінде қатысушылар Талас ауданындағы Тамды қалашығының және Берікқара шатқалының тарихымен танысты. Үш күндік экспедиция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.