Отбасы медиациясы

Ағымдағы жылдың  қазанында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен  «Медиация-бірлік негізі» әлеуметтік жобасы аясында «Отбасылық медиация» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің басты мақсаты ерлі-зайыптылар қоғамының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасау.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудовна іс – шараны аша отырып, жобаның басты мақсаты-зорлық-зомбылық пен даулы мәселелер деңгейін төмендету, сондай-ақ отбасылық жұптар қоғамының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.

Рано Махсудқызы «Біз тәжірибесі бар отбасылық жұптарға қарағанда жанжалдарды жеңу қиын болатын жас отбасыларда ерекше акцент жасауға тырысамыз. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде әрбір үшінші отбасы ыдырап жатыр, бұл негізінен жас жұптар арасында. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті осындай проблемаларды шешуге жәрдемдесу, олардың алдын алу болып табылады. Кез келген жағдайда біз Қазақстанда тұратын этностардың менталитетін, мәдениетін және отбасылық құндылықтарын сақтауға тырысамыз. Бұл медиация арқылы жүзеге асады»,- деп атап өтті Рано Мақсудқызы.

Медиатор-жаттықтырушы, облыстық ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Владимировна Сафонова отбасылық медиация – бұл әділ медиатор даулы отбасы мүшелеріне, негізінен ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға, олардың арасындағы қақтығысты, соның ішінде ажырасар алдындағы жағдайды конструктивті талқылауға мүмкіндік беретін процесс екенін айтты.  Ажырасушылардың татуласуы-отбасылық медиацияның басты міндеті емес, эмоциялар ақылға қонымды болған сәтте конструктивті диалог құру тәсілі деп айтуға болады. Ажырасу жағдайында отбасында бала көбінесе манипуляция құралы ретінде пайдаланылатыны құпия емес. Әсіресе, ажырасудың теріс салдарлары тек ересектерге ғана емес: соңында, олар мұны өздері өздеріне қолдан жасалған қиянаты іспеттес және бұл проблемалық жағдайды шешу үшін өмірлік тәжірибесі бар екенін де атап өткім келеді. Бала үшін ажырасу қайғылы, ата-анасы оның өмірі жақсарады деп ойласа да, сәби бастапқыда өмірін жоғалтып алғандай қабылдайды. Бұл жағымсыз әсерді жоюға отбасымедиациясы көмектеседі. Медиатор балалардың эмоционалдық қажеттіліктері мен тілектерін, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының ойларын талқылауға ықпал етеді.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен  тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Ұлттық тағамдар этникалық мәдениеттің элементі

Әр халықтың гастрономиялық әдеттері мен ғұрыптары ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал ұлттық тағамдар белгілі бір этнос өміріне терең еніп, мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Әр халықтың өзіне тиесілі тағам дәмдерінен сол елдің тарихынан бастап қазіргі жай-күйлеріне дейінгі аралықтың дәмі шығатындай. Өзіндік философиясы мен мәдениеті сезілетіндей.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Достық үйінде «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» атты этноаспаздық  фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты ұлттық тағамдарды дәріптеу және облыс этностарының гастрономиясымен таныстыру, аспаздық дәстүрлерді және тағам мәдениетін сақтау, ұлттық тағамдардың өзіндік ерекшелігін жас ұрпаққа қазіргі заманғы жағдайда көрсету, этникалық тағамдарды дайындауда жаңа технологияларды қолдану.

Шараға Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, этностардың ұлттық тағамдарын дайындау шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің жас мүшелері, облыстық және қалалық  БАҚ өкілдерінен құралған барлығы алпыстан астам адам қатысты.

Екі бөлімнен құралған іс-шара «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге асуда. Фестиваль басы «Үкілім-ай» бишілер тобының «Шаттық» биімен және Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызының алғы сөзімен басталды. Фестивальдің бірінші бөлімінде  аспаздар ұлттық тағамдардан шеберлік сыныптар көрсетті.  Абай дәуіріндегі қазақ тағамдарынан Сихимбаева Сымбат Қалдыбекқызы «Іш май» және «Бүрме қарын» атты шеберлік сыныбын өткізді. Қарашай-балқар халқының ұлттық тағамдар пісіру бойынша Алдабаева Майса Мушукбекқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тез дайындалатын тағамдардың шеберлік сыныбын Абдықахарова Лола Әбдірасулқызы өткізді. Сондай-ақ, ол тай халықтарының яғни шығыс елдерінің тағамдарын суши, баклажан және туралған көкөністерді қалай дайындау керектігі туралы да өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сыныптың ұлттық сусындар және замауи коктейльдер дайындау бойынша соңғы сабақты Богданов Александр өткізді. Олқышқыл сүттен «Шалап» сусынын және түрлі коктейльдерді дайындауды көрсетті. Фестивальдің бірінші кезеңі аспаздық үлгіде киінген жастардың би флешмобымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісі» КММ бас сарапшысы Альбина Тапаева «Қазақстан халқы өңірлік ассамблеясы жанынан жұмыс істейтін ғылыми-сараптамалық топ ұлттық ас үй мәселесіне  етене жақындап, этникалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде олардың философисын  көрсетуді шештік. Сондықтан «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» фестивалі қатысушыларға гастрономиямен таныстырумен ғана емес, әр этностың мәдени кодын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл басқа этностардың мәдениетіне қатысты төзімділікке негізделген қазақстандық бірегейліктің негізі болып табылады.  Ас үй — бұл тек тамақ тұтыну орны ғана емес, сонымен қатар этнос дүниетанымының бір бөлігі, оның дәм философиясының ошағы екенін сезіндіргіміз келеді»,-деді өз сөзінде.

Іс-шараның екінші кезеңі ұлттық асхананың тұсаукесерін, тамақтану мәдениетінде дәстүрлі ұстанымдарды сақтауды көрсетті. Шараның екінші бөлігінде қазылар алқасы мен этномәдени бірлестіктер өкілдері  «Жаңғыру жолы» штабының белсенділері таныстыруымен облысты мекен ететін түрлі ұлттық асханасымен таныстырды. Достық үйінің екінші қабатында орналастырылған алаңшаларда әр ұлттың дастарханы жайылып, әуендері ойнатылып, музыкалық аспаптары жалпы ұлт ретінде ерекше айшықтайтын құндылықтары қойылған. Тау халықтары қонақтарды «Лезгинка» атты ерекше әрі атақты биімен қарсы алды.

Одан әрі барлық қатысушылар, қонақтар мен қазылар алқасы шай дайындау бойынша мастер-классқа қатысты. Онда шайдың пайда болу тарихы, қайнату тәсілдері мен түрлері туралы кеңінен мәлімет берді.

Шеберлік сабағынан кейін қатысушылар арасында марапаттау рәсімі өткізілді. Қатысушылар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар алды. Қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараға алғыстарын білдіріп, жыл сайын осындай іс-шаралар жиі өтсе деген ұсыныстарында білдірді. Фестиваль соңы естелік суреттерге түсіп, дайындалған тағамдардан дәм ауыс тиді.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Медиация бірліктің негізі

Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация бірліктің негізі» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Медиация. Кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курс» атты семинар – тренингі өтті.

Семинарға  аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары бар барлығы отызға жуық адам қатысты.

Семинар өткізудегі басты мақсат  медиация институтының дамуына ықпал ететін қоғамдық медиаторларды медиативтік құзыреттілікке бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу жолдарының тиімділігін анықтау, республикадағы халықтың біртұтастығын және бірлігін нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты арттыру.

Іс-шараның бастауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудқызының сөзімен басталды. Мекеме басшысы «Адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін, қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге беделді адамдар қатарынан ҚХА-ның кәсіпқой емес медиаторларының пулын қалыптастыру қажет. Ол үшін кабинет жоспарында медиаторлар желісін дамытуға ықпал ететін қоғамдық медиаторларға семинар-тренингтер қарастырылған. Бұл сабақтар қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын медиаторларға базалық білім алуға мүмкіндік береді“.-деді.

Семинарда медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы би кеңесінің, этномәдени бірлестік өкілдерін, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерін және басқа да қатысушыларды медиацияны қолдана отырып, олардағы қауіпсіз кеңістік және монфликтсіз орта құру жолдарымен таныстырды.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»

аппарата акима Жамбылской области

Медиация бірліктің негізі

Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация бірліктің негізі» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Медиация. Кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курс» атты семинар – тренингі өтті.

Семинарға  аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары бар барлығы отызға жуық адам қатысты.

Семинар өткізудегі басты мақсат  медиация институтының дамуына ықпал ететін қоғамдық медиаторларды медиативтік құзыреттілікке бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу жолдарының тиімділігін анықтау, республикадағы халықтың біртұтастығын және бірлігін нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты арттыру.

Іс-шараның бастауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудқызының сөзімен басталды. Мекеме басшысы «Адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін, қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге беделді адамдар қатарынан ҚХА-ның кәсіпқой емес медиаторларының пулын қалыптастыру қажет. Ол үшін кабинет жоспарында медиаторлар желісін дамытуға ықпал ететін қоғамдық медиаторларға семинар-тренингтер қарастырылған. Бұл сабақтар қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын медиаторларға базалық білім алуға мүмкіндік береді“.-деді.

Семинарда медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы би кеңесінің, этномәдени бірлестік өкілдерін, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерін және басқа да қатысушыларды медиацияны қолдана отырып, олардағы қауіпсіз кеңістік және монфликтсіз орта құру жолдарымен таныстырды.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен  тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»

аппарата акима Жамбылской области

Қазақ әліпбиінің көркем таңбалануы

Үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Жалпы білім беретін орта мектептердің «Көркем еңбек» сабағындағы Қазақ әліпбиінің латын қаріпіндегі  Каллиграфия және леттерингі» тақырыбында семинар өткізді.

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің көркемдеп таңбалануын арнайы үйретуге бағытталған семинардың басты мақсаты – отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, қазақстандық бірегейлігін қалыптастыру, латын тілінде көркемдеп жазуды мұғалімдер мен оқушылар арасында насихаттау, қазақ сөздерінің жаңа графикалық бейнесін бекіту.

Қазақ және орыс тілдерінде екі секцияда жүргізілген семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар басы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Майкович Вера Андрейқызының алғы сөзімен басталды. Вера Андрейқызының айтуынша ұстаздарға қазақ әліпбиінің латын қаріпінде көркемделіп жазылуы арқылы болашақ ұрпақтың санасына әріптердің сауатты әрі әсем жазылу үлгісін қалыптастыратын көрінеді.

  • «Әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігінің зор екендігін дұрыс түсінуді насихаттау, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бағыттарын айқындау, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы және мемлекет дамуының эволюциялық жолы болып табылатын жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру біздің негізігі міндетіміз болып саналады. Бүгінгі толқын келесі толқынның заман талабына сай өсіп-жетілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Міне, сондықтанда сіздерді жинап сабақ барысында оқушылардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің дұрыс таңбалануын үйретсе екен деген тілегіміз бар және жәй ғана үйретпей аса көркемдік пен әсем жазылуын бойларына дарытса екен деп отырмыз» – дейді, көрме залының жетекшісі.

Семинарды қазақ тілінде «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының» қосымша білім беруші педагогы – Бегайдарова Эльмира Сарсенқызы жүргізсе, орыс тілініде №40 мектеп-гимназияның мұғалімі – Шайхеслямова Диана Тимурқызы өткізді. Қос тілде өткен семинар барысында ұстаздар латын қаріпіндегі қазақ сөздерін ерекше каллиграфиялық пішінде жазуды үйренді.  Жазулары өзгелерден ерек жазылған ұстаздар өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.

Жиын соңында мұғалімдерге сертификаттар табысталды. Ал, семинарға қатысушы ұстаздар тарапынан шараны ұйымдастырушы мекемеге алғыс айтылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары мен кандидаттары Байзақ ауданының жалынды жастарымен кездесті

Қазақстан халқы ассамблеясының РММ «Қоғамдық келісім» тапсырмасы бойынша  Жамбыл облысында  «Жастардың алтын бесігі» атты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кандидаттары мен жеңімпаздары  Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің жастарымен кездесті.

Жастар жылы аясында өткен жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов Абетаевич, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы  Жамбыл облыстық қан орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының “Айналайын” балалар-жасөспірімдер орталығы “Жастар клубы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разакова Айгуль Ашимовна қатысып, жастармен жетістікке жетудің жолы жайлы ойларымен бөлісіп, білім бәсекесінде озық болуға шақырды.

Жанына рахат сыйламаған  мейрамханадан бас тартып, балаларға арналған тегін мектеп ашқан Разакова Айгуль Ашимовна:– «100 жаңа  есім тізіміне кіремін деп ойламадым. Мен тек өзіме бақыт сыйлайтын жұмыспен айналыстым. Және сол еңбегім осындай жеңіске жеткізді. Жас кезімізде 90-жылдары  жолдасым екеуміз 3 бөлмелі уйімізден балаларға арналған тегін мектеп аштық. Мектептің шығынын өзім куніне 4-5 шұлық, 1 жемпір тоқып өтедім. Солай мектепте бірнеше үйірмелер аштық. Қазіргі уақытта орталығымыздағы 9-сынып оқушысы би өнерінен «Қазақстан рекордтар»  кітабына енді. Менің айтқым келгені Сендердің әрқайсыларың осы «100 есімнің» қатарында болуға лайықтысыңдар. Тек жас кездеріңді бос істермен әурелемей, қазіргі кездің өзінде үлкен жетістікке жете алатындарыңды түсінсеңдер деймін.

Өскелең ұрпақтың санасында әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизмді нығайтға бағытталған кездесуден жастардың алған әсері ерекше.№ 3 Байзақ колледжінің студенті Мыңжасар Нұрқасым Жамбылұлы кездесуден алған тәліміменбөлісті:– «Бүгінгі кездесуден колледжіміздің жастары ерекше әсер алды. Жиынға қатысып, тағылымды дүниелер айтып жастарды жігерлендірген қоғам қайраткерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Алдағы уақытта осындай  кездесулер жиі ұйымдастырылса біз тек қуанамыз!»

Шара нәтижесінде жастар білім-ғылым саласында жетістікке жетіп, өз істерінің шебері атанған кейіпкерлермен ашық әңгімелесе отырып«Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасы жеңімпаздарының нақты жетістіктерімен танысып, болашаққа бағдар алды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі өкілдерінің Тәжікстан консулымен кездесуі өтті

Бүгін 1 қазан күні Тараз қаласының Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі мүшелерінің Тәжікстан консулы Баходур Казрилмен кездесуі өтті. Жиынға Аналар кеңесі және ақсақалдар кеңесі қатысты.

Тәжікстан консулы Б.Казрил өз сөзінде Қазақстан және Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы ілгерілікті атап өтіп, ҚХА қызметкерлері мен тәжік ЭМБ мүшелеріне алғысын білдірді.

Кездесу барысында әлеуметтік-тұрмыстық және заңды сипаттағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, азаматтық алу, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы және соның салдарынан тұрмыстық жағдайда көптеген мәселелердің туындауы қозғалды.

Жиналыс соңында консул Баходур Казрил алғыс ретінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызына естелік-сыйлық табыс етті.

Көне Тараздан киелі Түркістанға дейін

Ежелгі Тұран  – қазіргі Түркістан. Көненің көзі, асылдың сынығы қалған, бүкіл Қазақ жұртшылығының ақсүйектері жерленген  қасиетті мекенге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бірқатар белсенділері мен өңірлік этнос өкілдерінің жас мүшелері саяхат жасап қайтты.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының 2019 жылғы «Жастар жылына» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 25-27 қыркүйек аралығында  облыстың «Жаңғыру жолы» жастары республикалық  «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы аясында  Түркістан облысының тарихтан сыр шертер көне жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Шараға  облыстық ассамблеяның белсенді жастары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабының мүшелері, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқушылары мен білімгерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, барлығы 50 адам қамтылды.

Экскурсияның басты мақсаты –  Қазақстандағы жастар жылы аясында Түркістан, Жамбыл облыстарының белсенді жастарын Қазақстан президенті Жолдауы жүктеген міндеттерге жұмылдыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген қазақстандық патриотизм құндылықтарын ілгерлету болып табылады. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты еліміздегі ішкі туризмді қалыптастыру, өлке тарихымен және оның географиясымен таныстыру.

Көне Тараз шаһарынан ежелгі Түркістанға бет алған жастардың керуені жол бойында еліміздің оңтүстік астанасы саналатын шырайлы Шымкент қаласына тоқтап, жергілікті ассамблеяның жастарымен жүздесті.

Кездесу басында сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы жергілікті ассамблея қызметкерелеріне алғысын айтып, жастарға жалынды сөздерін арнады. Сондай-ақ экскурсияның алдағы бағыт-бағдарларымен таныстырып, жастармен бірге атқарылып жатқан жұмыстың жүйесіне тоқталды.  Кездесу барысында  екі жақтың жыл бойы атқарылған жұмыстарының қорытындысы, Жолдауға қолдау білдірген жастар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челлендждің жалғасуы туралы ойлар мен пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, аталмыш челленжді ары қарай дамыту мақсатында Шымкент қаласының жастары жамбылдық жастарға эстафета жолдады. Жастар одан әрі шырайлы Шымқаланың  қаланың «көрсе көз тоймас» жерлерін аралап, естелік-фотосессия ұйымдастырды.

Жамбылдық жастарды алда киелі Түркістан күтіп тұр еді. Экскурсияның екінші күні Қожа Ахмет Яссауи, Рабиға-Сұлтан Бегім кесенелері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан орын тепкен емдік қасиетке ие шығыс моншасы, Хильвет жер асты мешітіне, Шәуілдір ауылындағы  Арыстан-Баб кесенесі (Қ.А. Яссауидің мұғалімі және рухани тәлімгері), Отырар қалашығы (археологиялық қазбалар),  Отырар тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасаған жастар тарихпен бетпе-бет келгендей әсер алғандарын жасырмады.

Қ.А.Яссауи кесенесі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәу ету орнына айналған. Мекеме қызметкерлері ассамблея жастарына бассұққан әр киелі орынды жіті таныстырды. Олар туралы көптеген ақпараттармен бөлісіп,  тарих тұнығынан сусындатты.

Саяхат барысында штабтың белсенді мүшесі Лигостаев Артур: – «Қазақ даласының әр тасын түртсең  тарихын көресің. Бұл мен үшін өте қызықты сапар болды. Себебі, мұндай көріністер бізді сан ғасырларға көз жүгіртеді.  Ал, өткеніміз – тарихымыз. Тарихта біздің ата-бабаларымыздың ізі бар. Бұл экскурсия бізге тек көңілді саяхат қана емес, тұнып тұрған руханият. Мен осында келгеніме өте қуаныштымын және осы саяхатты ұйымдастырған облыстық ассамблеяға алғысымды айтамын. Алдағы уақытта жастарға осындай рухани, мәдени, тарихи азық сыйлайтын өңіраралық «Өлкетану» турлары көп болса екен. Біз бір сәт күнделікті күйбең тіршіліктен сергіп, тарихқа саяхат жасап қайттық.» – деп өз ойымен бөлісті.

Сапар соңында ассамблея жастары Түркістаннан «тәбәрік» ретінде туыстары мен таныстарына түрлі сувенир-базарлықтар алып, киелі Түркістан кесенелері маңында суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда «Медиацияны кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде дамытудың келешегі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар Кеңесі «Кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиацияны дамыту шаралары» атты кеңейтілген отырысын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті.

Судьялар, заңгерлер, адвокаттар, ҚХА медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен даулы жағдайларды реттеуде «Медиация туралы» заңды қолданудың қиындықтары мен алға қойылған іс-шаралары, жастарды жұмыспен қамтудың қазіргі және әлеуетті мәселелерін шешу, оның әлеуетін жүзеге асыру жолдарын, отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу әдістерін талқылады. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар белгіленген мәселелер бойынша ұсыныстар енгізді:

– кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу бойынша медиация технологиясын қолдану туралы;

–  қала және аудан оқу орындарында консультативтік-әдістемелік кездесулер өткізу туралы;

– кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу саласында жұмыс істейтін медиаторларға арналған әдістемелік құралдар туралы (әзірлеу).

Мәжіліске қатысушылардың бірі Жанна Мамышева – «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қауымдастығы» ЖҚБ жетекшісі, кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен даулы жағдайларды баламалы реттеудің қиындықтары мен алға қойылған міндеттерін атап өтті: – «Мен бір тың жаңалық ашпай-ақ қояйын, дегенмен де,  жастардың басты мәселесіне келіп тоқталатын болсақ, жұмыссыздық, талапсыздық және алға ұмтылу  жоспарларының  болмауы көп келелі мәселеге әкеп соқтыратыны сөзсіз. Егер қалада мүлдем жұмыс жоқ деп айтар болсам, объективті болудан қорықпаймын. Жұмыс әрдайым бар! Бұған басқа елдерден келген мигранттар санының жыл сайынғы өсуі дәлел. Бірақ мәселе бар жұмыс жастардың талаптарына, сұраныстарына және амбициясына жауап бермейді.  Қалалық жастар ресурстық орталығының (ЖРО) мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Тараз қаласындағы жастардың саны 14 пен 29 жас аралығындағы 86 553 адамды құрайды.  Бір жағынан қалада жастардың дамуы мен өсуі үшін барлығы бар! Бұл бірінші кезекте жоғары (ЖОО) және орта (ЖҚС) оқу орындарының болуы. Студенттердің жалпы саны: 40 500 адам, бұл қала жастарының жартысын құрайды. Жыл сайын 7689 түлек шығарылады, бірақ тек 4152 түлек жұмысқа орналасады, бұл 54% құрайды. Бұл басқа мемлекеттерде оқитын жастарды санамағанда, оқыту және кадрларды даярлау үрдістерінің айқын өзгерісі.  Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында былай деп атап өтті: – «Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, сонымен қатар ұлт өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, табысқа жетуге мүмкіндігі бар» дәл осы қажеттілік пен бәсекеге қабілеттілік, еңбек нарығының басты критерийлері! Басқаша айтқанда, жыл сайын қаланың жоғары оқу орны мен СУЗ-лары елдің бюджет қаражатының жартысын және азаматтардың жинақтарын тиімсіз жұмсайды!».

Отырысқа қатысушылардың барлығы жастарды жұмыспен қамтудың қазіргі және әлеуетті мәселелерін шешу жолдарын іздестіруге бір ауыздан келісіліп, кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу саласында жұмыс істейтін медиаторларға арналған әдістемелік құралдар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Мектептерде, колледждерде консультативтік-әдістемелік кездесулер ұйымдастырып, топтық бірлікті дамыту және қалыптастыру үшін рөлдік ойындар өткізу, соған қоса мектептегі, отбасындағы, ауладағы жанжал барысындағы Медиацияның араласуы, сондай-ақ сыныптың, мектептің дәстүрлері мен құндылықтарының бірыңғай жүйесін құру шараларын қарастыру да көзделді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Заманауи медиация және оның жастар қоғамындағы орны

Жыл өткен сайын Қазақстанда сот қарайтын істер қатары көбейіп барады. Ресми деректерге назар аударсақ, биылғы жылдың басынан бері сотқа 3 миллионнан астам шағым түскен екен. Әр шағымның тасасында дауласушы екі тарап тұрғанын ескерсек, қазіргі күні 6 миллиондай адам соттасып жүр. 18 миллион халқы бар еліміз үшін бұл көрсеткіш аз ба, алде көп пе? Оны ойы қарақты оқырман өзі анықтап алар. Сот қарайтын істер санының көбеюінің астарында судьяларға түсетін жүктеменің көптігінен бөлек, әлеуметтік тұрақтылығымызға қатер төндіретін жай тұрғанын ұмытпауға тиіспіз. Осы орайда, дауласушы тараптарды татуластырып, тіл табыстыратын медиация институтының тигізер ықпалы аз еместігі қазір аз айтылып, аз жазылып та жүрген жоқ. 

      Ресми мәліметтер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда қолайсыз отбасылар, суицид жасауға бейім балалар қатары көбейіп барады. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, тіпті маскүнемдік жайлар да орын алып қалады. Үлкен балалардың әлімжеттік жасап кішкентай балалардың ақшасын, ұялы телефонын, басқа да заттарын тартып алатын немесе жай ғана ермек үшін ұрып-соғып, намысын таптап жататын жайлар да ұшырасады.
Осылардың бәрі мектепте медиацияны енгізу қажеттігін анық көрсетеді.

Осы негізде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  «Медиация-бірлік негізі» әлеуметтік жобасы аясында Тараз қаласының Достық үйінде  «Мектеп медиациясы» атты семинар-тренинг өткізді. «Жаңғыру жолы»  ҚХА  жастар қозғалысының өкілдері, колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары  білім беру ортасындағы жанжалдарды болдырмау және шешу бойынша медиативтік тәсілдер бойынша дәріс алды.

Семинар бағдарламасы заманауи медиациядағы шешендік шеберлік жүйесінде негізделген және аразданушы жақтарымен коммуникациядағы басты спикер ретінде медиатор бейнесінің сыртқы және ішкі элементтерін, сонымен қатар, коммуникативтік дағдыларын нығайтуға бағытталған тәжірбиелік жаттығуларынан тұрады.

Іс-шараны аша отырып, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы  жастардың қолында біздің мемлекетіміздің болашағы тұрғанын және осындай оқыту курстарын өткізу жанжалды жағдайларда өзін-өзі ұстаудың практикалық дағдыларын алуда белгілі бір нәтижелер беретінін атап өтті:  -Құқық бұзған бала өз құрбылары тарапынан айтылған уәждерге тоқтап, өзінің қателігін түсінеді. Бұл оның сондай әрекетті қайталамауына және жанжалды жағдайдан ұрыс-керіссіз, ренішсіз шығуына көмектеседі.
Ата-аналар балаларының арасындағы дау-жанжалдарды өршітпей басуға, балаларының ашушаң, кекшіл болмай, көпшіл болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік алады. Осы орайда, олар бала жанын тереңірек түсініп, бала тәрбиесінің маңызын сезіне түседі.
Менің ойымша, медиацияны жалпы білім беретін мектептерде ғана емес, колледждерде, университеттерде де енгізген жөн. Кәсіби және жоғары оқу орындарында да жастар арасындағы жанжалды оқиғалар әлсін-әлсін орын алып жатады. Ал, медиация қызметі оны екі тараптың мүддесіне сай шешіп қана қоймай, мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға да игі ықпалын тигізетін болады.

Медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы іс-шараға қатысушы жастарды оқу орындарында медиацияны қолдану және әр қолайсыз жағдайда  қауіпсіз кеңістікті құру тәсілдерімен таныстыра отырып,    дәрісті интерактивті тренинг форматында өткізді. Оқыту барысында шағын-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, «миға шабуыл», дискуссиялар, жеке байланыстары бар имитациялық медиация әдіс-тәсілдері қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу жолдары мен медиацияны тиімді қолдану тәсілдері ұсынылды, олар делдалдық және келіссөздер арқылы табысты .

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі

орталығының  басшысы Бибігүл Шахзада