«Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы» этномәдени бірлестігінің Халықаралық әйелдер күніне арнаған музыкалық сыйлығы

2022 жылдың 5 наурызында «Қоғамдық келісім» КММ-де 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ұйымдастырушылар — Жамбыл облысының Немістер қоғамы болды. Бағдарламада адамзаттың әдемі жаратылысы – әйелдер қауымына арналған түрлі көңіл көтерер ізгі құттықтаулар мен әзіл-оспақтар көп болды.

Концерттік бағдарлама вокалдық және хореографиялық нөмірлерден тұрды. «Инфинити» хореографиялық тобы «Қара жорға», «Масалар»билерін орындады. «Эремурс» хореографиялық тобының орындауындағы «Түнгі Верона патшалары» биі  көрермендерді  ерекше тамсандырды.

Сондай-ақ, вокалдық нөмірлер де жиналған қауымның жүрегіне жол тауып жатты. Мәселен, «Juwel» тобының орындауында «Анама 8-наурызға», «Federkleid», «Danke», «Мені сүй» әндері, «Singende Herzen» тобы көрермендерді «Уақыты келеді», «Es zogen auf sonnlge wegen», «Wo die Nordseewellen», «Тум балалайка» әндері және Илья Филипповтың орындауында ««Ягода-малинка» әні тамаша шырқалып, шараның шырайын кіргізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы