4

Достық үйінде Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отырған «Анна Франк. Тарих сабағы» атты көрменің ашылуы өтті. Аталмыш іс-шара бүкіл әлемге бергілі Амстердам қаласындағы «Анна Франк Үйі» мұражайында дайындалды. Ал Қазақстандағы бұл көрмені ұйымдастыру «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-на бұйырды. Атап өту керек, көрме гидтары Тараз қаласының жеті мектебінің оқушылары. Екі күндік оқытудан кейін жас экскурсоводтар көпшілікке Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде 25 ай бойы немістерден тығылған еврей қызы Анна Франк пен отбасының тарихын сенімді түрде баяндап берді.

Көрме – бірінші кезекте жастарға бағытталған білім беру саласындағы жоба. Көрмеде Аннаның Франкфуртта өмірге келгенінен бастап, Германиядағы ұлтшылдық режимнің белсенді түрде дамып келе жатқаны, Амстердамда өткен жас қыздың басынан кешкені, 1930 жылдағы Нидерландыдағы басқыншылық туралы әңгімесі, еврейлерді аңдуы, Франк отбасы мен оның достарының баспанадағы өмірі мен 1945 жылғы наурыз айындағы Берген-Бельзен конслагеріндегі Аннаның өлімі туралы айтылды.

Көрменің негізгі мақсаты халықаралық дәрежеде көрермендерге Анна Франктің тарихы мен оның өмірі туралы, сонымен қатар антисемитизм, кемсіту, қуғын, сондай-ақ осындай жағдайдағы адамдардың қиындықтарға төтеп беруі мен әсері, еркіндік, теңдік және демократия сияқты құндылықтары, қазіргі кездегі Анна Франк күнделігінің маңыздылығын көрсету.