«БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ» ТЕАТРЛАНДЫ

Достық үйінде Алғыс айту күнін мерекелеу кезінде көрермендер Қазақстан Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы желісінде театрландырылған қойылымын тамашалады. Спектакль Қазақстандағы ең ауыр және зұлмат жылдары мәжбүрлі түрде қоныс аударушыларды қазақ халқының қалай қабылдағаны туралы көрсетілді.

Бұл қойылымды көрермендер назарына түрлі этностардың балалары, жастарынан жуырда құрылған – «Достық» жастар театры ұсынды.

Қойылым режиссер-өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының өкілі Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан. Режиссер өзі қойылымда Ахмет атты кейіпкердің рөлін сомдады. Қойылым өте әсерлі, орындаушы кейіпкерлер рөлдерінің шынайылығын толық жеткізе алғандықтан көрермендерге ерекше әсер етті.