Жамбыл облысында этносаралық ахуалдың негізгі аспектілері анықталды
Ағымдағы жылдың 16 наурызында Жамбыл облысы Талас ауданында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті. Бұған қоса, “Этно және конфессияаралық келісім” тобының жетекшісі Альбина Тапаеваның қатысуымен терең сұхбат та өткізілді. Сұхбаттың мақсаты – өңірдегі этносаралық ахуалдың негізгі аспектілерін анықтау.
Іс-шара барысында тұрғылықты этнос өкілдеріне анкета сұрақтары беріліп, аудан мен ауыл округтерінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік-демографиялық хал-ахуал, сонымен бірге, оларға, яғни өзге этнос өкілдеріне қандайда бір жағдайда наразылық тудырушылар, қысым көрсетушілер жөнінде бірнеше сауалдар қойылған. Бұған қоса, Альбина Маратқызы атап айтсак, Талас аудандық ҚХА славяндар, күрділер, кәрістер, түріктер, немістер этномәдени және қоғамдық бірлестіктер мүшелерімен және қазақ этникалық топтарымен жеке-жеке сұхбаттасып, олардың қазіргі сәтте, сондай-ақ келешекте де толғандыратын мәселелері жөнінде пікірлеріне қанық болды. Әңгімелесу сәтінде әр этнос өкілінің тілек-ұсыныстары тыңдалып, құзырлы өкілеттік органдарға жеткізілетіні мәлімденді.
Анкеталық сауалдарға берілген этнос өкілдерінің жауаптарына облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының тарапынан да ден қойылып, мәжілістер ұйымдастырылатындығы және ғылыми зерттеу жүргізу жұмыстары назарға алынатындығы жоспарланды. Осыған орай, алдағы уакытта іс-қимылдар нәтижесі көзделуде.
Бибігүл Шахзада,
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы