Фокус-топтық зерттеулер
2022 жылғы 14 наурыздан 2 сәуірге дейін қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатқа, Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық ахуалдың жай-күйін, динамикасын және әсер ету факторларын зерделеу мақсатында, «Жамбыл облысындағы этносаралық ахуалдың бірыңғай әлеуметтік мониторингі» жобасын іске асыру бойынша өңірдің 10 ауданында 2022 жылғы 1 тоқсанға практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімі әдістемелік бөліммен бірлесіп, әлеуметтік сауалнамалар және фокус-топтық зерттеулер жүргізді.
Жергілікті жерлерде тұрғындардың қатысуымен «Жамбыл облысындағы этносаралық жағдай» тақырыбында 91 адамды қамтитын 9 фокус-топ ұйымдастырылды және 1000 респондентке сауалнама жүргізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы