Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі жағдайы
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында облыс аудандарында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі жағдайы: аймақтың даму ерекшеліктері»тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – этномәдени бірлестіктердің ынтымақтастығын арттыру, халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту, ауыл жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеу және жастарға психологиялық тұрғыда қолдау көрсету болып табылады.
Семинарға қатысушылар: Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімініңсарапшылары, облыстық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері,ауыл жастары және тағы басқалар.
Семинар барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Досыбиева Валентина Николаевнаауыл жастарына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыруда Ассамблеяның маңызы зор екені туралы айтып өтті. Қазақстанның басты құндылықтары– бейбітшілік, татулық пен келісім. Бұл тұрғыда, бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық моделін қалыптастыру міндеті бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеліп отыр – деп баяндап берді.
Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы – Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасыөз кезегінде діни сенім бостандығы және мемлекеттің зайырлылық принциптері тақырыбында ой қозғады. Қазақстандағы діндердің дамуы діни сенім бостандығы, рухани даму, елдегі азаматтық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттің жүйелі саясатының нәтижесі болып саналады – деп ауыл жастарына өз ойымен бөлісті.
Семинарды әрі қарай «Қазақтану мәдени-ағартушылық» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы – Тапаева Альбина Маратқызы жалғастырды.
Жылқыбеков Қуат Бауыржанұлы және Кулиева Зарина Махмұдқызы-Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшылары:«Елімізде әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалған. Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі» – деп атап өтті.
Cеминар соңында,Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ осыбөлімніңсарапшылары азаматтардың қоғамдық жағдайларға деген көзқарастарын анықтау мақсатында шағын-тренинг өткізді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз бөлімі