ЖАСТАР — ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ БІРЕГЕЙ БЕЙНЕСІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың этносаралық қатынастарды нығайту және ҚХА-ның жоғарғы, орта оқу орындарымен жұмысты күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылғы 16 ақпанда Достық үйінде «Ассамблея жастары» РҚБ, «Қоғамдық келісім» КММ және Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық мемлекеттік университеті бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған бірқатар іс-шараларды өткізді.

Алғашқы іс-шара Достық үйіне экскурсиядан басталды. Оны Көрме залының меңгерушісі Жазира Шелдебаева өткізді.

Қатысушылар мекеменің жұмысы туралы анығырақ біліп, этностардың көрме экспонаттарын тамашалады.

Екінші іс-шара «Бір халық, Бір ел, бір болашақ» деп аталды.

Бұл іс-шара екі алаңда өтті. Бірнші алаңның спикерлері өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейлханов, ректордың кеңесшісі Асқар Абдуалы, ҚХА Ғылыми зерттеу тобының өкілі Парида Мамедова болды.

Екінші алаңның спикерлері — «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Тұрдыева, «Қазақстандық Татар және башқұрт конгресі» РҚБ филиалының жетекшісі Фарида Нақыш.

Спикерлер тарапынан мемлекеттік саясаттың басымдықтары, жаңа, әділ Қазақстанның құрылысы, халық үніне құлақ асатын Мемлекет, этносаралық қатынастар, теңдік пен азаматтық құқықтар, бірлік пен келісімді нығайту, ассамблея тарихы мен жұмысы, медиа сауаттылық, этномедиация және т. б. ҚХА тақырыптары төңірегінде студенттер назарына маңызды ақпараттар берілді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі