6

Жамбыл облысының Меркі ауданында «Н.Назарбаевтың қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету» тақырыбы бойынша аймақтық семинар өтті.

Кездесуді  Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Іс-шара модераторы  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова болды.

«Мәңгілік ел» – бір тағдыр, ұлттық идесясымен жалпықазақстандық үй, басты құндылығы –  ел болашағының іргетасы мен бүкіл қазақстандықтарды біріктіру. «Мәңгілік елдің» басты құндылықтары – тәуелсіз Қазақстан мен Астана, ұлттық бірегейлік, біздің қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен жоғарғы руханият, индустрия мен инновация негізінде экономикалық өсім, жалпыға ортақ еңбек қоғамы, ортақ тарих, мәдениет және тіл, ұлттық қауіпсіздік және біздің елдің жалпы әлемдің және өңірлік мәселелерді жаһандық негізде шешу» – деді өз сөзінде П.Мамедова.

Сонымен қатар, қатысушылар алдында өз баяндамаларын Ербол Каншымбеков – «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асырудағы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру», Альбина Тапаева – «Үштілді білім берудің қазақстандық моделі: ерекшеліктері мен келешегі» оқыды.  Ал Асқар Қадырқұлов – «ҚР әлеуметтік саяси саласын жаңғырту негізінде этносаралық қатынастардың құқықтық реттелуі» және Зарина Кулиева – «Қазақстан Республикасы азаматтарының құндылықтарын дамыту, мүдделер ортақтығы және тарихи тағдыры» тақырыптарында  тренигтер жүргізді.