АССАМБЛЕЯ БӨБЕКТЕРІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатуда «Әжемнің ертегісі» және «Ассамблея бөбектері» жобасының берері мол.
Достық үйінде өтіп жатқан мерекелік шаралар легі қарсаңында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев пен қатысушы қонақтар «Алтын шаңырақ» алаңшасында «Ассамблея бөбектерінің» қойылымын тамашалады.
Тараздағы №17 «Балбөбек» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндеріне облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында татулық, достық тақырыбында ертегілер айтып берді.
Өз кезегінде бүлдіршіндер де Алғыс айту күніне орай Отанына, ұстаздарына, ата-аналарына арнап алғыс айтып, құттықтауларын жолдады.