“Егемен Қазақстан” газетімізде Елбасы
Бүгін республикалық танымал баспалардың бірі – “Егемен Қазақстан” газетімізде Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздік тағылымы” атты мақаласы жарық көрді. Мақала менің қазақша түсіну деңгейім бойынша ашық түрде жазылған. Қазақ елінің жеке дербес мемлекет атанып, тәуелсіздікке дейін жету жолында каншама қиын-қыстаудан өткені жақсы жазылған. Егемендікке жеткеннен кейін де ел жағдайының көтерілуі мен дамуына қыруар еңбек, күш-қуат жұмсалғанын Елбасы осы мақаласында атап көрсетеді. Қай ой толғанысын алып карасам да, ұлтына қарамастан халқының тек бірлік пен келісім, бейбітшілікте өмір сүруін көздеген көшбасшы Қазақ халқын бүкіл әлемге мәдениеті, тарихы, өркениеті арқылы танытып, мойындатқан екен, өзіндік саясаты көреген, мыкты болған. “Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады. Осының қадірін білуіміз керек. «Бірлігі бар ел озады», – дейді дана халқымыз”,- деп сындарлы саясат ұстанып келген Елбасымыз аман- есен болсын! Күш-жігері сембесін! Жас ұрпақ тәуелсіздіктің қандай қанмен, қандай күшпен келгенін біліп өскені абзал. Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жетекшісі ретінде осы бала тәрбиесі жағынан жастарға бар ұлағатты тәрбиемізді беруге бар күшімізді саламыз!
Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна