Entries by Администратор

Талдықорған қаласында «Мәдениеттер калейдоскобы» атты Тараз және Алматы облыстары этномәдени бірлестіктерінің өңіраралық туры өтті

Ағымдағы жылдың  қыркүйегінде Талдықорған қаласы «Достық үйінде» Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастыруымен  этномәдени бірлестіктер арасында «Мәдениеттер калейдоскобы» атты Жамбыл және Алматы облыстарының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  штабы мүшелерінің қатысуымен  өңіраралық тур өтті. Екі облыс жастарының кездесу туры  олардың бойында біртұтас ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этникасын дәріптеуге, сондай-ақ Қазақстан […]

«Жамбылым-жер жаннатым» атты үздік эссе байқауы өтті

2019 жылдың  28 қантарында облыс әкімі бекіткен  іс-шаралар жоспарының 26 тармағына  сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында,Жамбыл облысының  80– жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе байқауы өтті. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған байқауға аймақтың жоғарғы оқу орындары […]

«Берекелі шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурызда №511 жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген болатын. Отбасы күніне орай Жамбыл облысы ҚХА қолдауымен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «2019- Жастар жылы» негізінде  облыстық этномәдени бірлестік жас отбасыларының  арасында  «Берекелі шаңырақ» атты  семинар-тренинг […]

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар мен ғалымдар арасындағы облыстық үздік ғылыми жобалар байқауын өткізу жоспарланған

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар мен ғалымдар арасындағы облыстық үздік ғылыми жобалар байқауын өткізу жоспарланған. Байқауға облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары қатыса алады. Байқау шарттары қосымшада берілген. Байқауға қатысу туралы өтінімді, 2019 жылдың 25 қыркүйегіне дейін мекеменің ғылыми-сараптамалық […]

Өңірдегі этнос өкілдері қазақ тілінде диктант жазды

Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында  Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде ашық диктант өтті. Диктантқа барлығы 68  адам қатысты.Олардың басым көпшілігі өзге этнос өкілдерінен, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер және мектеп оқушылары жаңа әліпби бойынша сауаттылықтарын тексерді. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан […]

Бірыңғай күннің шеңберінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауын  қолдауға  бағытталған  Бірыңғай күннің шеңберінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен басшылары, ҚХА мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері, Жамбыл облысының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО оқытушылары мен студенттері және  БАҚ өкілдері қатысты. Модераторлық тізгінді өз қолына […]

Тіл – татулық тірегі

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыстағы белсенді жастар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық жастар форумы өткізілді. Форумға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Ақ желкен» жастар лигасы  және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, өңірлік этнос өкілдерінің  жас буын өкілдері, тіл жанашырлары, […]

Ел дамуын айқындайтын жаңа қадам

Жамбыл облыстық ҚХА Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаеваның ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына байланысты пікірі. 2019 жылдың қыркүйек айы жаңа серпінмен бастау алды. Жаңа парламенттік маусымның басталуымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті халыққа «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы Жолдауда  бес маңызды қадамды […]

Өңірлік этнос өкілдері Жолдауға қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау жолдаған болатын. Осыған орай, ағымдағы жылдың  қыркүйегінде Жолдауды  қолдап және насихаттау, талдау мақсатында өңірлік этнос өкілдерінің, Аналар, ақсақалдар, ардагерлер кеңестерінің мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасы және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділерінің қатысуымен қаламыздағы Достық үйінде кең көлемді дөңгелек үстел өтті. […]

Казақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты Жамбыл облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктер өкілдерінің пікірлері

1. «Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдрахман Юлдашұлы: Нынешнее Послание Президента Касым-Жомарта Токаева, это новое руководство к действию для нас -для казахстанцев, оно дает не только заботу о казахстанском народе, прослушано не только отчет как за прошлое, в нем Президент четко отразил все интересы нашего народа, начиная  из пенсионных выплат и […]