«Менің отбасымның дәстүрлері» атты фестиваль

 

2017 жылдың 24 қазанында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі ааппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өңірлік этномәдени бірлестіктер арасында «Менің отбасымның дәстүрлері» атты фестиваль өтті.

Іс-шара қоғамда отбасы институтын нығайтып, өскелең ұрпақты жанұялық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Отбасы – қоғамның құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар негізі мен тірегі. Қазіргі таңда елімізге отбасы деңгейін көтеру, адамдардың үйленіп үй болуға деген көзқарасын өзгерту мәселерін шешу жолында жаңа идеялар мен тың амалдар табу қажет.

Осы орайда отбасылық дәстүрлерді меңгерудің маңызы зор. Өңірімізде өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің салт-дәстүрі мен шежіресін оқып-білу отбасы мүшелерін жақындастыра түсетіні анық. Себебі, баланы мазалаған сұрақтарға ата-анасы, апа-аталары жауап беріп, екі жақты қарым-қатынас жақсара түседі. Ал бұл өз кезегінде жас ұрпақтың ата-бабаларының тарихына деген қызығушылықтың артып, рухани құндылықтардың қалыптасып, мәдени деңгейінің артуына септігін тигізеді.

Фестивальді ашып беру үшін сөз Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаевағажәне өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражаповаға берілді.

«Менің отбасымның дәстүрлері» фестиваліне6 этномәдени бірлестіктен 6 отбасы қатысты, атап айтсақ, орыс, дүнген, кәріс, өзбек, қарашай-балқар және украин. Қатысушы  топтарға  қойылған негізгі шарт – өз этностарына тән салт-дәстүрді көрсету. Алғашқы кезеңде отбасыар өз-өзін таныстырып өтті. Екіншісінде ұлттық дәстүр құда түсу (сырға салу), күйеубалаға үй көрсету немесе басқа да отбасылық әдет-ғұрпын көрсетті. Ал үшінші кезеңде әр жанұя музыкалық нөмір дайындап, көрермендер назарына ұсынды.

Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша, бірінші орынды «Коре» кәріс этномәдени бірлестігіненКан-Пак-Хегай отбасы иеленді.Екінші орынға  «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің өкілдері Машанло отбасы лайық деп танылды.Ал үздік үштікті «Днепро» украин этномәдени бірлестігінен Клименко отбасы түйіндеді.Іс-шара соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлақтармен марапатталды.