БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған игі іс-шаралар жалғасуда.

Бүгін, «Қазақстан татарлары мен башқұрттарының құрылтайы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрайымы Фарида Нақыштың және Тараз қаласындағы заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің атсалысуымен №7 мектеп-гимназиясында мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш мектептің жаздық лагеріндегі оқушыларға сыйлық ретінде түрлі спорттық ойындарға арналған жабдықтар табысталды.

Жаздық демалыстарының тиімді әрі пайдалы өтуі үшін сыйға тартылған сыйлықтарға ие болған оқушылардың жүздері қуанышқа толды.

Іс-шара шағын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Шара соңында оқушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі