«Ахыска» түрік этномәдени бірлістігі этнос күнін атап өтті

        

         Ағымдағы жылдың қарашасында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ахыска» түрік этномәдени бірлістігі Жамбыл облыстық филиалықоғамдық бірлестігінің этнос күні аталып өтті.

            Шараның басты мақсаты өңірдегі түрік этносының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдет-ғұрпын дәріптеу,  көп ұлтты еліміздің бірлігі мен ынтымағын арттыру, түрік мәдениетінің, әдебиетінің, өркениетін келер ұрпақтарына насихаттау. Қазақстан мәдениетіне үлес қосу. 

         Этнос күніне «Ахыска»  түрік этномәдени бірлістігі Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің  мүшелері, ҚХА мен этномәдени бірлестіктері, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

         «Түрік халқының тарихы» атты этнос күніне арналған шаралар легі екі  күнге жалғасты. Алғашқы күні «Баласағұн» орталық концерт залында кеш өтті. Онда түрік халқының ежелден келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрып, тарих пен тағылымдарына толы сахналанған қойылым, ұлттық музыкалық аспаптарымен орындалған әндері мен билері,  «Ахыска»  түрік этномәдени бірлістігі туралы бейне ролик, түрік еліне белгілі ақындардың жыр шумақтары оқылып, қалық көпшіліктің назарына ұсынылды.  Кештің соңы  «Ахыска» түрік этномәдени бірлістігі Жамбыл облыстық филиалықоғамдық бірлестігінің өкілдері жыл бойы қоғамдық жұмыстары мен  өзгеде шараларына белсенділік танытқан бірлестік мүшелеріне сыйлықтар табыстады. 

         Этнос күнінің екінші бөлімі  «Grand Royal» салтанат сарайында жалғасыты. Мұнда  «Ахыска» түрік этномәдени бірлістігі Жамбыл облыстық филиалықоғамдық бірлестігінің кеңейтілген отырысымен басталды.  Жиын басы бірлестік төрағасы Махмутжон Давришевтың облысымыздағы түрік этносының жай – күйі мен атқарып жатқан жұмыстары, бауырластық туралы сөзімен басталды. Артынша Құран оқылып, «Ахыска түрік тарихы» атты бейне ролик көрсетілді. Жиын барысында түрік этносы ата – бабаларының  рухына арналған  құдай тамақ таратты. Түрік этносы мұнда  тек Тараз қаласында ғана тұрып жатқан бауырластарын емес алыс – жақындағы ағайындарында назардан тыс қалдырмай, жайылған ақ дастархандарына қонақ қылды.

         Жиын соңында аталмыш қоғамдық бірлестіктің белсенді өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

   Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Назерке Оңғар

Тел:  8 (7262) 54 10 37

8 705 997 87 92