«Ақ ниеттегі» ассамблея жастарының форумы Қазақ пен қырғыздың белсенді жастары бас қосты
«Көрші ақысы – тәңір хақысы» деп дана халқымыз айтқандай қазіргі таңда қырғыз бен қазақ халықтарының арасындағы достық, бауырластық белгісі күн санап артып келеді. Соның тағы бір дәлелі күні кеше ғана Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен «Жаңа толқын 100+» атты Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ауыл жастарының форумы болып өтті.
Алып Алатаудың қос етегін мекендеген қазақ пен қырғыз ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған бауырлас халықтар. Қос халықтың тұрмыс – тіршілігінде, мәдениеті мен өркениетінде, салты мен санасында біршама ұқсастықтарбаршылық. Айыр қалпақты ағайынмен қазақ халқының ертеден келе жатқан рухани байланысыда бар. Ұлы ғалым Шоқан Уалихановтық «Ыстық көл сапарын» жазуы, «Манас жырын» хатқа түсіруі, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы, көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың әйгілі Мұхтар Әуезовке шәкірт болуы, Жамбыл мен Тоқтағұл есімдерінің қатар аталуы достығымыздың дәлелі.
Бүгінде ата – бабадан қалған дәстүрді дәріптеу біздің парызымыз. Осы мақсатта Мерке аудынындағы «Ақ ниет» шипажайында Қазақстан мен Қырғызстанның белсенді жастары бас қосты. «Жаңа толқын 100+» ауыл жастарының форумына И. Арабаев атындағы КМУ-нің онға жуық аспиранттары қатысты.
Форум қырғыз елінен келген жастарды Сыпатай батыр кеденінен күтіп алудан басталды. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» жобасына сәйкес қырғыз елінен келген қонақтарды кезінде «Ұлы жібек жолы» саналатын жолдың бойында орналасқан Сыпатай батыр кесенесіне алып барып, батырдың өмірі мен ерліктерінен сыр шертілді. Ары қарай қонақтар Мерке аудандық тарихи – өлкетану музейін аралады. Онда Мерке табиғаты, қазақтың ежелден келе жатқан құрал – сайманы, ұлттық нақышта тігілген киімдері, әшекей – бұйымдары, халқымыздың ежелден тұрмыста қолданған заттары, Мерке жерінен шыққан белгілі тұлғалары, Тәуелсіздік таңындағы Қазақстанның келбеті, Отырар қаласынан (ежелгі Фараб) табылған құнды жәдігерлер, Тұрар Рысқұловқа арналған бұрыш т.б тарихтан сыр шертер дүниелермен танысты. Мерке жерімен танысуға арналған экскурсияның соңы Ботпай бабаның кесенесіне барып, өмірі және кесене келбетінің ерекшеліктерімен танысумен аяқталды.
Экскурсиядан кейін Меркі жерінде орналасқан «Ақ ниет» шипажайында Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен «Жаңа толқын 100+» атты ауыл жастарының форумының ашылу салтанаты болды. Шараның ашылуы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ұлтуар Бабақұлова, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева және И.Арабаев атындағы КМУ аспиранты Азамат Айдаровтың алғы сөзімен басталып,концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертке «Болашақ» вокалдық триосы мен Меркі ауданының өнерпаздары қатысты. Форумның бірінші күнінің соңы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Гүлбала Мұхамеджан, Рахат Ерханұлы, Азамат Назаровтың ұйымдастырумен «Танысу кеші» және әр ұлттың билерінен жарыс ұйымдастыру айдарларымен аяқталды.
«Жаңа толқын 100+» форумының екінші күні таңғы жаттығумен басталды. Жастардың бойын сергітіп алғаннан кейін, Ғылыми сараптамалық бөлімнің ұйымдастыруымен Гулгина Гизатулина мен Альбина Тапаева «Қоғам бірігуіндегі тіларалық байланыс рөлі» тақырыбында семинар – тренингін өткізді. Тренинг қонақтар мен жастардың белсендіктерін оятып, ойларын жеткізуге деген сенімділіктерін арттырды. Ал, медиация тақырыбы бойынша жастарды дау – жан-жалдың адын алуға арналған келісім туралы Меркі ауданының медиаторы Шынар Хамирова лекция оқыды. Жастарды «100 жаңа есім» жобасымен таныстыруда назардан тыс қалмады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауҚазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есімнің» Жамбылдық жеңімпаздары туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының баспасөз бқызметі бөлімінің БАҚ пен жұмыс менеджері Назерке Оңғар таныстырды. Осы тұста қырғыз елінің белсенді жастарына жетекшілік етіп келген Айдаров Азамат сөз сөйледі. Ол, еліміздегі жастардың белсенділігін арттыруда әр сала бойынша жасалып жатқан жұмыстардың сапалылығын және медиациямен жұмыс істейтеудің кереметтігін, өздерінің осында келіп тәжірибе алмасқандарына разы екенін тілге тиек етті. Форумның екінші күнінің соңы ұлттық құндылықты қайта жаңғырту «Қазақтану» жобасы бойынша Рахат Ерханұлы таныстырды. Мұнда қазақ халқының «Табақ тарту» рәсімі көрсетіліп, дәстүрлі әндер дәріптелді.
Форумның үшінші күні, яғни соңғы күні Уксикбаев Біржан, Рахат Ерханұлы, Азамат Назаровтың ұйымдастыруымен спорттық ойындардан турнир өткізілді. Жастар мұнда билярд пен тенис бәсекелесті. Турнирден кейін форумның жабылу салтанаты өтті. Мұнда келген қонақтар мен облысымыздың белсенді жастарына марапаттау қағаздары мен естелік сыйықтар табысталды. Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен откен «Жаңа толқын 100+» ауыл жастарының форумы флешмобпен аяқталды. Қазақтың қонақжай қасиетіне сай айыр қалпақты ағайынды Сыпатай батыр кеденіне дейін шығарып салды.
Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Назерке Оңғар
Тел: 8 (7262) 54 10 37
8 705 997 87 92