ШУДА АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облысы Шу ауданында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ерлік көрсеткен жандарға құрмет көрсетуге түрлі этностар мен облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері келді.

Жиын барысында сөз сөйлеген Шу аудандық «Пироз» күрд этномәдени орталығының төрайымы Фатима Хасанова «Біз Қазақстанда бір үлкен отбасы сияқты өмір сүріп жатырмыз. Жыл сайын облыстағы этномәдени бірлестіктер іс-шараларға бірауыздан қатысады. Біздің Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы әскери қызметшілеріміз өздерінің әскери борышын абыроймен атқарды. Мұны ұмытуға болмайды, бұл туралы жас ұрпақ білуі керек », – деді.

Шара соңында жиналғандар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі