Таразда «Ізгілік айы» акциясы басталды
Ізгіліктің исі аңқитын айлардың сұлтаны рамазан айында жыл айналып қайта келді. Қасиетті ай адам бойындағы қадірі мен қасиетін жанып, жаман әдеттерден тиылып, жарқын өмірге қадам бастыратын ең қайырлы уақыт. Қайырымдылық шараларының бастауы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен басталды.
Рамазан айының құрметіне орай, өңіріміздегі Достық үйінде «Қайырымды істер» марафоны жобасының аясында «Ізгілік айы» акциясының алғашқы қайырымдылық іс-шарасы өтті. Қасиетті айда «Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігінің» қолдауымен және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созды. Қайырымдылық шара барысында 20 отбасыға бір күндік ифтарға арналған арнайы азық-түлік толтырылған жәшіктерді Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған кеңес мүшелері таратты.
Осы орайда қайырымдылық шарасына ерекше дем берген Лола Давлатова мен Матьлюба Сайтахунова жиылған жұршылық алдында өздерінің жылы лебіздерін де бөлісе кетті.
«Жақсылық жан шуағы демекші, келгендеріңізге мың алғыс! Қайырымдылық – асыл қасиет! Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің дейді қазақ халқы. Адамға қол ұшын беру, жанашырлық таныту, көмек көрсетіп қолдау жақсылыққа жатады. Бүгінгі кішкентай болса да көмегіміз таза пейілмен, шын жүректен жасалған игі іс. Осындай көмек әрі, қарай да жалғасын тапса деген ойдамыз,» – деп атап өтті Тәжік этномәдени бірлестігінің төрайымы Лола Давлатова.
Жамбыл облысы әкімдігінің
Ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы