Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мұғалімдермен кездесті
2022 жылдың 1 сәуірінде № 24 гимназиясының педагогикалық құрамымен кездесу өтті. Қонақтар арасында – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы “Радонеж” орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин болды.
Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Іс-шараны № 24 гимназияның директоры Марина Гладченко ашып, қонақтарды педагогикалық құраммен, оқу орны жұмысының басым бағыттарымен таныстырды.
Одан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылауға көшті. Кездесуге келген спикерлер еліміздің саяси саласындағы өзгерістер мен орындалуы тиіс міндеттер белгіленген Мемлекеттік құжаттың басты ережелеріне тоқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің
Қоғамдық келісім “КММ
Баспасөз қызметі орталығы