Жолдауда жаңа әлеуметтік-экономикалық саясат ұсынылды
2022 жылғы 1 қыркүйекте Тараз қаласында, Достық үйінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден тамашалау өтті.
Кездесуге этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мен ұжымы белсенді қатысты.
Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында айтылған бұл мемлекеттік құжат шынайы қызығушылық тудырды, өйткені онда ел мен қоғамның игілігі үшін болатын өзекті өзгерістер бар.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне арналған.
Салық саласын реформалауға, ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаға, медицина және сот салаларын жаңғыртуға көңіл бөлінуде. Зейнетақы жүйесі, білім беру, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, жастарға қолдау көрсетуге қатысты аспектілер айтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы