Рождество – жарқын мереке
Жаңа жылдың алашқы күндерінде тойланатын, христиан әлемінің басты мерекесі — Рождество. Әлемнің 145 мемлекетінде тойланатын бұл мейрам православтар мен католиктердің қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы ерекеше күндері. Аталған бұл мерекелік күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларда шоқынумен өткізеді.
Осыдан екі мың жыл бұрын басталған Рождество мейрамының тарихы Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен бастау алған. Міне, содан бері христиан дінін ұстанушылар бұл мерекені 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Аталған күннің басты ерекшелігі әр үйдің төрінде орын алатын әсем безендірілген шырша, халықтың жақын – жұрағаттарына серуендеп сыйлықтар беруі, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен түрлі карнавалдар. Рождество мерекесін – католиктер 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Ал, батыс елдері бұл мерекені отбасы мерекесі деп есептейді.
Аталған мереке, Жамбыл облысы аймағында да ескерусіз қалмады. Облыстық ассамблеяның қолдап, «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ «Рождество» мерекесі аталып өтті.
Аталған мерекелік кештің басты мақсаты, келер ұрпақты ізгілік пен мейірімділікке бағыттау, оларға өз салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын насихаттау.
Шара басы Тараз қаласындағы Покров ғибадатханасының бастығы Димитрийдің шіркеу хорымен басталды. Кеш барысы «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерінің өнер көрсетуімен жалғасты. Концертте Елена Дубровская, Михина Валерия, Диляра Сорокина, Лилия және Александра Новичковалар, Андрей Власов, Андрей Фирсов, кештің ең жас қатысушысы Ксения Зайцева және «Гармоня» вокалдық квартеттері ән салса, Ярёменко София және Қуанышбай Есіркегенов орыс халқының белгілі ақындарының атаулы мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Сондай-ақ, кеш барысында орыс халықының аспаптарынан құрылған «Русский наигрыш», «Сельский найгрыш» оркестрлары, Владимир Сорокиннің жетекшілігімен «Калинка», «Днипро» украин этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелерінен құрылған «Маричка», «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хорлары және «Жас дәурен» үлгілі хареографиялық би ансамблі, «Эдельвейс» заманауи би тобы өнер көрсетті.
Концерт барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы және облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева осынау жарқын мерекемен барша жиылған жұртшылықты құттықтады: «Раждество мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Аталған мереке мұсылмандар қауымында «Құбан айт» мерекесімен ұқсас келеді. Осынау жарқын мереке отбасыларыңызға береке мен бірлік, қуаныш пен шаттық сыйласын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ал, бүгінгі «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған кеш баршаларыңызға ерекше көңіл – күй сыйлады деп ойлаймын.»
Құттықтау сөзінен кейін Маржан Төреғұлқызы «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттады.
«Рождество» мерекесіне арналған кештің соңы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан бірлестік мүшелеріне алыс хаттар таратумен аяқталды.
Дәл осы күні, Қордай ауданында «Рождество» мерекесіне арнап «Соседушки» фольклорлық ән ансамблі кеш берді. Кеште Станислав Насыров, Любовь Лебедина, Лариса Бабешко, Светлана Османова, Виктор Ильницкий, Анатолий Бабешко және «Ромашка» балалар вокалдық тобы ән салды. Сондай-ақ, «Рассвет» халық аспаптарыннан құрылған ансамблі және «Аққу» би тобы өнер көрсетті.
Айта кетейік, 2019 жыл “Соседушки” халықтық фольклорлық ән ансамблі үшін мерейтой жылы болып табылады. Бұл өнер ұжымы аудан сахнасы және одан тыс жерлерде өз көрермендерін қуантып келе жатқанына 20 жыл толуда.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі