Бейбітшілік пен келісім салтанат құрған күн

Бейбітшілік пен келісім салтанат құрған күн

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылдың 18 қазанында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды жаңаша атау туралы Жарғыға қол қойды. Ұлт-ұлыстың бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын бұл күн елдің түкпір-түкпірінде жыл сайын тойланады. Мерекелік шеру өтіп, бұқара сауық құрып, сан ұлттың достығы мен татулығы паш етіледі.

Жылдағы дәстүрге сай биылғы жылы да өңірлік Достық үйінің алаңында мерейлі мереке аталып өтті. Әттегенайы сол жыл айналып жеткен мерекенің өткен жылдардан өзгешелігі 1- мамыр күні Достық үйіне ағылатын жұрттың қарасы қалың болмады. Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты шағын түрде ғана атылып өткен шараға аймақ басшысы арнайы келіп этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін құттықтады. Бердібек Мәшбекұлы өз сөзінде күні кеше ғана сессияда Елбасымыздың ҚХА билігін толығымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғанын, сонымен қатар ҚХА алдына жаңа міндеттер мен тапсырмалар қойғанына тоқталды.

Мерекелік шараның негізгі мақсаты – Қазақстан этностарын топтастыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру; рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау болып табылады.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері, қолөнер шеберлері, ассамблея жастар және т.б қатысты.

Мереке бастауы қонақтарды радио-концертпен қарсы алудан басталып, ары қарай «Қоғамдық келісім» КММ «Ұзақ өмір сүру» орталығы және көрме залы қолөнер шеберлерінің келушілерге арналған арнайы көрмесін тамашалаумен жалғасты. Көрмеге облыстың әлемге танылып жүрген Айдархан Қалиевтың «Асыл-Дизайн» коллекциясынан бастап облыстың белгілі қолөнер шеберлерінің туындалары қойылып, төмен бағамен сатылды.

Мерекелік іс-шара соңы көрме алаңында Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциациясы қоғамдық бірлестігі өнерпаздарының даңғара және сырнай аспаптарымен әр халықтың әндерінен попурри орындалды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Давришев Махмуджон

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына үзбей қатысып келемін. Әр сессия сайын мен ерекше тың дүниелер туралы ақпарлар естіп таңданамын. Дәл сол дәстүрінен жалтармай биылғы жылғы сессияныда ерекше күттім, әрі мен күткендей маңызды болып шықты. Әрине елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты сессия онлайн форматта өтті. Сессия барысында мемлекетіміз үшін, ел үшін түрлі маңызды мәселелер қозғалды. Елдеге дамыған, жетілген салалар, жастар, тіл секілді бірқатар жаңалықтармен бөлісті.

Сессияны қорытындылай келе Елбасы ҚХА төрағасы лауазымын елдің іс басындағы Президенті атқаруы тиістігін атап өтті. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас та тартпаймын. Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мен, Елбасының әрбір шешіміне ерекше құрметпен қарап қолдаймын.

#МеніңҚазақстаным

Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік

этномәдени бірлестігі» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы

Давришев Махмуджон

Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы

Бүгін мемлекетіміз үшін аса маңызды ХХІХ ҚХА «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты сессиясы өтті. Әрине жылдағыдай ерекше зор үмітпен күттік. Себебі, қазақстандықтар үшін әр жыл сайын шақырылатын сессяның маңызы өте зор. Ел үшін, жер үшін маңызды шешеімдер қабылданады. Биылғы сессияда мені елең еткізген ең басты нәрсе Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса көрегенділікпен өзі мәңгілік басқаруға тиесілі Қазақстан халқы Ассамблеясының басқару күшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа табыстауы болды. Елбасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым» – деуі, Нұрсұлтан Әбішұлына деген құрметімді одан әрі еселегендей.

#МеніңҚазақстаным

Идыбо Айша Люшировна

Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің өкілі

Тілге құрмет – елге құрмет

Бүгінгі Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы несімен ерекше болды? Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің міндетін жалғастыруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғаны ерекшелік кіргізді. «Халықтың әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жақсарды. Елдің табысы тоғыз есеге өсті. Әрине, әлі де ақшасы жетпейтін, өмірде өз орнын таба алмаған адамдар бар. Бірақ табыстың тоғыз есе өскені бұл – факт. Біз, аға буын мұның не екенін жақсы түсінеміз және қазір қиын жағдайда жүрген адамдардың табысы көбейгенін қалаймыз», – деді Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚХА-ның 29-шы сессиясында. Сонша жыл еңбек етіп, этностардың қазақ халқымен бірге тең тұрғыда өмір сүруін қалап өткен Елбасының өз постынан кеткені біраз көңілді түсірсе де, бірақ мемлекет басшысына елдің бейбітшілігінде құрметтеп орнына отырғызғаны тағы да Тұңғыш Президентіміздің тектілігі мен өрелігін көрсетті. Расында да, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қазіргі халықтың жағдайы едәуір жақсарған. Қазақстан өзінің әлемге тұғырлы мемлекет екенін мойындатқалы әлемдік экономика аренасында өрлеу жолына түсті. Сондай-ақ, Елбасының көрегендігінің Қазақстан өзінің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін едәуір нығайтқанын атап өту керек. Міне, еліміз бейбітшіліктің нақ символына айналып, әлемге үлгі боларлықтай таңба қалдырдық.

Сонымен қоса, түрлі этнос және өзге діни конфессия­ларды жинай білген Ассамблея беделді конс­титуциялық институтқа айналды. Бұл жерде де Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын айта кеткен жөн.

Тағы бір айтарым, тіл мәселелі соңғы кездері көп қозғалуда. Қазақ тілін білу біздің басты парызымыз. Ал жастарымыз мемлекеттік тілде сөйлеуге жарысуда. Бұл, әрине, бізді қуантпай қоймады. Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Әрбір қазақстандық, өзге этнос өкілі болса да қазақ тілін құрметтеуге міндетті!» деген сөздері қазақ еліне өзін-өзі сыйлауда және өзге ұлт өкілдерін сыйлауда серпін сыйлағандай. Сондықтан, мен қазақтың нанын жеп, суын ішіп, қасиетті топырағында аяқ басып жүрген әрбір азамат қазақ болсын, басқа болсын еш бөлінбей, мемлекеттік тілге аса ыждаhаттылықпен құрмет көрсетуін құптаймын.

Ең бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын!

Кабиева Айгүл Кабиқызы

Жамбыл облыстық «Әулие Ата»

Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

төрағасының орынбасары

Аналар кеңесі 9 отбасыға ауызашар берді

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ізгілік айы» қайырымдылық шаралар легі жалғасуда. Соның бірі бүгін Достық үйінде осал топтар, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы 9 отбасыға арнап азық-түлік салынған ауызашар  қалталарын таратты. Қалталарда ауыз ашуға қажетті деген (күріш, құрма, май, шекер,ұн, шұжық және ірімшік) барлық заттар қамтылған.

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының

 “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

Кездесу өтті

Бүгін Достық үйі ғимаратында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты  «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедраларының студенттері мен КИСТ колледжінің студенттері Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тұрдыева Хамида облыстық ҚХА және жастардың негізгі қызметімен қысқаша таныстырып өтті. Сондай-ақ, студенттерге еріктілердің осы күнге дейін атқарған қомақты іс-шараларының бейнематериалдары LED-экранда көрсетіліп,  жастардың бойында  лидерлік қасиеттерін айқындайтын тренинг ұйымдастырылды. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен естелік суреттер түсірілді.

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

 

Мектеп медиациясы – уақыт талабы

ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың медиация институтын дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 16 сәуірде Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінде Байзақ ауданы ҚХА Медиаторлар қауымдастығы мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектеп медиациясы-уақыт талабы” атты облыстық семинар өтті. Семинарға әкімдік, ішкі істер, білім бөлімінің өкілдері, ауылдық қоғам қайраткерлері, педагогтар, мектептің ата-аналар комитеті және аудандық ҚХА медиаторлары қатысты. Онда білім беру саласындағы медиация институтын ілгерілету мақсатында жалпы білім беру мекемелерінде мектеп медиациясы қызметін (ММҚ) құру мәселелері талқыланды

Спикерлер өз сөздерінде Мектеп медиациясы жанжалды азайтуға жағдай жасайды және оқушыларға құрдастарымен ғана емес, ересектермен де қарым-қатынасты сауатты құруға көмектеседі деген пікірде болды.

Байзақ ауданы ҚХА Медиаторлар қауымдастығының төрайымы-Көшекбаева Ғайни Ақылбекқызы өз сөзінде түрлі мәдениетаралық және этносаралық қақтығыстар туындауы мүмкін көп ұлтты сыныптардағы ОММ рөліне назар аударды. Мектеп медиациясы әдісі мұндай даулардың алдын-алу әдісі ғана емес, сонымен бірге жанжалсыз ұлтаралық қарым-қатынас идеясын қалыптастырады, жасөспірімдерде олардағы мінез-құлықты тәрбиелейді. Мектеп медиациясы әдісі мұндай даулардың алдын-алу әдісі ғана емес, сонымен бірге жанжалсыз ұлтаралық қарым-қатынас идеясын қалыптастырады, жасөспірімдерде олардағы мінез-құлықты тәрбиелейді. “Біздің тату және көпұлтты республикамыздың көпжылдық тәжірибесінде бірлікте-біздің күшіміз деп айта аламын! Көші-қон процестерінің күшеюіне байланысты этносаралық жанжалды азайту үшін балаларымызды өз халқының дәстүрлерін құрметтеуге ғана емес, басқа ұлттардың салт-дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге үйрету қажет! Мұнда қауіпсіз кеңістіктің индикаторы ретінде медиацияның маңызды рөлі бар!”Одан әрі ҚХА медиаторы қатысушыларды медиацияның әдістемелік негіздерімен және оның білім беру жүйесінде қолданылуымен таныстырды. Оқыту интерактивті тренинг форматында жүргізілді, онда Инновациялық технологиялар қолданылды: кейстер, бейнероликтер көрсетілген квесттер, іскерлік ойындар. Мектеп әдістемелік қызметінің кураторлары мектеп медиациясы бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.

Осы семинар аясында мектептегі медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды! Мектептегі медиация қызметі бұл дағдыларды тек мектеп алаңында ғана емес, сонымен қатар болашақтағы іс-әрекеттерді қолдана отырып, дау-дамай жағдайында өзін-өзі ұстаудың жаңа мәдениетін қалыптастырады деп сенеміз.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз қалалық Мемлекеттік университетінде Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы қарсаңында «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының мәдени іс-шарасы өтті.

Осыған орай, аталмыш университеттің “Мәдени-тынығу жұмысы” факультеті студенттерінің қатысуымен осы тәуелсіздік мұратына өмірлік, өнегелік еңбегімен зор үлес қосқан ұлы тұлғаларымыздың қатар келген мерейтойларына арналған театрландырылған композициялық қойылым көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ елінің ағартушы қоғам қайраткерлерін рухани жаңғырту негізінде жастардың ұлттық-рухани мәдениетін қалыптастыру.

Концерттік қойылымда ұлы тұлғаларымыз – Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Мұқағали Мақатаевтың бейнелері сахнада көрініс тауып, олардың шығармалары көрермен назарына ұсынылды.

Концерттік қойылым соңында  университет ректоры Ержан Әмірбекұлы көрермендер мен қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, 1-курс студенттеріне алдағы уақытта таланттарының шыңдала түсуіне тілек тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының жетекшісі, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, профессор Айгүл Кабиқызының ықпалымен және ұйымдастыруымен өнер көрсеткен және «Дулати жастарының»  ізбасарлары ретінде қалыптасып келе жатқан 1-курс  білімгерлеріне алдағы өнер жолдарына шығармашылық табыстар тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

#тәуелсіздікке30жыл

Рамазан – игі істер айы

Рамазан айында Жамбыл облысы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі шаһардағы аз қамтылған және көпбалалы 40 отбасыға азық – түлікпен көмек көрсетті. Қиын сәтте өзгенің жүгін жеңілдетіп, пана болу адамгершілік қасиеттің асылы. Акция ұйымдастырушылары аз қамтылған отбасылар мен көмекке зәру жандарға қолда барымен бөлісті. Қайырымдылықтың жалпы соммасы  400 000 теңгені құраған. Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазанда жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болғай!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі

саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталығы

Дәулет Кәрібек облыстың этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті

Бүгін жуырда ғана Әулиеата өңірінің бас идеологы атанған, облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында Дәулет Жамаубайұлы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедованың, Жамбыл облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени» бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиқызының баяндамаларын тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.

«Дүниежүзі қазақтары» қауымдастығы мен «Отандастар» қоры Жамбыл облыстық фронт офисінің директоры – Төлебаев Арқабек Төлебайұлы өңірдегі қандастарымыздың түйткілді мәселелері бойынша сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар кездесу барысында облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері бірқатар ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі

саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталығы