ТАЗАLIKE FEST
19 наурыз — Наурызнама онкүндігінің «Жаңару күні». Атаулы күнге орай, Тараз металлургия зауыты «ТАЗАLIKE FEST» тал егу акциясын өткізді.
Тараз табиғатын түрлендіріп, көгалдандыруға өңірлік «Ассамблея жастары» бірлестік өкілдері де белсене атсалысты.
Акция Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің алғы сөзімен бастау алып, жастардың 1000 түп тал дарақтарын отырғызуға ұласты.