Халық қаһарманы» БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ Достық үйінде
Тараздағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ҚР «Халық Қаһарманы», «Алтын Жұлдыз» белгісі «Отан» және «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Бақытжан Ертайұлы Ертаевпен облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің кездесуі өтті.
Аталған кездесуге облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастарының» мүшелері қатысты.
Жиын Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, модератор Мүбарак Қасымқызы Жинақбаеваның сөзімен басталды. Мекеме басшысы өз сөзінде облыс этномәдени бірлестіктерінің тату-тәтті күн кешіп, қоғамдық жұмыстарға, ел игілі жолында аянбай еңбек етіп жатқанын және халық санының жиырма миллионға жеткенін тілге тиек етті.
Кездесу барысында Б. Ертаев ҚХА атқарып жатқан игі істері, Отан алдындағы әрбір азаматтың борышы, еліміздің жастары туралы өз пікірін баса айтты. Батырлардың елмен, жастармен бірге болуы керектігін, бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті қалыптастыру үшін маңызды әрі құнды екеніне де ерекше тоқталды.
Осы орайда этномәдени бірлестік жетекшілері өз ой-пікірлерін ортаға салып, батырмен емен-жарқын әңгімелесті.
Кездесу Бақытжан Ертайұлына алғыс білдіріп, естелік суретке түсумен аяқталды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі