АНАЛАР КЕҢЕСІ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ
Жамбыл облысында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің балалар мекемелеріне баруы дәстүрге айналған. Олар әрдайым өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен кездесіп, туған күн иелерін құттықтайды.
Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің белсенді өкілі Аракси Плетнева, «Полонез» Поляк этномәдени бірлестігінің жетекшісі Лариса Калькова, Жамбыл облысы бойынша Орталық медициналық-құтқару қызметінің құтқарушылары, басшылары Бахытжан Макулбековпен бірлесе өмірлік қиын жағдайға тап болған, қамқорлықсыз қалған балаларды қолдау орталығына барып, «Айналайын» жобасы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Бұл жолы олар балаларға сыйлықтармен және «Сиқырлы көбік шоуы» атты бағдарламасын ұсынды.
Мұндай іс-шаралар қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың маңызды қадамы болып табылады.