АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Бүгінгі таңда этносаралық қақтығысты болдырмау және алдын-алу шараларын жүргізу басты назарға алынып отырған жайттардың бірі екені белгілі. Татулық пен тұрақтылықты бірінші орынға қою арқылы дау-дамайлардың,шиеленістердің алдын алуға болады. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыс, төгіліп жатқан тер де көп.
Осыған орай, Қоғамдық келісім» КММ-де (Достық үйі) Жамбыл облысы, Тараз қаласы өзбек қауымы Мәжілісінің жалпы жиналысы өтті. Аталмыш бірлестік азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өкілдері тікелей байланыс орнатып,сауалдарына жауап алды.
Жиын барысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және ҚХА хатшысы Сержан Сапарбайұлы өңіріміздегі ахуал бойынша этносқа бөліну және алалаушылықтың жоқ екендігін нақты кесіп айтты. Тұрмыстық жағдайда орын алатын шиеленістердің де шешімі бар екендігін де алға тартты.
Сондай-ақ жиын спикерлері қатарында:
–Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әлімбаев Біржан Кеңесбайұлы;
– Тараз қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қойкенов Мергенбай Бірлікұлы;
–Тараз қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығы Керебаев Нұржан Серікұлы;
– Тараз қаласы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы Танабаев Бауыржан Маратұлы;
–Тараз қаласы билер кеңесінің төрағасы Досымбеков Сатыбалды;
–«Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы болды.
Іс-шара екі бөлімді қамтыды. Бірінші бөлім азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы диалог түрінде өтті. Жоғарыда аталған баяндамашылардың баяндамалары бірлік пен келісімді нығайту, шиеленісті жағдайлардың алдын алу,бейбітшілікті сақтау мәселелеріне арналды. Іс-шараға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
Екінші бөлімде «Тараз қаласының өзбек орталығы» ҚБ басшысы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич өткен 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Одан әрі 2023 жылға арналған ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар жоспары бекітілді. Жиын соңында өзбек қоғамдастығы ішіндегі істер, өзекті мәселелер мен олардың шешімі талқыланды.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы