Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНІЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

2015 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға этномәдени бірлестік өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты. Саябақ, мерекелік алаң шараға сай безендірілді.

Мерекелік кешті «Достар» квартеті Нұрлан Ерімбеттің сөзіне жазылған Бақдәулет Бейсебаевтың «Ел басы» әнімен ашты. Сахнада ұлттық нақышта киінген, Ассамблея мүшелері «Қазақстан» әнін орындап, жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. «Ақ кербез» би ансамбілі «Достық биін» биледі.

Сахна төрінде бейне материал негізінде соғыс ардагерлерінің құттықтауы ұсынылғаннан кейін, оңтүстік өңірлік әскерлерінің үрмелі аспаптар оркестірі соғыс уақытындағы әндерден попури орындады.

Сондай-ақ, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін әнші Жанат Қадіров және «Кәусар» вокалдық тобы орындады. Мәлік Ақүрпековтың «Туған жер» әнін әншілер Қайсар Көкішов пен Әлішер Балтаев әулеті шырқады. Жастар флешмобы назарға тартылған концертте «Кәусар» вокалдық тобы композитор Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін орындап, мерекелік от шашу ұйымдастырылды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *