Азаматтардың амандығы маңызды

Елімізде орын алып жатқан табиғи апат барша қазақстандықтарды елең еткізді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап Үндеу жариялап, алдағы ахуалға алаң болған жұрттың көкейіндегі сан сауалға нақты жауап берді. Президенттің айтуынша Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салып жатыр. Сондай-ақ, мұндай ауқымды апат соңғы 80 жылдан бергі ең ірісі болып отыр. Қазіргі күні еліміздегі 10 аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тосыннан келген табиғи апаттан жапа шеккен тұрғындардың тарықпауы жіті назарда болатындығы да баса айтылды. Ел Президенті жағдай өте күрделі болса да, қиындыққа мойымай, ел болып еңсеретінімізді айтып, бастысы азаматтарымыздың амандығы маңызды екенін атап өтті.

 

Жалил Аббосов, Жамбыл облысы Түрік этномәдени бірлестігінің төраға