Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Ағымдағы жылдың 31 мамыры күні Меркі ауданы, Сыпатай батыр ауылындаашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезінде жерленген поляк жауынгерлерін еске алу шарасы өтті. Өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясынан Ұлтуар Қуанышбаевна, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Рано Убайдуллаева бастаған ҚХА этномәдени бірлестік өкілдеріжәне өзбек қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, «Поленез» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова және №31 орта мектептің өнерлі өрендері іс-шараға арнайы барып қатысты. Тарихты еске алуға жиналғандар саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Осы тұста тарихқа шегініс жасайтын болсақ, жазықсыз«Халық жауы» атанған қаншама ұлт жанашырлары мен олардың жақындары сұрапыл саясаттың құрбаны болды. Олардың қатарында ғылым, мәдениет, саясат саласының қайраткерлері, зиялы қауым өкілдеріде бар. Елімізде қуғын-сүргіннің құрбаны болған 103мыңнан аса адамның 25мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Солақай саясат салдарынан 507 мың қарашай, шешен, 180 мыңқырым татарлары, 110мыңға жуық поляктар, басқада қаншама ұлт өкілдері қазақ еліне күштеп жер аударылған. XX ғасырдың басында болған ашаршылық және саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алу шарасы 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жыл сайын атап өтіледі.
Поляк жауынгерлеріне арналған шара Тараз қаласының №31 және Меркі ауданы, Сыпатай батыр ауылындағы №16 орта мектеп оқушыларыныңпатриоттық бағыттағы концерттік бағдарламасымен жалғасты.Жиынғақатысушылар ашаршылық және саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын 1минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, поляк тарихында қалған генерал Андерстің әскері жайлы шағын бейнеролик көрсетілді. Шара соңында «Поленез» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Лариса Кальковасеріктестік танытып, қолдау білдіргендері үшін Меркі ауданының, Сыпатай батыр ауылының әкімдеріне және Поляк әскері жерленген бейіттерді өз қамқорлықтарына алған еңбектері үшін Кикинадзе Аслан және Әмірдің отбасыларына, моральдық, материалдық көмектері үшін Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына айрықша алғысын білдірді.
Тарихи тағдырдың ықпалымен Қазақстанға жер аударылған этностық ұлт өкілдері сөз алып, қиын күндерде бауырына басып, қонақжайлық танытқан қазақ халқына алғыстарын айтты.