Әлемді бірлік құтқарады
Әлем халықтарын алаңдатып отырған пандемия біздің елді айналып өткен жоқ. Көліктер жүрмейді, ұшақтар ұшпайды, адамзат тіпті жақын-жуығымен қатынаспайды. Планетаны дүрліктірген індетті бүгінде 1,4 миллионнан астам жұқтырып алса, ондаған мың адам осы дерт салдарынан көз жұмған.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің арасында алғашқылардың бір болып кіріскендігі туралы өз мақаласын жариялаған екен. Мақаламен толыққанды таныса отыра ауыр індеттің зардабы қабырғамызға аяздай батып тұрсада оған ел болып жеңетінімізге сенімділігім арта түсті. Әрине бұл күндердің де өтетіні ақиқат қой. Алайда, осы дерттің салдарынан қаншама бауырларымыз жап шегіп жатыр. Қайта дер кезінде атқарылып жатқан тиісті сақтандыру шараларының арқасында әлемнің кей елдерінен қарағанда біздегі жағдай бір қалыпты екені белгілі. Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы арқылы біз өз еліміз бен жерімізді аман сақтау арқылы әлемді құтқаратынымызға тағы бір мәрте көз жетті.
Еліміздің бүгінгі бейбіт күні уысымызға оңай олжа болып түспенгені анық. Қазақстан қазіргідей бірігу мен бірлесуге негізделген саясатын ұзақ жылғы еңбек пен Елбасының мықты саясаткерлік қабілетінің арқасында қалыптастырған. Мақаланы оқи отырып болашақ үшін, алда күтіп тұрған алмағайып замандардың сын сағатында сынбай керісінше еңсеру үшін қаншама игі істердің атқарылғанына тағы бір мәрте илансам, жүзеге асқан сындарлы саясаттың жемісін көріп отырғанымызды бүгінгідей уақытта расымен өмірдің өзі дәлелдегендей. Сондай-ақ Елбасы мақалсаында Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» нақты жазылғанын тілге тиек еткен. Бұл нені аңғартады. Бұл қандай жағдайда да еліміз үшін әрбір адамның саулығы мен салауатты өмірінің бірінші орында тұрғанын аңғартады. Әлемге ауыр батпандай батып тұрған індетті тек халқымыздың төзімділігі, ерік –жігері және өзіне деген зор сенімнің арқасында алып шығатынымыз, ол үшін бізге қажетті қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық – түліктің жеткілікті әрі оғана абыржып, алаңдаудың еш себебі жоқ екендігі де мақалада ерекше айтылған. Сонымен қатар әрбір жан өзінің және отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жауапкершілік қарау керектігі айтылған. Себебі әрбір отбасы – халықтың, ал халық мемлекеттің басты негізі. Елбасы мақаласында ел бірлігі мен берекесі туралы баса айтты. Біздің алуандығымыз – бәсекелі және жаһандық әлемдегі баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз.
Мақала барысында Елбасы өз сөзін үш топқа жіктеп айтқан. Бірінші топ аға ұрпақ, зиялы қауымға халықты ынтымақ – бірлікке және сабырлыққа шақырыңдар, жзастардың еңбекке, білімге құштарлыққа, қатарының алды болуға үндеңдер деген. Себебі бұл ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз бізді осыған міндеттейтінін еске салған. Екінші топ жаңа өскін жас ұрпақ. Тұңғыш Президенттің келесі айтылған сөзі болашақ ұрпағымызға бағытталған. Оларға «Еліміздің ең қуатты күші өздеріңсіңдер» деді. Саналы адамға мына сөз әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Бұдан өзге оларға аға буынның ұрпақ үшін аянбай еңбек еткендері, кезек өздерінде екендері әрі жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренулері керек екендері, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп бауырмал болу басты міндеттеріекені айтылды. Ал үшінші топ кәсіпкерлер. Оларға «Мен еліме не беремін» дейітін сын сағатьтың туғандығы айтылды. Расымен кәсіпкер жандардың халыққа көмек қолын созатын дәл уақыты. Әрине жомарт жандар баршылық. Олардың шарапатында көріп жатырмыз. Деген осы үрдістің жалғасқаны керек. Әрі бұл үрдістің жалғасатына Елбасыда ерекше сенімділік танытқан. «Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерлде ғана игілік пен ізгілі қатар өркен жаяды»- дейді Елбасымыз. Сонда-ақ мақалада дәл қазіргі уақытта бірде-бір адамның мемлекет қамқорлығынсыз қалмайтыны айтылған.
Міне, елін сүйген, халқын аялаған, сын сағатта халықтың қасынан табылған ер осындай болмақ. Елбасы мақаласын оқыған әрібір жанның көкейіндегі күдік сейіліп, сенімділігі артады, тек бүгінгі таңдағы жағдайда ғана емес кез-келген уақытта көңілдеріне медеу болатынына кәміл сенімдімін.
Муминов Бахром Тоқтасынович
«Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы