Менің Отаным – Қазақстан. Оған деген махаббатым да, алғысым шексіз. Олай болса, «Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар» демекші Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттар бір жұдырықтай жұмылып, елімізді әлемнің дамыған, зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, дүңген халқының атынан қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғысымды айтқым келеді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.

Алғыс сөзі – жүректен иірілетін, тұнық сөз. Естіген жанды рухани лəззатқа бөлейді. Бір жағынан тілек, бір жағынан адамның ниеті, ризашылығы ғой, ол дүниедегі қымбат сөз!

ВАНСИНВИН САЛИМА

Руководитель дунганского этнокультурного центра села Сортобе

Кордайского район

Алғыс айту және Тәуелсіздің 30 жылдығына құттықтау

Сабина Зайтова — фармацевт, Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың мүшесі


Хисаматдинова Анжелла — студент, Enactus жобасының мүшесі, Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың мүшесі

Судаба Металимова — 7 мектеп гимназиясы, ұйымдастырушы педагог, Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың мүшесі

Ауызбіршіліктен асқан құндылық болмақ емес

1 наурыз – Алғыс айту күні

Ауызбіршіліктен асқан құндылық болмақ емес

Президент Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні мерекесі біз үшін өте маңызды әрі бір-бірімізге алғыс айтып, ыстық ықылас білдіретін мереке болып саналады. Қазақстан халқы ел өміріндегі осынау маңызды мерекені биыл алтыншы мәрте атап өткелі отырмыз.

«Тағдырдың кім көнбейді салғанына» демекші, ата-бабаларымыздың айтуынша, біздің әзірбайжан халқының бірсыпырасы сонау отызыншы жылдары тарихи Отандарынан қасиетті қазақ жеріне жер аударылған болатын. Міне, әзірбайжандардың содан бері жергілікті қазақ халқымен татулығының жарасқаны соншалық, олармен құда-жегжат, тіпті ағайын, туыс-бауырдай боп кеткенімізді қалай айтпаймыз?!

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Соның ішінде, біздің Жуалы ауданында қазақ, шешен, орыс, әзірбайжан, өзбек, татар, тағы басқа ұлттардың өкілдері бір үйдің баласындай татулықта еңбек етіп, отбасыларын асырап, елдің берекесін келтіріп отыр. Бұл – бақ пен ырыс қатар дарыған біздің елдегі ұйысқан ынтымақ пен татулықтың белгісі. Бұл – Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының жемісі. Бұл – әлем елдеріне үлгі етіп тарататын құндылық деп білемін.

Бірлік – біздің қасиетті туымыз. Бірлік бар жерде ғана берекелі тірлік болмақ. Қазақстан халқының ауызбіршілігі мықты болғанда ғана еліміз табыстарға жетеді. Болашағымыз да жарқын болады. Бірлікті қасиет тұтқанда ғана айымыз оңынан туып, күніміз жарық болмақ. Осыны әсте естен шығаруға болмайды. Алда келе жатқан Алғыс айту күні мерекесі барша қазақстандықтар үшін құтты болсын. Қай заманда да ауызбіршіліктен, татулықтан, достықтан асқан құндылық болған емес. Ендеше, ортақ Отанымыздың дамуына аянбай үлес қоса берейік. Достығымыз жасасын. Бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік.

Расим СУЛЕЙМАНОВ,

жас кәсіпкер.

Жамбыл облысы Жуалы аудандық

«Мехрибан» әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі

Заңның 10 жылдығына арналған «Медиация туралы» Ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық мониторинг орталығының алаңында «Медиация туралы» ҚР Заңы және оның қолданылуы бойынша Жамбыл облысының прокуратурасы ұйымдастырған құқықтық түсіндіру жұмысы өтті. Оған

облыстық прокуратура өкілдері, судьялар, өңірлік ҚХА медиаторлары, адвокаттар, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының дауларды реттеуде медиация институтын жандандыру.

Облыстық прокуратураның 2-ші басқармасының бастығы Алмас Меңлібаев өз баяндамасында: «Талдау көрсеткендей, 2020 жылы сотқа дейінгі тергеу барысында тараптардың татуласуына байланысты 1387 іс тоқтатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда сотқа жіберілген істердің саны 16% – ға азайды. Бұл сандар қоғамдағы жанжалдың төмендеуін, сот жүктемесінің төмендеуін және аймақтағы дауларды шешуде медиация халық арасында танымал бола бастағанын көрсетеді»- деп атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларды ҚР Жоғарғы Сотының 21.06.2001 ж. нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы түсіндіре келе, «ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы», оған қоса, (6-бап) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының татуластыру рәсімдерін пайдалануы туралы ережелерімен таныстырды.

Жиын барысында Медиация кабинетінің жетекшісі Валентина Досыбиева да үш жыл бұрын Жамбыл облысының ҚХА облыстық сотпен бірлесіп, осы құқықтық қызмет көрсету орталығын ашқанын, онда ҚХА медиаторлары азаматтарға өзекті мәселелер мен даулар бойынша кеңес беретінін атай келе, «Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық аймақтағы медиация институтын дамытуға үлкен серпін береді, осы бірлескен жұмысты жалғастыру қажет!», – деп қорытындылады.

Іс-шара соңы ҚХА медиаторлары дауларды сотқа дейін реттеуге қатысты келелі мәселелерді көтерумен бірге, қатысушылар Жамбыл облысында Медиация институтын дамыту бойынша нақты ұсыныстар қабылданғанымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Білім берудегі Медиация-уақыт талабы

Ағымдағы жылдың ақпанында ZOOM алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Білім беру саласындағы медиация қызметі» атты конференция өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бас маман – арын Маржан Сейлханқызы құттықтау сөз сөйледі. «2020-2023 жылдарға арналған Жасөспірімдер арасындағы суицидтердің санын арттыру мәселелерін шешу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, бала құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі жол картасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысының 15-тармағына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарында үлкен жұмыс жүргізілуде. Қауіпсіз орта құру үшін білім беру ұйымдарында қауіпсіз кеңістік қалыптастыру үшін медиация институтын енгізу қажет. Біз «мектеп медиациясы қызметі туралы ережені» бекіттік, сондай-ақ білім беру бөлімдері мен әлеуметтік педагогтардың жауапты мамандары, құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар үшін осы бағыт бойынша консультативтік-әдістемелік жұмыс бойынша бірқатар іс-шараларды бастадық. Бүгін Жамбыл, Қордай, Шу және Меркі аудандарының білім беру саласының өкілдері медиативтік дағдыларды меңгереді», – деп атап өтті ол.

Конференция аясында Валентина Досыбиева облыстық (ҚХА Медиация кабинеті меңгерушісі) және С.Дауылбаева (Жамбыл ауданы Гродекова ОМ ППН меңгерушісі, ҚХА медиаторы) «Білім беру жүйесіндегі медиация қызметі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Олар қатысушыларды медиацияның әдістемелік негіздерімен, рәсімімен, қағидаларымен және оның білім беру жүйесінде қолданылуымен таныстырды. Г.Кошекбаева (Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрайымы) ауданда медиация кабинеттерін ашу тәжірибесімен бөлісті. Мелдебекова Д. С. (Байзақ ауданы Үлгілі орта мектебінің құқықтық тәрбие жөніндегі меңгерушісі, ҚХА медиаторы) Мектеп медиациясы қызметін дамыту жолдары және оларды құру алгоритмі туралы айтып берді. С.Калабаева (Сарыкемер ауылы №1 гимназия мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі) мектепте осы қызметті жоспарлау және құру кезеңдері туралы таныстырды. Н. а. Оразқұлова (Шымкент қаласы медиаторлар қауымдастығының президенті) өз қаласында медиация қызметін құру тәжірибесімен бөлісіп, онда жұмыс істеу үшін әдістемелік құралдарды, буклеттерді ұсынды.

Спикерлердің барлық баяндамалары білім беру саласында медиацияны жандандыру үшін слайдтар мен ұсыныстармен сүйемелденді. Конференция барысында қатысушылар медиаторларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар мен кеңестер алды.

Сөз сөйлегендер білім беру ұйымдарында медиацияның маңыздылығын атап өтті, ол балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай,

қауіпсіз кеңістікті, тең мүмкіндіктерді қалыптастыру және олардың мүдделерін қорғау үшін жағдай жасайды.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Жамбыл облысы ІСБ



Жамбыл облысы ҚХА жастары «Өмір сыйла» акциясына қатысты

Донор болу – біреудің өмірін ғана емес, өз өміріңді де құтқару. Қан тапсырудың адамды ынталандыратын әсері бар екені ғылыми түрде дәлелденген, яғни, донорлар – өте белсенді және өмірге құштар жандар. Әлемде қан құюға жыл сайын миллиондаған адамдар мұқтаж болады. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабының белсенділері Тараз қаласындағы «Қан орталығына» барып қан тапсырды. Айта кетейік, қайырымдылық шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қан өткізуге, қайырымдылыққа ерікті түрде атсалысатын жастардың биылғы жылғы шарасы «Өмір сыйла» акциясы аясында өткізілді. Қолдарына ҚХА жалауын ұстаған жастар, «Қан орталығы» ғимаратының алдында жиналды. Бұл игілікті іс әрбір жанға үлгі болары сөзсіз.

Қан қандай жағдайда керек? Сырқат жандар күнделікті қан құюға мұқтаж болады. Қан немесе қанды құраушы компоненттер жол-көлік оқиғасына ұшыраған, босанғаннан кейінгі ауыр жағдайдағы әйел азаматшаларға, сырқаты терең балаларға ауадай қажет. Ал гемофилиямен және анемия ауруына шалдыққандарға өмірін сақтап тұру үшін тек қан керек. Әлемнің әрбір үшінші тұрғыны бір рет донорлық қанды қажетсінеді дейді статистика. Ал «Донор» дегеніміз –өзінің қанын беру арқылы біреуге өмір сыйлайтын адам.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ерікті донорлары, Тараз қалалық Қан орталығының қолдауымен өткен атаулы акцияға ерекше ынта-ықыластарымен атсалысты.

Алдымен тіркеу бөлімінен өтіп, зертханалық кабинетте талдама жасалынды. денсаулығы жарамды деп танылған қыз-жігіттер қанға мұқтаж жандарға өз қандарын өткізіп, қайырымды іс жасады.

Орталық басшысы Умаров Гулам Мухтарұлы қайырымдылық іске белсене қатысқан жастардың ізгі ниеттеріне өз ризашылығын білдірді. Осынау дәстүрлі шара жалғасын тауып, қайырымдылыққа жаны құмар мейірімді жастардың қатары көбейсе деген тілегін де жасырмады. Мұндай жауапты әрі өте маңызды шараға жас буынның саналы түрде қатысуы қуанарлық жағдай екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы жастарының жетекшісі Хамида Турдыева: – «Қайырымдылық акциясына барлығы 25 жас қатысып, белсенділік танытты. «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады және оған қатысушылар саны артып келеді» -деді.

Шара соңында акцияға қатысушылар мекеме қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы





Мектеп медиациясы қызметі – уақыт талабы

Мектеп қабырғасындағы жанжал жағдайларының саны жыл сайын едәуір артып келе жатқандықтан, білім беру жүйесінің жұмысына медиативті тәжірибені енгізу қажеттілігі туындады. Жастардың болашағы бар және ол бізге байланысты болады. Егер ол қазіргі қақтығыс жағдайынан, мінез-құлық мәдениетінен, құрдастарымен, аға буын өкілдерімен қарым-қатынас мәдениетінен лайықты жол табуды үйренсе, онда ол одан да үлкен жаста, оның аумағынан емін-еркін өзі шешіп шыға алады. Ол үшін облыс мектептерінде медиация кабинеттерін немесе бұрыштарын ашу және олармен татуласу қызметтерін құру қажет, олар келеңсіз мәселелерді келіссөздер арқылы шешуде жанжалдасушыларға жағдай жасайды.

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың елімізде медиация институтын дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы ҚХА медиация кабинетінің міндеттерінің бірі медиация институтын білім беру саласында жандандыру болып табылады, ол құқықтық мәдениетті арттырып қана қоймай, ондағы жанжалдарды, агрессиялық, қауымдық көріністерді төмендетеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың ақпан айында Байзақ ауданының медиаторлары Көшекбаева Г.А., Мелдебекова Д., Балабеков С. өз ауданында Мектеп медиациясы қызметтерін ашу жұмыстарын үйлестірді. Бұған алғашқы қадам Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің Үлгілі орта мектептерінде, Сарыкемер ауылының №1 мектеп-гимназиясында, Н. Ақшабаев атындағы орта мектебінде «Мектеп медиация қызметінің жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу болды. Бұл іс-шаралар судьялардың, әкімдік, ішкі саясат бөлімі, ІІБ өкілдерінің, ювеналды полиция қызметкерлерінің, қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің, билер мен ҚХА медиаторларының қатысуымен өткізілді.

Осы мектептерде құрылған, білім беру ұйымдарының қызметкерлерінен, оқушылар мен ата-аналардан тұратын Медиация қызметтеріне осы ауданның ҚХА медиаторлары да кірді. Олар жұмыстың бастапқы кезеңінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, ОММ мүшелеріне жанжалдарды шешуде медиативтік тәсіл дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Бұл қолайлы жұмыс әр мектепте жалғасады, өйткені бұл ондағы қауіпсіз кеңістікті қалыптастыруға жағдай жасайды!

Жамбыл облысының ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы


Таразда «Калинка» вокалдық ансамблінің 5 жылдығы атап өтілді

Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қоғамы қоғамдық бірлестік ретінде 1993 жылдың наурыз айынан бастап  тіркелді, содан бері этномәдени бірлестік облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған, өңірлік этносаралық келісімді нығайтуға, патриотизмді насихаттауға, мемлекеттік бірегейлікті құруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысатын ұжымдардың қатарына кірді. Ал «Калинка» ансамблінің алғашқы кәсіби қойылымы Тараз қаласының Мәдениет үйінің сахнасында орыс халқының ою-өрнектерімен көмкерілген кестелі ұзын ақ-қызыл сарафандарын киген әйелдер ұжымы және «Радонеж» орыс этномәдени бірлестігі мүшелерінің орындауында «Ой, цветет калина» әнімен басталған болатын.

«Хоровод» биін және «Ой, цветет калина» әнін осы шығармашылық топтың негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Владимир Владимирович Сорокин сахнаға шығарып, облыста айтарлықтай жетістікке жетті. Осы қойылымнан кейін «Калинка» ансамблі атауын алған болатын.

Бес жылдан астам шығармашылық қызметінде В.Сорокин халықтық негізде аталмыш ансамбльдің көмегімен отыздан астам сахналық туындыларды ел назарына ұсынды. Өңірде барлық қоғамдық маңызы бар мәдени іс-шараларға қатысатын «Калинка» шығармашылық ұжымы әрдайым сұранысқа ие. Бұл жөнінде неге сөз қозғап отырмыз?!

Себебі, осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айында Тараз қаласының Достық үйі ғимаратында «Радонеж» Жамбыл облыстық орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Калинка» вокалды ансамблінің бес жылдығы атап өтілді.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ансамбль мүшелерін 5 жылдығымен

құттықтап, Жамбыл облысы өңірлік ҚХА іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. –«Кеше ғана біз «Калинка» ансамблінің ашылуында болған сияқты едік, ал бүгін сіздер осы көркемдік ұжымның 5 жылдық мерекесінің куәгерлері мен қатысушылары болып отырсыздар. Ансамбльдің әндері мен билері 5 жыл ішінде өз көрермендерінің жүректеріне жол таба білді. Шығармашылық топтың белсенді мүшелерінің ерен еңбегі мен өміріне шығармашылық табыс және отбасылық амандық тілеймін! Бүгін «Радонеж» орыс қоғамының бірлестігі ұйымдастырған кеш барлығына ерекше көңіл-күй сыйласын!».

Концерт барысында сахнада «Шолпан» қазақ әні, «Ляйсан тамчилары» вокалдық тобының қатысуымен «Эх, Тала, Тала» татар әні, «Ой нэ свиту мисяченьку» украин халық әні сияқты композициялары қойылды. Сондай-ақ, бұған қоса, «За тихой рекою», «Голубая ночь», «Хмель», «Кумушка», «Не грусти, калинка», «Ночка луговая» және т.б. әндер шырқалды. В.Сорокин өз ұжымының шығармашылығы туралы былай деді: – «Біздің кез-келген жұмысымыздың бел ортасында орыс «хороводы» немесе лирикалық және көңілді әндер болсын, мұның бәрі орыс этникасының символы болып табылады. Біз орыс халық өнерінің этностық ерекшелігін барынша айқын білдіргіміз, көрсеткіміз келеді. Бұл біздің ансамблімізге шабыт көзін сыйлайды».

Аталған іс-шарада «Жас дәурен» үлгілі хореографиялық ансамблі «орыс хороводы», «орыс биі» және «Домбыра» қазақ биі билерімен өнер көрсетті. Сондай-ақ, Дон казактарының әні «Как за Доном за рекой», песни «Хуторок», «Крапива Лебеда» т.б.әндер шырқалды.

Іс-шара соңында «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы және «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокин шығармашылық топтың барлық мүшелеріне алғыс айтып, қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі уақытта да облысымызда «Калинка» ансамблі шығармашылық қызметін жалғастыруда және кеңінен танымал.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы







Отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы – болашақ игілігі

Отбасы, мектеп және қоғам тәрбиесінің жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын талқылау, мектеп, отбасы, қоғам арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, ата-аналарды бірлескен іс-әрекетке тарту. Осындай мақсатпен ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылының №1 мектеп-гимназиясында Медиация қызметі кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі, Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрағасы Ғайни Көшекбаева аудан медиаторларының қатысуымен дөңгелек үстелін өткізді.

ОММ үйлестірушісі, тәрбие жұмысы бойынша Сая Калабаева, «Үгіт – насихат» мектеп штабының жетекшісі, мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша Гүлназ Мұраталиева ОММ және оқушылардың медиация өзін-өзі басқару жұмысы жаңа технологиялар екенін атап өтті. Мектептегі дауларды білім берудің негізгі буыны медиаторларын – балаларды тарта отырып шешу және олар жанжалдар мен келіспеушіліктерді жазалау емес, сындарлы шешуге жағдай жасайды. Жалпы алғанда, олар оң нәтижелер береді және даулар мен қиын жағдайға тап болған балалар мен ересектер арасындағы құқық бұзушылық жағдайларында білім беру процесінің барлық қатысушыларына әлеуметтік-психологиялық, құқықтық көмектің әдістері мен формаларын ұсынады.

ОММ кеңесінің мүшелері – педагог-психолог Нұржан Жұмағұлов, әлеуметтік педагог Айгүл Нұрманова, тарихшы Айжан Садықова ОММ -де құрылған балалар медиациясы қызметі оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын-алу мен түзетуге ғана емес, сонымен бірге қолайлы әлеуметтік- психологиялық климат, сонымен қатар ұлттық қана емес, басқа да әлеуметтік-мәдени, тұлғааралық қатынастарды сауатты шешеді. Жұмыста оқушылар мен ересектер арасындағы мазасыздық, агрессия деңгейін анықтау үшін әр түрлі тесттер, сауалнамалар, әңгімелер қолданылады.

9-сынып оқушысы «Жас медиатор» Әсем Жұмахан жасұландықтардың «Жеті жарғы» бағыттары бойынша «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдары арқылы балалардың позитивті белсенділігі мен өмірлік позициясын қалыптастыру үшін өз қызметін қалай жетілдіретінімен бөлісті. Сондай-ақ, «Руханият», «Зерде», «Отан» бағыттары арқылы да даулар мен қақтығыстарды шешудің өркениетті формаларын саралап, қоғамдық белсенділікке тәрбиелеу, коммуникативті және лингвистикалық мәдениетті қалыптастыру, сонымен бірге, интеллектуалды мәдениетті дамытудың оқу үрдісіне қатысушылар арасында тарату жолдарын атап өтті.

Аудан медиаторлары қауымдастығының төрағасы Ғайни Көшекбаева, ОММ кеңесінің жетекшісі медиатор Серік Болабеков, осы мектептің директоры Гулпаш Жаманова, мектептің білім беру, әкімшілік және білім

беру қызметтерінің, ОММ кеңесі, барлық құрылымдары мен бөлімдері, отбасылық, қоғамдық ұйымдар профилактикалық, түзету жұмыстарының тиімділігін когнитивті-корпоративті негізде арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл бірлескен жұмыс студенттердің әлеуметтік мінез-құлқының көрінісін азайтады, ең бастысы – балалар мен ересектердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Процестің барлық қатысушылары шағын дәрістерді, пікірталастарды, рөлдік және симуляциялық ойындарды, кейстерді, вебинарларды, дебаттарды, турнирлерді, КТК, жарыстарды, оның ішінде онлайн режимін ұнатады.

Жиын соңында Дөңгелек үстелге қатысушылар кеңесе келе: «ОММ әдісі мектептер, отбасылар және қоғам арасындағы ынтымақтастыққа жағдай жасайды. Бұған қоса, «Мектептегі медиация» – бұл дауларды шешудің заманауи балама тәсілі ретінде білім беру үрдісінде қатысушылар арасындағы дауларды шешу және жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын инновациялық әдіс» деген өзара ортақ пікірге келді.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі қызметі орталығы

Қазақстан – достық пен татулықты мекені

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған.

Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған.

Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі – өнеге бола білді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс – шаралар өткізу болып табылады.

Сабри Асанов Жамбыл ауданы бойынша

«Барбанг» күрді этномәдени орталығының төрағасы