ТАРАЗДАҒЫ ТАТАР ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ФЕСТИВАЛІ

Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тараздағы татар ұлттық тағамдары» фестивалі өтті.

Татар этносы өкілдері өздерінің озық дәстүрлері мен тағамдарын, ата тарихтарынан жеткен асыл мұраларын жас ұрпақтарына дәріптеп, насихаттады. Мұндай шаралар елімізді мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайтады.

Заманауи гуманитарлық-техникалық колледж базасында өткен шараны «Қазақстан Татарлар мен башқұрттардың конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалының жетекшісі, осы оқу орнының директоры Фарида Нақыш жүргізді.

Гастрономиялық фестиваль этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті. Көрермендер алдында жас таланттар татар, өзбек, қазақ билерін биледі. Вокалдық нөмірлер де болды.

Іс-шара этникалық асхананың аспаздық шеберлігімен дәм татумен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі