«Қазіргі заманғы шақыру. Аймақтағы медиация институтын алға жылжыту» тақырыбындағы пресс-конференция.
2018 жылғы 26 қазанда сағат 12: 00-де Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің аланында медиа қызметкерлері үшін «Қазіргі заманғы шақыру. Аймақта медиацияны дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихатының мақсаты медиация институтын дамытудың өзекті мәселелері мен әдістерін, Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация құрылымын мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын талқылау.
Баспасөз конференциясының спикерлері:
- Сафонова Лариса Владимировна – Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы, «Новый регион» облыстық газетінің бас редакторы, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі.
- Азретқұлов Дінмұхамед Анқабекұлы– Жамбыл облыстық сотының судьясы, Келісім координаторы.
Медиацияны Қазақстанда қолданудың өзектілігі туралы баспасөз мәслихаты барысында баяндамашылар Қазақстандағы оның дамуы туралы сұрақтарға жауап берді. Медиацияның ауқымы, басқа рәсімдерден, әдістер мен қағидалардан айырмашылығы, сондай-ақ кәсіби және кәсіби емес медиаторларды дайындау және Қазақстан халқы Ассамблеясында медиация институтын насихаттау практикасында көрініс тапты.
Сөйлеушілер медиацияның маңыздылығын, қоғамдағы тұрақтылыққа, бейбітшілік пен келісімге ықпалын атап өтті.
Жамбыл облысы әкімінің
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі