«БОЛАШАҚ  БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ  ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ  ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

Ағымдағы жылдың 09 қарашасы күні Достық үйінде «Болашақ бесіктен басталады» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің облыстық форумы өтті. ҰйымдастырушыларЖамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Форумның мақсаты – «Қазақтану» бағдарламасы бойынша Қазақстандағы бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті, отбасылық құндылықтарды сақтау және өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы нығайту, қазақ халқының тарихы, өнері, дәстүрлері, философиясы туралы ақпаратты басқа этностардың өкілдерінің қабылдауы және таратуы үрдісінде аналар кеңестерінің рөлін арттыру.Қатысушылар облыстық Аналар кеңесінің төрайымдары  мен мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен өкілдері, аудандық аналар кеңесі мен бірлестіктің белсенді мүшелері, Жамбыл облысы құқық қорғау органдарының өкілдері,облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, дағдарыс орталығы мамандары,  ҚХА жастары,  кәсіпкер әйелдер, БАҚ,меценаттар болды.

   Аталмыш  шараның басы Достық үйінің бірінші қабатында ауданаралық қолөнер көрмесінен басталды. Әр аудандардан қатысқан қыз-келіншектер мен әжелер өздерінің керемет ынта-жігермен жасаған бұйымдарының коллекциясын жұртшылық назарына тамашалауға ұсынды. Қолөнершілердің ішінде Қордай ауданының Қарасу ауылдық округінің А.Пушкин атындағы №17-мектебінің оқушылары – Бітебаев Г, Өмірзақова А, Үсербаева Ж.-дің жасаған оюлы ұлттық көрпе, қоржындары мен тоқылған бұйымдары, теріден оюмен көмкеріліп жасалған күртешелер мен байпақтары, Жамбыл ауданы, «Аса» ауылдық бөлімшесінен келіп қатысқан қолөнерші Р. Нұрманованың, «Алға» ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Г.Күшікбаеваның ұлттық стильде жасалған қазан тұтқыштары мен инеқадағыштары, түрлі мүйіз оюлармен жасалған құрақ көрпелері, газеттен тоқылған гүл шоқтары мен вазалары көз тартарлық. Мойынқұм ауданынан келген әжелер мен Тараз қалалық «Балалар мен жасөспірімдер» орталығы атынан қатысқан А.Өмірбекованың шиден тоқылған және кестемен жасалған картиналары, табиғат пейзаждары, Бур техникасымен жасалған жастықшалары, сан түрлі геометриялық пішіндермен жасалған құрақ көрпелері де жұртшылықты таң қалдырмай коймады. Сондай-ақ, Жуалы ауданынан келген «Дружба» славян орталығы мен Байзақ ауданынан келіп қуантқан Оксана Тартанның өрнекті қолорамалдары, қиғаш құрақ, жұлдызша, мүйіз құракпен, қызғалдақ салынып тігілген құрақ көрпешелері, ұлттық киімдер мен киіз үйлері, әшекейлі самаурындары, күмістен жасалған шәйнектер мен кестелі орамалдары көздің жауын алады. Жиылған жұртшылықтың назарына ерекше ілінгені – Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарынан келген қолөнер иелерінің «Рухани жаңғырудың»  символы саналатын бүркіт бейнесінде кестеленіп жасалған жастықшалары, түрлі-түсті жіптерден тоқылған аю бейнесіндегі жұмсақ ойыншығы,бисерден тігіліп жасалған бал ара, қоян бейнелері,ашық түсті пенопласттан жасалған түнгі шамдар, Г.Сайрамбекованың жетекшілігмен мектеп оқушыларының жіптен дайындалған бұғының, ханзаданың, Алабай итінің бейнесімен сомдалған картиналары, жіптен ерекше тоқылған қыз баланың көйлектері мен бас киімдері.

Іс-шараны Жамбыл облысы  Қазақстан халқы ассамблеясының  төраға орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Қожаева Маржан Төреғұлқызы ресми түрде ашып берді. Модератор, әрі өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова келесі сөз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың соңғы Жолдауында көтерген мәселелердің Аналар кеңесіне қатыстысын бөліп алып, болашақ ұрпақтың білім-тәрбиесіне аналардың жіті мән беруіне  әкеп үйлестірді: «Мемлекет басшысының оқу үрдісіне, сапасына аса мән беріп, 2019-жылды  Жастар жылы атап, олардың барлық жағынан жағдайын жасап, жастардан зор үміт күтетіні баршамызды ойландыру керек, құрметті Аналар! Елбасы бауыр еті-балаларымыздың сыртқы әл-ауқаттарына аса мән беріп жатқанда, біз-Аналар олардың үйдегі тәлім-тәрбиесіне зор мән берейік!». 

   Сондай-ақ, Аналар кеңесінің форумына ҚХА ассамблеясы кеңесінің мүшесі Куненова Фаиза Сайлаубекқызы да қатысты. Ол өз баяндамасында«Қазақтану» бағдарламасын жүзеге асырудағы  Аналар кеңесінің атқаратын міндеттерін, рөлін атап көрсетті: «Біз әйелдер қауымы елімізде болып жатқан саяси мәселелерден тыс қала алмаймыз, өйткені қазақ елінің ертеңі – отбасымыздың, ұрпағымыздың болашағы. Тәрбие ұлттық рухта болу керек. Сонда ғана өз ұлттық құндылықтарымызды бағалайтын қасиетті ұлы мекеніміздің иесін, басқаның жылтырағанына қызықпайтын ұрпақ өсіреміз. Ол көбіне аналарға байланысты екені хақ. Сонау ата-бабамыздан келе жатқан «Қызға қырық үйден тыю» тәрбиесін жаңғыртып, соған көңіл бөлейік. Үйде отырып некесіз бала туу, бала тастау, жасанды түсік жасату сияқты ұлтымызға зор нұқсан келтіретін келелі проблемаларды бақылауға алайық».

   Сонымен бірге, «Бала отбасында  өсу керек», «Қыздардың  өсімталдық денсаулығын қорғау», «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудағы мемлекеттік органдардың рөлі» атты тақырыптарда Жамбыл облысы  полиция  Департаменті  ювенальді полиция бөлімінің   капитаны Семенова Оксана Владимировна, «Ана үйі» қоғамдық қорының  үйлестірушісі Ажибекова Айнұр Темірханқызы да өз баяндамаларында «Қазақтану» бағдарламасына сүйене отырып, ұлтымызды толғандырарлық бірыңғай өзекті мәселелерді алға тартты.

Форум десе, бірден ойға марапаттау рәсімі келетіні жасырын емес. Аналар кеңесінің іс-шарасында да кеңес мүшелерінің барлығына кеңестің жұмысына белсене атсалысқандары үшін алғыс хаттар, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында жамбыл облыстық және Тараз қалалық қолөнер шеберлері Солошенко Галина Дмитрийқызы, Нұрманова Рыскүл Қадырбекқызы, Қуанышбаева Қалия Бозтаевналар да бар. Форум өңірлік этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының және «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының әншілері мен бишілерінің концертімен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Бибігүл Утепова

Тел:  8 (7262) 54 10 37

8 7074501243