БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕЛІК
Бүгін, Тараз қаласында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-де «Болашақ үшін естелік» тақырыбында іс-шара өтті.
Оған ҚХА өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Алғашқы сөз кезегі «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызына берілді.
Іс-шараның модераторы – ҚХА Ғылыми- сараптамалық топ мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры,Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының директоры – Сейдахан Бахторазов болды.
Дөңгелек үстел барысында Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры, Қуғын-сүргінге ұшырағандардың санаттары бойынша Жамбыл облысы өңірлік комиссиясының жұмыс тобының мүшесі – Қуаныш Дәурембеков «Саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық, саяси науқандар мен аштық кезіндегі Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындарды, дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобының 2023 жылға іс-сапар кестесі» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ «Қарашайлар мен балқарлардың – Бірлік» Архыз республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалының жетекшісі – Леля Узденова «Депортация карачево-балкарского народа 1943-1944 гг» тақырыбында сөз сөйледі.
Жамбыл облыстық «Коре» Корейлер қауымдастығының атқарушы хатшысы- Светлана Ким «Казахстан- земля и крыша репрессированного корейского народа» тақырыбында баяндады.
Облыстық Немістер қоғамдық бірлестігінің этномәдени жұмыстарын үйлестірушісі- Евгения Кобер «Репрессия немецкого народа в Казахстан» тақырыбын қорғады.
Сонымен бірге, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география » кафедрасының аға оқытушысы – Дана Мадибаева «Аштық тауқыметі» тақырыбында баяндамасын ұсынды.
Іс-шараға қатысқан студенттер атаулы күнге байланысты поэтикалық шығармалар оқыды.
Шара соңында өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдерінің арасынан баяндамашыларға сыйлықтар табыс етілді.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі