ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 2 қазаны күні ZOOM платформасында Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы этномедиация мамандарының жиыны өтті.

Онда өңірлік этномедиация кеңесінің құрамын қайта қарау бойынша ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, жиын қатысушыларына кеңестің құрамы, қызмет бағыты бойынша нұсқаулар беріліп, этномедиация үйлестірушілерінің тәжірибелік қызметінде кездесетін мәселелер бойынша ұсыныстар жасалды.

Шарада ҚХА этномедиация мәселесінің үйлестірушілері, ҚР Президент аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Инара Раһимзаде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Нариман Абдрахманов, республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Талшын Италиева еліміздегі медиация институтының маңыздылығы туралы мәлімдеді.

Онлайн кездесуге қатысушылар қатарында этносаралық қатынастар мәселелері бөлімінің басшысы Талғат Тойшыбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараттық жұмыс және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева бар.