Біз достықпен мықтымыз!

Тараз қаласының Достық үйінде “Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті” жобасы аясында “Біз достықпен мықтымыз!” атты этномәдени бірлестіктердің фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты облыстың этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлері мен мәдениетін сақтау және дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, “Рухани жаңғыру”бағдарламасын жүзеге асыру және насихаттау болып табылады.

Шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен жастары қатысты.

Этнофестиваль театрландырылған қойылым түрінде өтті,онда баланың туған кезінен бастап ересек жасқа дейінгі өмірі көрсетілді. Әр түрлі этностар өз дәстүрлерін өмірлерінде маңызды орын алатын сәттерін салт-дәстүр түрінде көрсетті. Сахнаға алғашқылардың бірі болып  «Әулие-ата» қазақ мәдени бірлестігінің өкілдері бала дүниеге келгенде  қазақы салт-дәстүрмен «Сүйінші сұрау» атты жоралғыны театрланған көрініспен қойды.

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді. Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Қазақ мәдени бірлестігі көрерменге тек «Сүйінші сұрау» салтымен ғана шектелмей бесікке салу рәсімінде көрсетті. Ежелден дүниеге ұл бала келсе де, қыз бала келсе де қазақтар үлкендердің ақ батасын алып баланы бесікке бөлеп әлдилейтін  болған.  Бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.  Қазақ халқы  баласын ағаш бесікке салып асырайды. Қазақтар ертеде өшпелі халық болғасын ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы, иіп кептірілген талдан жасалған. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасайды, астына тақтай салып, дәрет жүретін жерін тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпеше жастықтар салады. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды.

Одан әрі Жамбыл облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы» қоғамдық  бірлестігі «Әженің ботқасы» атты дәстүрлерін ұсынды. Орыс халқында баланы шомылдыру рәсімін өткізінен кейін яғни шоқындыру рәсімінен соң үйге келген сәби мен қонақтарға әжесі ботқа жасап таратады. Сол сәтте балаға арнап тілек айтқан адамға ерекеше көп ботқа берілетін болады. Ботқаның құрамында денсаулыққа пайдалы дәмдеуіштер болады және ол ерекеше дәмге ие тағам түрлеріне жатады.

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі баланың алғашқы қадамдарын басқан сәтте тұсауын кесу рәсімін жасады.  Ақ матада бала ортасына дейін өтіп, монеталар салынған қапшықты қолына алады. Шақырылған қонақтар мен туыстар өз қалауы бойынша өз үлесін қосып, қапшыққа тиындар салады.

Өзбек этномәдени бірлестігі музыканттардың сүйемелдеуімен ұлттық әуендеріне билеп шықты. Әжелер, халық әнін шырқап, 6-10 жас аралығындағы немерелеріне шашу шашып, соңында әрбір әже немересінің басына тақиялы кигізіп, ұзақ өмір сүруді тілей отырып, батасын берді.

Одан әрі тәжік этномәдени бірлестігі 13 жастағы қыз әкесімен “Әдемі әрі бойжеткен қыз өсірген егін алқабын қалай өсті”-деп, әңгімелеседі.  Басқа қыздармен бірге хореографиялық композицияда бидай өрісі бейнеленген кілем тігіледі. Тәжік халқы үшін кілем құнды зат болып табылады. Тоқылған кілемнің  астында күйеу жігіт қалыңдығын ертіп үйіне алып барады.

Қыздың өміріндегі маңызды кезеңді әзірбайжан этномәдени бірлестігі ұсынған құдалық рәсімінен көруге болады.Күйеу жігіттің жағы қалыңдыққа сақина берді, ал ол өз кезегінде бұл сақинаны құрбыларына үлгі етеді. Өлшемі сәйкес келген қалыңдық сәтті үйленуге келісімін береді.

Үйлену той үрдісін көрерменге украин этномәдени бірлестігі көрсетті. Мұнда қатысушылар күйеу жігіт пен қалыңдыққа нан (тұз қосылған нан) тарту етеді. Содан кейін қалыңдықтың анасы қызының басына үш түрлі-түсті лента байлайды, олар анасының, әкесінің және туған жерінің батасын білдіреді.

Әйел өміріндегі керемет сәт-ол ана болуға дайын кезде. Кәріс этномәдени бірлестігі дәстүрлі тағамдардың әйел затының философиясымен байланыстырды.Мысалы, күрішті жақсы  көрсе, толғатып жатқан ана  ол дені сау бала туады, ал етті жақсы көрсе, жүктілік қуанышты болады, өткір кимчиды жеу оның жүктілігіндегі жеріктігі ең ауыр кезең, ал босануы жеңіл болады.

Қарашай-балқар этномәдени бірлестігі ұлын әскерге шығарып салу рәсімін көрсетті. Қарашай балқарларда әскерге кетіп бара жатқан ұл анасының табанының астынан топырақ алып, оны өзімен бірге ала кететін болған. Бұл оған сыртта жүргенде қорған болады деп есептеген. Міне, осы бір рәсім арқылы қарашай-бақар халқы ана деген құрметтің зор екендігін  тағы бір мәрте көрсетті,

Қойылым соңында түрлі этностардың аналары өз ана тілінде өлеңдер мен тілектер оқыды. Жер Ана символы ретінде шыққан ана айналаның бәрін біріктіріп, татулықтарын арттыруға шақырды.Фестиваль аяқталар тұста қатысушыларға ұлттық кәдесыйлар мен тәттілер таратылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Назерке Оңғар

Қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті

Тараз қаласының Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен аймақтық ассамблея жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңесінің «Тұрғындардың сапалық өмір сүруін жақсартудағы қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі» тақырыбында облыс ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті.

Форумға Жамбыл облысы әкімдігі еңбекпен қамтыуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші –қону комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының, «Казпочта»АҚ Жамбыл филиалының басшылары, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші –қону комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының дәрігерлік-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысының прокурорының бірінші орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Гуд Жем» ЖШС менеджері, ауыл, аудан, мекемелердегі ҚКК барлық деңгейдегі мүшелері қатысты.

Форум мақсаты – тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарының жергілікті атқарушы органдармен, өкілетті билікпен байланысын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен ұлттар бірлігін нығайту бойынша ұсынымдар әзірлеу және талқылау, қоғамдық маңызды бастамалар, жобалар мен ұсыныстарды қолдау және ынталандыру, келеңсіз үрдістердің алдын алу мен ескертуге қатысу, алауыздық пен егестерді реттеудің практикалық шараларын жүзеге асыру, жан-жалды жағдайға жеткізбеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын тоқтату болып табылады.

Кеңес форумы Облыс қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы жайлы көрмені тамашалаумен басталды. Көрмеге «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндіріс орны және Талас, Сарысу, Жуалы, Байзақ, Мойынқұм, Жамбыл, Т.Рысқұлов ауданыдарының қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмыстарына қатысты ақпараттар мен көрнекіліктері қойылып, өзара сынға түсті. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы аудандардың артық кем тұстарын айтып, түрлі тапсырмалар берді.  Мәселен Талас ауданындағы Қасқабұлақ ауылында тек күрді халқы ғана мекен етеді. Оларға арнап салынған мектептің ішінен қазақ сыныбын ашу әлі күнге қолға алынбаған. Маржан Төреғұлқызы осы мәселені таластықтарға шегелеп тапсырды. Ал, Жамбыл ауданында атқарылған ауықымды істер мен жүзеге асырылып жатқан шаруаның қарасы қалың екен. Шайқорық ауылына қарасты Қоңыртөбе елді мекенінде жастардың есірткіге әуестігін тию мақсатында Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері ауыл тұрғындарына арнап  салып жатқан мешітке қолдау танытып жатыр. Сондай-ақ, ауылдағы арақ мәселесімен арпалысуда айтарлықтай жүзеге асып жатқан көрінеді. «Биылғы жылы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округындағы дүкен сөрелерінен талайдың тағдырына кесірі тиген  арақ атаулының төбесі көрінбейтін болады.», – дейді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Қазақстан халқы ассамблеясына жауапты  маманы Әбдірахман Мадияр Мұхтарұлы.Бұдан өзге аудандар мен мамандарға арнайы тапсырмалар мен міндеттер жүктелді. Өз аудандары туралы жақсы жаңалықтары мен игі істері туралы толыққанды таныстырған мамандарға дәрежелі орындармен сый-сияпаттар табыс етілді. Атқарған жұмысы мен айрықша нәтежиелерінің арқасында Жамбыл ауданы жүлделі бірінші  орыннан көрінді.

Көрме көрсетілімінен кейін форум басталды. Жиын тізгіні облыс ҚХА қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары – Тажибаев Бигелді Халилуллаұлында болды.

Мінбеге алғаш болып шыққан Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Сырлыбаев Бахыт Уалиұлы бастады. ҚХА әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру, қайырымдылық, азаматтарды қабылдау, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуде Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңесінің іс-тәжірибесі туралы баяндаған Бахыт Уалиұлы аудандағы кеңестің кең көлемде атқарған істері туралы есебіменде таныстырды. Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңеснің төрағасының айтуы бойынша аталған ауданда биылғы жылы тоқсанына бір рет кеңестің отырысы өткізіліп, аудан халықтарының әлеуметтік мәселелерін шешуде кеңес мүшелері белсенділік танытқан. Кеңес жұмысы барысында 17 ауылдық округ бойынша кеңес мүшелеріне 110-ға жуық ұсыныс түсіп, оның 80-ге жуығы қанағаттандырылған. Сонымен қатар, биылғы жылы  Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға барлығы 40 млн. теңге  көлемінде қайырымдылық шараларын жасаған.   Сонымен қатар, ауданда 11 медиатор жұмыс істеп жыл бойында 80 жуық мәселенің 60-ның шешімін тапқан.

Сонымен қатар, жиын барысында облыс қоғамдық келісім кеңестерінің ҚХА «Кедергіге жол жоқ» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру,  «Жамбыл облысы Азаматтық альянс» заңды тұлғалар қоғамының  президенті,  облыстық «Кедергіге жол жоқ» мониторинг тобының жетекшісі – Юлдашев Заитжан Рахимұлы сөз сөйледі. «Мен осы іс-шара мүгедектер мен олардың отбасыларының проблемаларына, олардың қадір-қасиетін, құқықтары мен амандылығын қорғауға назар аударатынына, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен олардың проблемаларының өзгеруі үшін негіз болатындығына шын жүректен сенемін. Қазіргі заманғы қоғам арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың интеграциясы мен әлеуметтік бейімделуі саласында да тез арада шешуді талап ететін ең өткір мәселелер бар.2019 жылдың сәуір айындағы ақпарат бойынша біздің облыста 45098 адам мүгедектер тұрады, оның ішінде 1-ші топтағы мүгедектер – 4125 адам, 2-ші топтағы мүгедектер – 18586 адам, 3-ші топтағы мүгедектер – 16171 адам, 18 жасқа дейінгі балалар -6196» – дейді,Заитжан Рахимұлы.

Кеңес отырысы барысында Тараз қаласындағы «Гуд Жем» ЖШС өндіріске прогрессивтік технологияны енгізудегі жұмыстары  туралы “GOOD LOOK Сауда үйі» ЖШС дайын өнімдерді сату  менеджері- Усенбаев Мухамед Еділбайұлы және ауылдарды дамытуда ҚХА «Жаңғырған ауыл» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік секторға жаңа технологияны енгізудегі жұмыстары  туралы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы, кәсіпкер – Махусеев Зайнуддин Абдулбахтиярұлы өз баяндамаларын жасады.

Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің форумының соңы концерттік бағдарламамен және жыл бойы белсенді жұмыс істеген кеңес мүшелеріне алғыс хаттар табыс етумен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда аймақтық ассамблеяның Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ҚР Президентінің «Бірге» сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын ілгерілету және облыс ассамблеясының Аналар кеңесінің жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылау негізінде аталған  кеңестің Таразда  кеңейтілген отырысы өтті.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық этномәдени бірлестіктің Аналар кеңесі, облыстық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, облыстық дағдарыс орталығының мамандары,  оқу орындарындағы қыздар үйірмелерінің жетекшілері, жастар, отбасы мен қоғамдық жұмыстарды тең алып жүрген азаматшалар қатысты.

Шараның мақсаты – көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шараларын түсіндіру, әрбір нақты аймақта отбасылық негізде шағын және орта бизнесті жүргізу үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жеткізу, көп балалы және жас отбасыларды қолдау бойынша өңірде қолданылатын шаралармен таныстыру, аудандардағы аналар кеңесінің іс тәжірибесімен таныстыру, сонымен бірге  аналарға өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақыру болатын.

Кеңестің кеңейтілген отырысы аудандардағы Аналар кеңесінің қызметі туралы көрмені тамашалаумен басталды. Көрмеге түрлі қолөнер бұйымдары мен тағамдар қойылып, олар өзара бақсынасты.

Көрмеден кейін  кеңес төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевнаның модераторлық етуімен  «Қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің рөлі»  атты аталмыш кеңестің пленарлық отырысы өтті. Отырысқа «Асыл арман»ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің басшысы – Нұрақбаев Ринат Даниярұлы, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы – Олжабаева  Гаухар Елубайқызы, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық зорлық-зомбылық  салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталығы»КММ басшысы – Калыбекова  Жамал Дүйсебайқызы, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының №7 Тараз қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары – Оспанбаева Аяжан Мелдешқызы, «Ника» коммуникативтік дамыту орталығының жаттықтырушысы, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының лекторы – Сарытай Гүлмира және аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары қатысып, сөз сөйледі. Жиында   облыстық ҚХА жанындағы налар кеңесінің есебі, аудандағы аналар кеңестерінің тәжірибесі тыңдалды. Кеңестің кәмелетке толмағандары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша полиция департаментімен бірлесе атқарған жұмыстары, жас отбасылардың ажырасуының алдын алу бойынша медиация мен облыс әкімі жанынан құрылған «Бастау» пилоттық жобасы аясындағы, қайырымдылық жұмыстары сараланады. Сонымен қатар, қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындарының  қыздар үйірмелерінің жетекшілері мен белсенді мүшелері өз пікірлері мен жастар проблемаларын ортаға салып, ой қозғады.

Жиын соңына қарай жыл бойы атқарған жұмыстары мен еңбектері үшін қызмет пен тұрмысты қатар алып жүріп қана қоймай қоғамда белсенділік танытып жүрген  аналар мен қыз-келіншектерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Марапаттау салтанатынан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің  «Жамбыл облысы этностарының мәдениеті мен сал-дәстүрлері» атты жобасының  аясында «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты этнофестивалі өтті. Фестивальде өңірлік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өз салт-дәстүрлерін көрсетіп, мәдениеттерімен таныстырды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Достықта жоқ шекара!

Ел ертеңі жастар! Бүгінгі ұрпақ бүгінгі аға толқыннан қандай іс-әрекет көреді, соны өз дәуірінде жалғастыртын болады. Демек елдің болашағы мен кемел келешегі жастардың қолында. Олар ертең де осы бейбіт өмір мен тарих сахнасындағы Қазақстанның гүлденген ғасырларын жалғастыра алуы керек. Олар жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті, халықтар достығын, ұлыстар ынтымағының қаймағын бұзбай сақтауы қажет. Ал, біздің әр ісіміз оларға үлгі аларлық, өнегеге толы болуы шарт.

Міне осыған орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы өңірлік Достық үйінде «Достықта жоқ шекара» тақырыбындағы халықаралық жастар мәдени жобасын ұйымдастырды.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 93, 94, 97 тармақтары бойынша жүзеге асқан жоба қараша айының 15-16 күндері аралығында екі күн бойы өтті.

Шараға Қырғызстан Республикасының және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жастары, сарапшы-жаттықтырушылар, лекторлар қатысты.

Жобаның негізігі мақсаты жас ұрпақты жалпыұлттық бірлік пен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үндеу, патриотизмге тәрбиелеу, мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамытудың жаңа формаларына бастамашылық ету болып табылады.

15 қараша күні жоба шымылдығы салтанатты түрде түрілгеннен кейін жастар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты – Керимбаева Рысты Калдыханқызы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Педогогика және психология» кафедрасының оқытушысы – Байбосынова Раушан Темиргалиевнаның «Менің құндылықтарым» атты семинар-тренингіне қатысты. Сондай-ақ, тренинг барысында жастар асықтан жасалған түрлі бұйымдардан көрмеде тамашалады.

Семинар бітісімен Алатаудың арғы бөктерінен келген айыр қалпақты ағайынның жастары Тараз қаласының көркем әрі көне жерлерін аралап саяхат  жасады. Дәл осы уақытты «Қазақтану» жобасы бойынша  Достық үйі ауласында аймақтық ассамблеяның белсенді жастары киіз үй тұрғызып оның әрбір элементтерімен танысты.

Екі күнге созылған жастар мәдени жобасының екінші күні «Жастардың иннавациялық әлеуеті» атты көрме тамашалаумен басталды. Көрмеде жастар түрлі қылқалам шеберлерінің ереше, асқан шеберлікпен салынған  картиналарымен танысты.

Көрме тамашалау аяқталғаннан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Маратқызы мен Замана Назимқызы «ҚХА жас елшілері» конференциясын өткізді. Конференцияға арқау болған тақырып «Селфбрендинг» болды. Конференция барысында бүгінгі күннің басты брендтері мен блоггерлері және интернет желісіндегі танымалдық туралы кеңінен ой қозғалып ортаға салынды. Конференция барысында облысымызға белгілі блоггер Исламбек Дастан бүгінгі күннің бренді туралы өз ойымен бөлісіті. Белгілі блоггер бүгінде менің посттарымның халыққа тез таралуының себебі қате жазуымда. Қандай ой айтсамда постта қатені өте көп жіберемін.Бұл оқырманның көңілін аудартып әрі жарияланымның рейтингін көтереді дейді. Аталмыш тақырып аясында облыстық «Ақ желкен» және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді жастары Махусеев Зайнуддин,  Лигостаев Артур, Турдыева Хамида, Мухтасимова Алина, Прияхина Русалина және Қырғыз елінен келген қонақтар жастар арасындағы бренд түсінігінің мағынасы мен ондағы ерекшеліктер туралы атап көрсетті. Конференция соңында сөз алған облыстық ассамблеяның төраға орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Төреғұлқызы селфбрендинг тақырыбының мағынасы ашып көрсетіп, жастардың бойынан байқаған күш-жігері және ерекше форматта өткен конференция туралы ойымен бөлісті. Хатшылық меңгерушісі достықты ту еткен іс-шараның ұлттар арасындағы қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін баса айтты.

Конференция аяқталысымен жастар «Жамбыл облысы этномәдени бірлестік өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдекниеті» жобасы аясында  «Этномириада» атты тимбилдинг өткізді. Жастар арсындағы бұл сайыс жастардың да қазылар алқасы құрамы мен көрермендерге де ерекеше көңіл күй сыйлады. Тартысты өткен тимбилдинг соңы  аталған жоба аясында және «Қазақтану» жобасы негізінде «Қазақ қонақжайлығының ерекшеліктері» тақырыбына сай қонақтар мен өңірлік жастарға қазақ халқының ұлттық тағамдары жент, мәйсөк, құрт, бауырсақ және ішінде кәмпиттер толтырылған қоржындар таратылды.

Жоба ары қарай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің «Шекара дос жүрегін бөлмейді» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концертте елімізге белгілі Оңал Азаматова, Сұлужан Әбеновалар қырғыз тілінде ән салып қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Әлішер Боранбаев және Ақбота Қосақбаева, «Болашақ» вокалдық триосының әншілері таланттарымен тамсандырды. Сондай-ақ, облыс ассамблеясының «Инфинити» және  «Үкілім-ай» би топтары әр ұлттың билерін биледі. Кеш соңы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызының қонақтар мен белсенді жастарға сый-сияпат тарту етуімен тәмамдалды.

Екі күнге созылған іс-шара соңында Тараздықтардан тәбәрік сый ретінде қазақ халқының брендіне айналған «Қазақстан» шоколады таратылып, қолөнер бұйымдары тарту етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Ахыска түріктеріне 75 жыл

Ахыска түріктері түркі халықтарының құрамындағы тағдыры күрделі, тарихи тағдыры ауыр ұлттардың бірі. Бұл халықтың орналасуы қазақ жерінен алыста, тілдік байланыстары алшақ болғанымен, тағдыр ол халықты тоталитарлық қоғамның зұлмат жылдарында қазақтармен бір шаңырақ астында табыстырды. Содан да Жамбыл жерін мекен еткен ахысхалықтардың кешегі тарихы мен бүгінгі тағдыры жамбылдықтарды да бей-жай қалдырмайды.

«Ахыска» түріктері – Сталин режимімен 1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген халықтардың бірі болып келеді.

14 қараша 1944 жылы Грузияның Түркиямен шектесетін шекарадағы Аспиндза, Ахыска, Адыгюн, Ахилкелек және Богдановка секілді аудандарынан ахыска түріктерін Орта Азияға күштеп қоныс аудартты.

Міне, бүгінде Жамбыл облысын мекен еткен Ахыска түріктерінің жер аударылып келгендері 75 жыл толды. Атаулы датаға орай «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі ас беріп, нәубетті жылдары өмірден өткенден құрбандардың құрметіне құран сүрелерін бағыштады. Жалпы түрік халқының жергілікті жердегі тұрғындары жыл сайын қараша айының 14 күні ата баба рухына арнап ас беруді дәстүрге айналдырған.  «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев бұл  бас қосудың әр жыл сайын жалағаса беретіндігі және осы жолғы асқа жастардың қатысуы осы үрдісті ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратынына сенетіндігін айтты.

Сонымен қатар, ас үстінде тағдыр тырнағы батқан түрік халқының тарихы туралы облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан, түрік этносының ақсақалдар алқасының төрағасы Зулфаров Ибрагим, ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмағұл Қанат естеліктер мен  еске алулар айтып, 1944 жылы құрбан болған ата бабаға арналып оқытылған ұран аяттары қабыл болсын деп тіледі.

Жиын барысында тарих толқынынан сыр шертер арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетілді.

Тарихқа көз жүгіртсек…

Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректеріне қарағанда 1944 жылдың желтоқсан айының ортасында 92 307 адам, оның ішінде ер азаматтар – 18.923 (қариялар мен мүгедектер), – 27.399 әйелдер, 16 жасқа дейінгі балалар 45.085 болатын. Ең алғашқы эшелондар Ташкент облысына 9 желтоқсан 1944 жылы келді. Қоныс аударушылардың екінші жартысы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 22 күндік жолдан кейін келіп жетті. Қазақстанға қоныс аударушылар саны 6300 отбасын құрады, яғни 27 833 адам (Бараташвили, 1998: 12). Оларға тек 3 күндік тамақтарын алсын деп бұйрылды, бірақ олар 20 күннен астам жол ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (88). 2018 181 Тұрсұн Х.М., Омаралиев И.М. жүрді. Жол бойы тауарға арналған вагондарда 40 мыңға жуық адам суықтан және аштықтан мерт болды. Себебі, ол вагондар адам жағдайын еш қанағаттандырмады. Біріншіден, вагондардың ішіне 20-30 отбасын сыйғызды. Екіншіден, ол вагондар ешқандай жылулыққа икемделмеген. Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректерінде мынандай көрсетіледі: «Қоныс аударушыларға ешқандай эксцесс жүргізілген жоқ және оларға жол бойы әрбір станцияда тоқтап ыстық тамақ берілді» деп жазылған болатын. Бірақ ол мағлұматтардың бұрыс екендігі белгілі. Түнгі сағат 12-де әскери киімдегі адамдар түріктердің үйлеріне келіп, оларды өз тұрғылықты жерлерінен эвакуациялады. Соғыс біткен соң оларды қайтадан өз үйлеріне әкеп жайғастырамыз деген уәде әлі күнге дейін орандалған жоқ. Түннің жартысында кім не аларын білмей, ешқандай дайындықсыз тек құжаттарын алуға үлгерді. Жер аударылғандарды тауар вагондарына салып, сыртынан құлыптап тастады. Вагонның ішінде ашыққандар сырттан көмек сұрай алмады, дәретке шығайын десе есік құлыпталған, іші боран, себебі далада қараша айы және вагонның ішінде пеш орнатылмаған. Осының салдарынан қаншама адамдар жолда үсіп, қайтыс болды. Арнайы мәліметтерде КСРО Ішкі істер халық комиссариатының дерегі бойынша 1948 жылдың маусым айы бойынша 14895 адам қайтыс болды деп келтіреді. Шын мәнісінде алғашқы алты айда 37 мың адамға жуығы қайтыс болды, олардың ішінде 17 мың балаларды құрады (İbrahim Hasanoğlu, 2016: 4). Қоныс аударған түріктердің ешқандай қоғамдық және азаматтық құқықтары болмады. Оларға Қазақстан мен Орта Азияның ауылдық жерлеріне ғана қоныстануға рұқсат берілген.

Тарих қойнауындаға түрік бауырлардың бастан кешкен өмірі осылай.

Әр жылдың 14 қарашасында Тараз қаласында және Жамбыл жерінің әр ауданында  түрік  халқы ата-бабаларына арнап ас беріп, құран бағыштауды әдетке айналдырған.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

«КОРЕ» Жамбыл облысы кәрістер қауымдастығы этнос күнін атап өтті

Ағымдағы жылдың қараша айындаөңіріміздегі Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша «КОРЕ» корейлер қауымдастығыөзінің 25-жылдығын атап өтті.

Бұл мереке Жамбыл облысы корейлері үшін ерекеше маңызға ие. Себебі, әр жыл сайын күз мезгілінде этнос күнін атап өтетін кәріс халқы осы жылы 25 жылдықтарын тойлады.

Салтанатты кешке құрметті қонақтардан  Жамбыл облысының “КОРЕ” корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ким Ирина Алексеевна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ан Антонина Анатольевна, сондай-ақ «Ноиндан» ақсақалдар кеңесі және кәріс этносының өкілдері мен жастары қатысты.

Концертте «Ариран» өнер мектебінің әртістері корей барабандарында өнер көрсетті. Дәстүрлі стильдегі корей музыкалық қойылымы бірінші секундтан бастап көрермендерге мерекелік атмосфера сыйлады.

Шара барысында «Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хе Илья Николаевич құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, 25 жыл бойы алған жетістіктері мен нәтижелерін атап өтті. Өз кезегінде «Ноиндан» ақсақалдарының мүшесі Пак Анатолий Иванович кеңес үкіметі кезіндегі этносаралық қатынастар туралы тарихи деректерді егжей-тегжейлі баяндалып, сөз сөйледі. Қазақ жеріне келген сәттен бастап кәрістер тарих шеңберіне кірмегенін, керісінше, өз мәдениеті мен дәстүрлерін сақтап, байытқанын атап өтті.

Жамбыл облысының «КОРЕ» корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, осы жылы бірлескен күш-жігерміздің арқасында  көптеген мақсаттарға қол жеткізгендігін ерекше атап өтті. Атап айтар болсақ биылғы жылы кәріс этносы «Сэроун Мирэ» кәріс жастарының қозғалысын және «Ариран» өнер мектебінің құрған.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерттің салтанатты бөлімі басталды. Бағдарламаға сай кеш барысында дәстүрлі биден бастап замауи биге дейін түрлі би биленді.Сондай-ақ, кәріс этносының ұлттық аспаптарымен түрлі музыкалық шығармалары орындалды. Кештің көркін қыздырған кәріс халқының талантты жастарының асқан шеберлікпен барабанда ойнауларын айтпай кетуге болмас.

Кеш соңында аталмыш этнос өкілдері  кәріс халқының мәдениетіне қызығушылық танытушы қонақтарға алғыс білдіріліп естелік суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

 

Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті қоғамдық бірлестігі облыс аймағында жерленген поляк сарбаздарын еске алды

Польшада 1 қараша күні өмірден кеткен барлық жақын адамдарды еске алатын күн болып саналады. Поляк халқы дүнеиден озған жақындарын жиі еске алып, оларға зор құрметпен қарайды. Қараша айы жақындаған сәтте Польша көшелерінің кез-келген дүкендер сөрелерінен шамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл осы күні поляк халқының жақын адамдарының зираттарында тұтататын шам.

Бұл күні зират басы жарықтандырылады. Өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Бұл зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.

Дәл осы күні зират өте жарықтандырылады, өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.

Осыған байланысты жыл сайын осы уақытта Жамбыл облысының «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысындағы жерленген поляк сарбаздарын еске алады.

Облыста поляк этносының жауынгерлері үш өңірде жерленген. Олар Мерке, Т.Рысқұлов аудандарында және Шотпак станциясында. Осы жылы олар поляк сарбаздары жерленген барлық орындарды аралап шықты.

Бірінші күні көптеген поляк жауынгерлері жатқан Шотпак станциясына барды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының Польша орталығы мен Алматы қаласындағы Польша Республикасының елшісі Михал Богдановичпен кездесу өтті.

Келесі күні Достық үйінде елшінің  Польшадағы білім беру, виза алу, поляк картасын алу мәселелері бойынша кезекшілігі өтті. «Полонез» қоғамдық бірлестігінің өкілдері сондай-ақ, Меркі ауданы Сыпатай Батыр ауылында және Т.Рысқұлов ауданында поляк солдаттарының мазарына барып, гүл шоқтары мен шамдарын қойды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

«2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауы

ҚР ҚХА-ның даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағын (2025 жылға дейін) орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Байқау медиация институтын насихаттау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін ҚХА-ның кәсіби емес медиаторларын анықтау және ынталандыру мақсатында өткізілді.  Байқаудың негізгі міндеті – қазіргі кәсіпқой емес медиаторлардың патриоттық рухын арттыру.

Іс-шараға Тараз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл, Жуалы аудандарының ҚХА медиаторлары қатысты.

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р. М. Убайдуллаева Жамбыл облысындағы медиация институтының дамуына белсенді үлес қосқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Байқау қортындысы бойынша Шу ауданының ҚХА медиаторы Абдуллаев Таджир Максим-оғлы – 1 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Расилов Тамаша және Байзақ ауданының медиаторы Үрпекбаев Жұматай – 2 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Тоқбергенов Сағындық Құралбайұлы, Байзақ ауданының ҚХА медиаторы Жұмағұлов Жиенғали және Тараз қаласының ҚХА медиаторлары Жанисенов Талғат Сугралиұлы мен Сафонова Лариса Владимировна  3 дәрежелі орындарды иеленді.

Қалған медиаторлар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, олардың ішінде өңірлік ассамблеясымен серіктес кәсіби медиаторлар да болды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі

Жастардың қоғамдық санасын жаңғырту басты назарда

Ағымдағы жылдың  қазанында  Достық үйінде  «Жастардың қоғамдық санасын жаңғырту: әлеуеті, келешегі және мәселелері» тақырыбында Облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті . Аталмыш конференцияның ұйымдастырушылары Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жоғары оқу орындарының оқытушыларын, ғалымдарды, философтарды және этномәдени бірлестіктердің өкілдерін конференция жұмысына қатысуға шақырды.Конференцияда жас ұрпақты қалыптастыру мен ілгерілету және қазақстандық қоғамды дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде жастардың қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған мәселелерді талқылады.

Игі істің ұйымдастырушылары ғылыми қоғамдастық пен әлеуметтік-саяси институттардың күш-жігерін біріктіру үшін осындай іс-шаралардың жоғары маңыздылығын атап көрсете отырып, мемлекеттік құрылым өкілдерінің, қоғам өкілдерінің қоғам үшін өзекті мәселелерін  жиынға қатысушылардың назарына ұсынды.

-«Бүгінгі конференцияның мақсаты жастардың қоғамдық санасын ояту, оларды саналы тұлға ретінде қалыптастыру. Өмірлік ұстанымдарын, көзқарастарын кеңейтіп, әлемдік жаһандану үдерісінде болып жатқан көптеген жаңалықтардан қалыс қалмас үшін, олардың білімге ден қоюын қамтамасыз ету. Бүгінгі жиында осы мәселелелер талқыланды. Жастарымыздың конференциядан ойға түйгені көп деп ойлаймыз», – деді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі,М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Дина Дүйсебайқызы.

Конференция барысында пленарлық отырыс өткізіліп, бірқатар  секция бойынша өзекті тақырыптарда пікірлер айтылды. Тарқатып айтар болсақ: «Қазіргі жастардың рухани жаңғыруы және оның түрлі салаларда көрініс табуы  – өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, идеология, экономика, еңбек және т.б.», «Жас қазақстандықтардың рухани жаңғыруындағы құндылық бағдарлары (базалық ұлттық рухани құндылықтар, рухани құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер мен сабақтастық)»,«Нақты жағдайлардан туындайтын жастардың қоғамдық санасының элементтері (әлеуметтік армандар, болжамдар, алдын ала болжам)», «Жастардың жаппай санасы – көрініс, ерекшеліктер, реттеу құралдары»,«Жастардың қоғамдық санасына жаһандық бұқаралық коммуникация құралдарының әсері (БАҚ, интернет)» турасындағы мәселелер талқыға салынды.

Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша пленарлық отырыста және секцияларда ұсынылған баяндамалар тақырыптары бойынша мақалалар жинағы шығарылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім КММ

Баспасөз орталығы

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік хакатон өтті

Ағымдағы жылдың қазан айында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты әлеуметік хакатондар өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен өткен іс шара төмендегідей бағыттар қамтылды. Олар: «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың жеті қыры»), «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры»), «Білімнің салтанат құруы»(«Ұлы даланың жеті қыры»).

Хакатонның негізгі мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Бес әлеуметтік бастамасын ілгерілетуге бағытталған ағартушылық жобаны іске асыру, идеялармен алмасып, оларды одан әрі сүйемелдеу үшін  IT-мамандар мен қатысушыларға коммуникациялық алаң құру, Хакатон бағыттарының тақырыптарын танымал ету, сондай-ақ, дарынды жастар, студенттер, жас мамандар үшін диалогтық, жұмыс алаңын құру және өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу.

Шараға этномәдени бірлестіктердің жастары, ЖОО мен колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, студенттер, білім беру мектептерінің оқушылары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар қатысты.

Хакатон екі кезеңге бөлініп өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар 5 командаға бөлініп, берілген бағыттар шеңберінде алдын ала дайындалған өз идеялары мен жұмыстарын таныстырды. Сайысқа барлығы 30 команда жұмылдырылды.Қатысушыларының жалпы саны-262 адамды құрайды.Бәсекеде «Прагматизм» бағыты бойынша М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің FORWARD командасы ерекше көзге түсті. Жас ғалымдар экологиялық таза және ыдрағыш «QORJYN» эко-сөмкежобасын ұсынды.

«Бәсекеге қабілеттілік»бағыты бойынша «Жас STAR» командасы, «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК қатысушылары тауарлар мен қызметтер биржасы туралы «10der» сайтын таныстырды. Еріктілік және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету туралы «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» бағытында Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің «Сұңқар» және «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК «Оазизис» командалары жобаларын сайттары түрінде айтып, ұсынды.

Хакатонда «Білімнің салтанат құруы» бағыты бойынша Жамбыл  атындағы мектеп-гимназиясының командасы «IT-NEWS» электрондық оқулықтарын ұсынды. Сондай-ақ, осы бағытта 24  гимназиясының  «Тарихи квест» қосымшасы бар «24 bit» командасы және № 41 мектеп-гимназиясының «Астронет» командасы көзге түсті. Бұл хакатонда «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың Жеті қыры») бағыты бойынша А. Гайдар атындағы 35 орта мектептің мұғалімдері   педагогтарға арналған «Менің портфолио кз» сайтын ұсынды.

Жамбыл политехникалық колледжі МКҚК оқытушылары, «Тәуелсіз елдің-талантты ұстаздары» командасы «SmartCard» жобасын ұсынды. Хакатонда «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры»)бағытына сәйкес «Эверест тайм» командасы «Тректік туристік жорықтар және экспедициялар» жобасымен ерекшеленді.Қатысушылардың жұмыстарын комиссия төрағасы, ғылыми және технологияларды коммерцияландыру басқармасының басшысы – АхметжановМ.А. және комиссия мүшелері педагогика ғылымдарының магистрі – Тапаева А.М., доцент, PhD доктор, –  Молдамұратов Ж.Н., Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері – Метерова Г.К.,М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің кафедра меңгерушісі – Кабдушев А. А., гуманитарлық ғылымдар магистрі- Исмаилов З.бағалады.

Хакатонның екінші кезеңде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Метерова Гүлмира тренинг өткізді. Қатысушылар командалық жұмыста өз дағдыларын көрсетіп, тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.

Сайыс аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау рәсімін жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы УбайдуллаеваР. М. өткізді.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратның

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі орталығы