ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАС СУРЕТШІЛЕРМЕН “БІРЛІК – ӘРАЛУАНДЫЛЫҚТА” АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жуалы ауданында «Достық керуені» жобасы аясында жас суретшілер мен қолөнершілер арасында «Бірлік – әралуандылықта» атты байқау өтті.

Байқау ұйымдастырушысы – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ.

Шараға жауапты – аталған мекеменің, яғни, Тараз қалалық Достық үйі Көрме залының жетекшісі – Вера Майкович.

Шараның мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру, Қазақстандағы этностарға қатысты суреттерді салғызу арқылы достықтың, татулық, бірліктің қадірін білуге баулу.

Байқау Балалар және жасөспірімдер орталығында өтті.

Шараға байқау ережесі бойынша мектеп жасындағы – 10-12 жас аралығындағы 15 бала қатысты.

Бейнелеу өнерін көрсету барысында балаларға жұмыстарын кез-келген техникада: кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техникада жасауға ерік берілді. Олардың әрқайсысы өздерінің көңілдері мен шығармашылық интеллектілері қалаған Қазақстан аясындағы бейбітшілік, татулық сияқты тақырыптарда суреттерін салды.

Сайыс соңында жас суретшілерді байқауда өнерлерін ортаға салып, белсенді атсалысқаны үшін Достық үйі Көрме залының жетекшісі Вера Андреевна Майкович «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы атынан алдағы күндеріне сәттілік, амандық тілеп, жас жеткіншек суретшілерге сыйлықтар табыстады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі