Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі
«Ассамблея жастары» – «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» атты I Республикалық слетіне Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ басшысы Хамида Тұрдыева мен оның орынбасарлары Хабиб Әлиев пен Артур Лигостаев делегаттар ретінде қатысып қайтты.
Іс-шара Алматы облысы, Қонаев қаласында өтті. Слет өзекті мәселелерді талқылауға және өңір тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін форматта өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың және ҚР Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиевтің қатысуымен өткен отырыс барысында «Ассамблея Жастары» РҚБ одан әрі даму перспективасы талқыланды. Сондай-ақ, тарихты жаңа форматта зерделеу туралы айтылып, Қонаев қаласын «Тәлімгер» республикалық менторлық жобасы бойынша дамыту туралы креативті идеялар платформасын құру ұсынылды. Қатысушылар алдында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев, Алматы облысының «Ассамблея жастары» төрайымы Руфина Усанова және т.б. сөз сөйледі.
Слет барысында қатысушылар тарихи көрікті жерлермен танысып, Қонаев атындағы және «Ретро машина» мұражайларын аралады, өңірдің ең көрікті жерлері – Көлсай көлдері, Қайыңды мен Шарын шатқалының табиғатын тамашалады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы