ТАРАЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2017 жылдың 20 қазанында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруда қоғамдық сананың жаңаруының әдістемелік және әлеуметтік-саяси аспектілері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараны Жамбыл облысы Қазастан халқы Ассамблеясы, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Анатолий Башмаков, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиев, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің аға оқытушысы Гүлнәр Қалманова, Алматы облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Индира Альханова, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары және мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, мұғалімдер, магистранттар, білімгерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл жерінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция бірқатар маңызды құжаттар, атап айтсақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4 институционалды реформасын, Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.
Конференция барысында қоғамдық сананы жаңғырту мәтінінде азаматтық бірегейлік негіздерін қалыптастыру; «Мәңгілік Ел» ұлттық идея мәтініндегі жастардың бойында патриоттық тәрбие қалыптастырудағы рөлі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, іс-шарада Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының орта және жоғарғы оқу орындарының мысалында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы тәрбие жұмыстарының тиімділігі, жемқорлыққа қарсы білім беру мәдениетін қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы тіл мәселесі қаралды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі