Келешегіміз кемел елміз
Соңғы кездері «Жаңа Қазақстан» сөзі халық арасында кеңінен тарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанның мағынасын ашып айтып берді. «Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен елдің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз!»- деді Ол. Айтқаны орындалсын Мемлекет басшысының! Біз, Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер қауымдастығының өкілдері ел Президентінің барлық жаңа реформалары мен халықтың әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы ойларына зор құрметпен қараймыз. Көпұлтты Қазақстанымыздың, оның ішінде Ассамблеяның алдағы уақытта атқарар мақсат-міндеттерін, депутаттар санының қысқаруы іспеттес біраз іс-қимылдарды айшықтап берген көшбасшымыздың «Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігіміз бен бірлігімізді сақтап қалуға, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайтуға, елімізді трансформациялауға көңіл бөлуге тиіспіз. Бұл – біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз» деген ойлары халық ішіндегі біраз адамдарымыздың «Қазақстан халқы ассамблеясын жабу керек!» деген кері пікірлеріне айтылған нақты жауабындай болды. Бір елміз, қазақ елі ұлт пен ұлысқа бөлінбесе, өзге ұлттар ішінара өз ішінде алауыздыққа бармаса екен деген тілек-ниет бар. Бірлігіміз бекем болсын сондықтан!
Сенімді қадамдар жасай білетін көшбасшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауында айтылған үш бірдей облыстың пайда болуы да халықтың көңілінен шыға білді. Қайсыбір істі бастауға үлкен ерік-жігер, қажыр-қайрат керек. Сонда ғана ісің оңды болып, жұрт алдындағы қағидаң айқын, жүзің жарқын болады. Осындай қайсар да парасатты мінез бойыңнан табылса ғана ҚАЛА сала аласың, халықтың санасын алдыға жетелейсің, жаңашылдық үрдістің отын жағасың. Осындай асыл қасиеттерді бір бойына жинаған адам ғана әлемді мойындатқан Жаңа Қазақстанды құра алады. Бір үйдің баласындай Президентті қолдап, Жаңа еліміздің іргетасын жаңа қарқынмен бірге қалайық!
Хано Абдуллаұлы Бабаев, ҚХА мүшесі,
Жамбыл облыстық «Барбанг»
күрділер қауымдастығының төрағасы